Доклад Акима области А. Кульгинова «О реализации программной статьи «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» в ЗКО» 14 марта 2018 года, г. Астана, Медиа орталығы, Орталық коммуникациялар қызметі

1

Доклад Акима области А. Кульгинова

«О реализации программной статьи «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»в ЗКО»

14 марта 2018года, г. Астана,

Медиа орталығы, Орталық коммуникациялар қызметі

 

Құрметті брифингке қатысушылар!

Төл жаңа жылымыз жақындап қалды. Біздің өңір бүгіннен бастап Наурыз мейрамын тойлауды бастап кетті. Көктем мерекесінің басталуымен баршаңызды құттықтаймын!

Сіздермен қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтойы кезінде кездесіп отырмыз. Елдік тұрғыда халыққа ақпарат таратып, ұлт бірлігі жолында атқарып жатқан қызметтеріңіз табысты болуына шын жүректен тілектеспін!

 

Бүгінгі брифинг тақырыбы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бойынша Батыс Қазақстан облысында атқарылған жұмыстар туралы болмақ.

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойынан кейін ел тарихының екінші ширек ғасыры үлкен өзгерістермен басталды. 

Елбасы қоғамды модернизациялауға үлкен  серпін берді.

Саяси және экономикалық модернизациядан кейінгі кезек рухани-мәдени салаға келді. Жаһандану заманында әрбір ұлттың өзін-өзі тануға ұмтылуы – заңдылық. Осындай кезеңде Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Рухани сілкініске жол сілтеуші бағдар болды. 

Бұл бағдарламалық мақала – өткенмен сабақтаса жаңашылдыққа бастайтын жол.

Елбасы жаңа ғасырдағы ұлттық санамызды жаңғыртудағы бірнеше бағыттарды атап өтті. Олар:

  • бәсекеге қабілеттілік,
  • прагматизм,
  • ұлттық бірегейлікті сақтау,
  • білімнің салтанат құруы,
  • еліміздің революциялық емес, эволюциялық жолмен дамуы,
  • сананың ашықтығы. 

 

Әрбір батысқазақстандық рухани жаңғыру үрдісін қызу қолдай отырып, өз үлесін қосуда. Бұл өз кезегінде адам капиталының сапалы өсуіне, өңіріміздің дамуына тың серпін беруде.

Жұбан мен Қадырдың поэзиясы өрбіген, Дина мен Құрманғазының күйі күмбірлеген, Махамбеттің жыры төгілген, Жәңгірхан мен Жаһаншаның жаңашылдығымен танылған Ақжайық өңірінде «Рухани жаңғыру» аясында мынадай жұмыстар атқарылуда.

Біріншіден, облыста бағдарламаны жүзеге асыру мақсатты түрде жүргізілуде. «Рухани жаңғыру» жобалық кеңселері, аудандар мен Орал қаласында белсенді жұмыс істеуде. Қоғамдық сананы жаңғыртуда құрамына зиялы қауым, «Нұр Отан» партиясы өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық пікір лидерлері мен жастар кірген облыстық Сарапшылар кеңесі маңызды рөл атқарады.  

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылы жалпы саны 250 мыңнан аса адамды қамтыған 150-ге жуық шара өткізілді.

 

Рухани жаңғыру мақаласында айтылған бәсекеге қабілеттілік, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы туралы

 

Елбасымыз ұлттың табысқа жетуінің факторы ретінде адамның бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігіне айрықша мән берді.

XXI ғасырда ауадай қажет сапалы білім беру, үштілділікті дамыту, цифрлық сауаттылық сияқты басымдықтарды қамтамасыз етуге жағдай жасау - жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі. Мәселен, облыс бюджетінің 45 проценттен астамы білім саласын дамытуға бағытталған. Өткен жылы 24 жаңа білім беру нысаны ашылып, 17-сі жаңадан жөнделді.

Назарбаев зияткерлік мектептерімен меморандум негізінде мұғалімдердің, мектеп директорларының біліктілігі арттырылуда. Жаңартылған бағдарлама 100 процент оқулықтармен қамтамасыз етілген. Облыстың 250 мектебі заманауи робототехника кабинеттерімен жасақталды.

Сонымен қатар өңірімізде IT-мектебін ашу жоспарлануда.

