Ел басының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы талқыланған облыс активінде сөйлеген сөзі

Құрметті активке қатысушылар!

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойынан кейін ел тарихының екінші ширек ғасыры үлкен өзгерістермен басталды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамды модернизациялауды жіктеп берді.

Біріншіден, Елбасы тікелей эфирде халық алдына шығып, саяси реформа туралы Үндеуін жариялады. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң қоғам талқысынан өтіп, жариялы түрде қол қойылды. Бұл сәтті саяси модернизацияның басталу кезеңі деуге негіз бар.

Екіншіден, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жария етті. Биылғы Жолдау арқылы Экономикалық модернизацияны жүзеге асырудың негізгі бағыттары айқындалды.

Үшінші кезек рухани-мәдени саладағы модернизацияға келді. ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Рухани сілкініске жол сілтеуші бағдар болды.
Жаһандану заманында әрбір ұлттың өзін өзі тануға ұмтылуы – заңдылық.

Бұл құжат – өткенмен сабақтаса жаңашылдыққа бастайтын жол.

Елбасы жаңа ғасырдағы ұлттық санамызды жаңғыртудағы бірнеше бағыттарды атап өтті. Онда бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, еліміздің революциялық емес, эволюциялық жолмен дамуы, сананың ашықтығы сөз етілді.
Сонымен қатар сананың жаңаруы жолында таяу жылдардағы негізгі міндеттерге тоқталды.

Бұл қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын және «Туған жер» бағдарламасын қолға алу, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобаларын іске асыру секілді нақты тапсырмалар берілді.

Елбасы модернизация ұлттық санадан, яғни өзімізден басталу керектігін айқындады. Рухани жаңғыру, заманауи сананы қалыптастыру және озық білімді игеру арқылы ғана инновациялық, технологиялық, экономикалық модернизацияға қол жеткіземіз.

Жарқын болашағымыз, ұлт ертеңі – интеллектуалды әлеуетпен тікелей байланысты. Ал оның діңгегі – БІЛІМ.
«Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп атап өтті Елбасы.

Сонымен қатар «Ұлтқа қызмет ету тек білімнен емес, мінезден» деп тура бір ғасыр бұрын Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов айтқандай, Мемлекет басшысы ҰЛТТЫҚ РУХ мәселесіне ерекше тоқталды. Бұл – ұлттық сана-сезім мен болмысты жаңғырту, көкжиегін кеңейту.
Білім мен ұлттық рух ұштаса келе модернизацияны жеделдетеді.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan