Құрметті облыс активіне қатысушылар!

Облыс әкімі А.С.Көлгіновтің

облыс активіндегі баяндамасы

7 наурыз, сағ. 10:00.

 

 

Құрметті облыс активіне қатысушылар!

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталары мен Үкіметтің бірлескен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жариялады.

Үндеу әлеуметтік бастамалардан тұрғаннан кейін ел тұрғындары арасында кеңінен қолдау табуда. Біздің өңір тұрғындары да жылы шыраймен қабылдады.

Елбасы әлеуметтік 5 бастамасын жүзеге асыру жолдары мен тетіктерін айшықтап берді. Бұл игілікті істердің барлығы да осы уақытқа дейін қол жеткізген бірлігіміз бен тұтастығымыздың нәтижесінде жүзеге асып отырғанын атап өтті. Алғыс айту күніне орай әрбір қазақстандыққа шынайы ризашылығын жеткізді. Өзге ұлт өкілдерінің 4 өңірде қазақтарға алғысы ретінде монумент орнатқанын айтып өткен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Батыс Қазақстан облысын да ерекше атап өтті. Бұл – біз үшін зор мақтаныш.

 

Ақжайық өңірін мекендейтін әрбір этнос өкілі татулық пен достықтың қадірін терең түсінеді. Осы шынайы сыйластығымыздың арқасында көптеген жетістіктерге жетіп келеміз. Есептік кездесуде сіздер биылғы жылы Елбасы Жолдауынан тауындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қолға алынатын жоспарлармен де етене таныстыңыздар. Мемлекет басшысы өзінің «Әлеуметтік 5 бастамасы» арқылы тағы да тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

 

Уважаемые участники актива!

5 президентских инициатив – это путь к утверждению социального государства. Безусловно, инициативы главы государства повысят благосостояние всех казахстанцев, даст мощный импульс развитию государства.

Стратегический документ имеет мультипликативный эффект, который влияет на экономическое развитие страны, реализацию социальной модернизации.

Социальные инициативы Президента обозначают конкретные механизмы решения проблем, выступают интегратором модернизации общественного сознания и инфраструктурных проектов.  

Президенттің сөзімен айтар болсақ, «Бұл – елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар, оптимистік жоба». Өңіріміздің экономикалық дамуына тың серпін беретін осы бастамалар аясында облыста атқарылатын жұмыстардың бірқатарын атап өтуге рұқсат етіңіздер.

 

Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру».

 

Баспана – өзекті мәселе. Түрлі кездесулерде, азаматтарды қабылдауларда жиі қойылатын сұрақ та осы баспана мәселесі.

Өңірімізде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары 56 мың, ал баспана кезегінде тұрғандар саны  22 мыңнан асты. Президент қабылдаған «Нұрлы жер» бағдарламасы өңіріміздегі құрылыс саласының қарқын алуына оң септігін тигізуде. Соңғы 2 жыл ішінде 3 мың адам өз үйінің кілттерін алды. Оның ішіндегі 700 отбасы жетім-жесірлер, ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен басқа да әлеуметтік топтар өкілдері.

2017 жылы құрылыстағы өсім 42 процентті құрады.Осы межені түсірмес үшін Елбасының биылғы Үндеуі мен Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындайтын боламыз.

 

Президенттің ұсынысына сәйкес, жаңа «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы қабылданып, сол арқылы облысымызда мыңдаған тұрғын баспанаға қол жеткізуге мүмкіндік алады. Яғни, ипотека қазіргіден екі есе төмендетіліп                              (14-16 проценттен), 7 проценттен аспайтын болады. Алғашқы жарна да бұрынғысынан екі есе азайтылып, 20 процент болмақ. Ал ай сайынғы төлем азаматтардың қалтасына ауыртпалық түсірмес үшін 25 жылға дейін созып төлеуге мүмкіндік береді.

 

2018 жылы облыс орталығында 2 мыңға жуық пәтерлі көпқабатты үйлердің құрылысын бастаймыз, аудандарда бір және екі қабатты 140 үй салынатын болады.

 

Екінші бастама:

«Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту»

 

Мемлекет басшысы жалақысы төмен жұмысшы азаматтарды қолдау мақсатында салық жүктемесін 10 есеге дейін азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсынды. Бұл өз кезегінде табысы төмен азаматтар үшін үлкен қолдау болары сөзсіз. Біздің өңірде ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің  25 еселенген көлемінен аз жалақы (60 мың теңге) алатын азаматтардың саны 73 088 адамды (оның ішінде 67 331 жалдамалы қызметкерлер) құрайды. Демек, бұл азаматтарға салық жүктемесі 1 процентке дейін төмендетілдетін болады.

 

Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»

 

«Ел ертеңі – жастар» дейтін болсақ, бұл бағытта елімізде қыруар жұмыстар атқарылуда. Жастарымыздың шет елдерде де, өз мемлекетімізде де алаңсыз білім алып қалыптасуына барлық жағдай жасалған. Елбасы өзінің  «Әлеуметтік 5 бастамасында» елімізде 159 мың студент грантпен білім алып жатқанын атап өтті. Біздің өңірдегі екі мемлекеттік университетте 3 135 студент грант арқылы білім алуда. Мемлекеттік басшысының ұсынысына сәйкес, тағы 20 мың білім гранты бөлінетін болды. Біздің университеттеріміз бұл өзгерістерге кадрлық, материалдық-техникалық жағынан дайын болуы қажет.