Күні бүгін мектептер Bilim Land цифрлық білім беру платформасының ресурстарын белсенді пайдалануда. Бұл платформа мектеп бағдарламасы бойынша жасалған 10 мыңға жуық қолданушы үшін интерактивті сабаққа мүмкіндік туғызып отыр. Мұғалімдерге арналған мыңдаған көрнекі құрал ұсынады. Қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде онлайн, офлайн режимдерінде жұмыс істейді.

Облыстың 400-ге жуық мектебінің 330-ы кең жолақты интернетпен қамтылған, ал қалған 30 мектепте интернет жылдамдығы төмен.

2018-2020 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, 443 елді мекеннің 100-ден астамын Интернет желісіне қосуды жоспарлап, бекіттік.  

Қазір облысымыздың 300-ге жуық елді мекенінде интернет бар.

Оған қоса 220 шағын жабдықталған мектептерді Bilimbook компьютерлік құрылғыларымен қамтамасыз етеміз. Ол біз үшін өте маңызды: біз ауыл мен қала жастарының ақпараттық-білім беру ресурстарына тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге тиіспіз.  

 

В прошлом году за счет местного бюджета выделено 200 грантов для выпускников школ области. В этом году данная практика будет продолжена, так как это наш долгосрочный проект.

Вместе с этим, недавно объявленные «5 социальных инициатив Президента», безусловно, открывают новые горизонты для нашей молодежи. 

В области система высшего и среднего профессионального образования представлена 4 ВУЗами (2-государственные, 2 - частные) и 38 колледжами.  В наших ВУЗах обучаются не только молодежь западного региона, но и с других регионов страны. Талантливая молодежь из других стран приезжают учиться в наши университеты.    

Например, в ЗКГУ имени М.Утемисова создан институт «Рухани жаңғыру». Институт ведет целенаправленную работу по проведению семинаров основам проектного менеджмента, выпуску научно-просветительских изданий по истории, краеведению региона.

 

В ЗКАТУ им. Жангир хана открыт центр поддержки предпринимательства, и уже сегодня студенты реализуют свои бизнес-проекты в стенах учебного заведения. 

Совместно с иностранными компаниями (итальянские компании «Каспиан Проджер»,  «Вест Синержи», Ди Джи «Валагро», ДИ Джи Италфлюид,  Ди Джи Импианти) открыта лаборатория «Мечта», где активно идет подготовка кадров сферы биотехнологии, инженерии и сельского хозяйства. Также вместе с университетом «СантАнна» (Италия, г.Пиза) проводится работа по обучению навыкам IT-образования, финансовой грамотности.

 

Елбасы «5 әлеуметтік  бастамада» жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігін атап өтті. Біздің өңірде де жатақханаға мұқтаж студенттер аз емес. Бүгінгі таңда 2250 студент жатақханаға мұқтаж. Жоғары оқу орындарының 500, колледжердің 1750 студенті туыстарында немесе пәтер жалдап тұрады. Біз орта және кәсіптік оқу орындардың студенттеріне арналған 4 жатақхана салуды жоспарлап отырмыз, 3-уі студенттерге (барлығы 800 орын), 1-уі ұстаздарға (120 орын). 2 жатақхананың құрылысы биыл басталады.

Бұның барлығы – Рухани жаңғыруда айтылған білімнің салтанат құруына жол ашатын болады.

 

Елбасы стратегиялық мақаласында өзіміздікін ғана дұрыс деп, біржақтылыққа жол бермей, өзге елдің озық жетістіктерін зерделей отырып, синергиялық ыңғаймен қабылдауға шақырды. Демек, қоғамдық сананы өзгертудегі басты ерекшелік қазіргі инновациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану мен цифрлық саланы дамытуда болмақ. Осы орайда, облысымыздың инновациялық дамудың тірегі болатындай әлеуеті зор.

Бүгінде облыстағы 26 колледжде дуальды оқыту принципі қолға алынды. Оған 78 ірі кәсіпорын, зауыттар қатысуда.

Мысал ретінде келтіретін болсақ, облыстағы «Орал трансформатор зауытында» 250 адам үш ауысымда еңбек етуде. Соның ішінде 100-ге жуық маман Жайық өңіріндегі оқу орындарының түлектері. Олардың орташа айлығы –                       165 мың теңге.

 

Елбасы мақалада «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», - деп атап өтті.