 

«Әлеуметтік 5 бастамада» жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігі ашық айтылды. Біздің өңірде де жатақханаға мұқтаж студенттер жоқ емес. Бүгінгі таңда 2250 студент жатақханаға мұқтаж. Жоғары оқу орындарының 500, колледжердің 1750 студенті туыстарында немесе пәтер жалдап тұрады. Президенттің бастамасына сәйкес, жатақхана құрылысына көбірек көңіл бөліп, мемлекет пен жекеменшік әріптестігі қағидасында жұмыстануымыз қажет. «Мемлекет өз тарапынан Білім және ғылым министрлігі арқылы жатақхана құрылысына жұмсалған инвестициялардың белгілі бір бөлігі біртіндеп қайтарылуына кепілдік береді», – деп атап өтті Елбасы.   

Біз орта және кәсіптік оқу орындардың студенттеріне арналған жатақхана салуды жоспарлап отырмыз (500 орындық). Биыл жобалық-сметалық құжаттамасын дайындайтын боламыз.

Төртінші бастама:

«Шағын несие беруді көбейту»

 

Елбасы өз Үндеуінде 2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілгенін атап өтті. Орта және шағын бизнес – кез келген мемлекет экономикасының алтын тірегі. Президенттің 2050 жылға дейін Ішкі жалпы өнімдегі орта және шағын бизнестің үлесін 50 процентке дейін жеткізу туралы нақты тапсырмасы бар. Қазір біздің өңірімізде бұл көрсеткіш 42 процентті құрайды.

 

В области наблюдается положительная тенденция. Активно реализуется проект «Bastau Бизнес», который направлен на поддержку предпринимательских инициатив. На реализацию Программы продуктивной занятости и развития массового предпринимательства в ЗКО было выделено 2,5 млрд. тенге тенге. Свое дело открыли свыше 300 местных жителей. 938 человек прошли обучение основам предпринимательства. 80% профинансированных проектов по программе «Bastau бизнес» связаны со сферой сельского хозяйства.

Стоит отметить, что расширение программы микрокредитования, в первую очередь, направлено на развитие малого и среднего бизнеса

Согласно поручению Елбасы в этом году на микрокредитование бизнеса выделяются около 5 млрд. тенге. Это позволит значительно нарастить обороты, повлиять на рост деловой активности области.  

На реализацию инновационных бизнес-проектов будут выделены гранты, не превышающие 100 МРП.  Также более 2000 человек в ЗКО пройдут обучение по проекту «Bastau бизнес». 

В целом, данная президентская инициатива способствует решению двух основных задач: социальной (это - обеспечение занятости населения, стимулирование предпринимательской инициативы) и экономической (это - расширение сектора услуг бизнеса,  создание новых рабочих мест и повышение финансовой устойчивости субъектов предпринимательства).

 

Пятая инициатива:

«Дальнейшая газификация страны»

В своем обращении Президент Нурсултан Назарбаев еще раз отметил Западно-Казахстанскую область.

Наш регион занимает лидирующие позиции. Если в 2016 году уровень газификации составлял 93,4%, то в прошлом году достигли 94% (за счет газификации 36 населенных пунктов 6 районов области). В этом году планируем охватить область на 95%.

 

Елбасы негізінен Солтүстік өңірлерді газдандыру мәселесіне тоқталды. Астана қаласында туындап жатқан проблемаларды ашық айтты. Елордамыз – біздің жас мемлекетіміздің жүрегі, халқымыздың бетке ұстар тірегі.  20 жыл енді ғана болатын Астана қаласы әлемдегі ең жас астана болып саналады. Соған қарамастан әлемдік саясаттың, ғаламдық проблемалардың, дүниежүзілік діндер басшыларының басын қосатын бейбіт шаһар болып қалыптасты. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» дейді қазақ. Шет елдік инвесторлар мен әлемдік деңгейдегі тұлғалар Қазақстанға Астанаға қарап баға бергеніне куә боп келеміз.

 

Құрметті жиынға қатысушылар!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ғаламдық сын-қатерлерді күні бұрын сезіп, дағдарыстарды уақытында еңсерген шешімдер қабылдағанын зиялыларымыз да, жастарымыз да жақсы біледі. Қиын-қыстау кезеңдерде бірлігіміз бен өзара келісімнің арқасында жеңіп шыққанымызды тағы да атап өтті. Түркілер заманынан бастап, Қазақ хандарының әрқайсына тоқтала келіп, «елдіктің мәні – бірлікте» екенін түсіндіріп берді. «Ел мен жердің иесі ретінде Қазақстандағы жақсы мен жаманның бәріне қазақ жауапты. Осы ұлы жауапкершілікті сезініп, барша ұлыстардың ұйытқысы болып, өзгеге өнеге көрсете білейік», – деген Елбасы – «сонда ғана, халқымыздың атын иеленген қасиетті Қазақстанымыз көркейіп, дами береді» деді.

Осы орайда біз қазақтың ұлы ақыны, жерлесіміз Қадыр Мырза Әлінің: «Көлден үлкен теңіз бар,  Елден үлкен неңіз бар?!», «Ең алдымен - ел қамы,  Содан кейін қалғаны» деген дана сөздерін басшылыққа алуымыз керек.

Еліміз дамыса, өңіріміз де гүлдене бермек. Осы жауапты жұмыста әрқайсымыз өз орнымызда тынбай еңбектенуге шақырамын.

Құрметті ханымдар!

Шуақты көктем мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесін қарсаңында кездесіп отырмыз. Өңірімізде ер-азаматтармен иық тіресе еңбек сіңіріп келе жатқан осындағы әйелдер қауымын шын жүректен құттықтаймын! Еңбекте табысты, отбасында бақытты болыңыздар!

Баршаңызға алда келе жатқан Көрісу мейрамы мен дәстүрлі жаңа жылымыз Наурыз құтты болсын!

Назарларыңызға рахмет!    

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»