Осыған орай «SmartCity» тұжырымдамасының 30 жобасы жүзеге асырылуда.

Олардың негізгілері:

- балабақша кезегіне қоюдың электронды жүйесі енгізілді.

- туу туралы куәлікті толтыру үшін сәбиді смс көмегімен онлайн тіркеу жүзеге асырылуда.

- сондай-ақ, медициналық ақпараттық жүйе; «Е-КСК» жүйесі; «Қауіпсіз қала» жобасы; «SmartUralsk» орталығы, «Ашық әкімдік» кеңсесі және т.б. енгізілді.

«Ашық әкімдік» қызметін бүгінде 30 мыңнан астам тұтынған.

Мәселен, осы жобаларды іске асыру нәтижесінде біздің облыста заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдары өткен жылы 2016 жылмен салыстырғанда 18 процентке азайғанын көріп отырмыз.

Өңірімізде жастардың әлеуетін арттыру үшін облыс орталығында және Ақжайық ауданында коворкинг-орталықтары ашылды. Орталықтың ішінде Рухани жаңғыру кабинеті қызмет етуде. Сонымен қатар «07 live» жастар интернет каналы, «Заманауи дәрістер» пікір алмасу алаңы секілді жобалар жүзеге асуда. Бұл орталықтар жастардың қызығушылықтарына сәйкес қызмет етуде. Осындай орталықтарды басқа аудандарда да ашу жоспарлануда.  

Интеллектуалды дарынды азаматтарды тәрбиелеу мақсатында өткен жылы облысымызда «Туған өлкем - тірегім» форумы өткізілді. Бұл шараға қоғамның әр саласында толайым табыстарға жеткен жерлестеріміз қатысты.

Аталған жобалар биыл да өз жалғасын табады.

Ұлттық бірегейлікті сақтау бойынша:

2017 жыл облыс үшін үлкен мәдени, рухани серпіліс әкелген жыл болды. Себебі өңірімізде ұлттық мәдениетті ұлықтау бағытында көптеген іс-шаралар өткізілді. Олар:

  • «Ұлы дала құндылықтары» жобасы,
  • «Жайық сазы» өнер фестивалі,
  • «Рухани жаңғыру» республикалық жастар акциясы,
  • Алаштың 100 жылдығына орай, «Алаштан тәуелсіздікке және Қазақстанның ұлттық бірігуіне» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы,
  • «Дәстүр» шарасы,
  • Сырым Датұлының 275 жылдығына орай республикалық шаралар және т.б.

 

Жыл соңы өңіріміз үшін маңызды оқиғамен ерекшеленді. Бұл – Тәуелсіздік күнінде Орал қаласында «Рухани жаңғыру» музейінің ашылуы.

 

Музей мемлекетіміздің жетістіктері мен Ақжайық өңірінің тарихын бейнелейтін 500-ден астам экспонатпен жасақталды. Облыс тұрғындарының, әсіресе жастардың тәрбиесіне ықпалы орасан зор бұл музей меценаттардың қолдауымен іске асты. Ашылған уақыттан бері 5 мыңнан аса адам келген.  

Ұлттық дәстүрімізді сақтау, қайта жаңғырту мақсатында облысымызда кешенді жұмыстар атқарылуда. Ұлтымыздың ұлы мұрасы - домбыра үнін жастардың бойына сіңіру мақсатында өңіріміздің барлық мектептерінде үзіліс кезінде қазақ композиторларының күйлерін ойнатуды қолға алдық. Оған қоса, мектептерде домбыра үйірмелері кеңейтілуде.

Сонымен қатар, облыс, аудан орталықтарының көпшілік жиналатын орындарында саз мектептерінің ұлттық аспаптар оркестрлері демалыс күндері өнер көрсетуде.  

Биыл Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 195 жылдығына орай облыс орталығы – Орал қаласында «Домбыра күнін» өткізу жоспарланып отыр.

 

Батысқазақстандықтар латын әліпбиіне көшу туралы Елбасының бастамасын толықтай қолдап отыр.

Әсіресе жастар өз іс-шараларында латын әліпбиін қолдануды тұрақты үрдіске айналдырып келеді.

2017 жылы республикадағы байырғы басылымдардың қатарына жататын облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 100 жылдығы атап өтілді.  Осы үлкен шарада арнайы жасақталған көрмеде газеттің өткен ғасырдағы латын әліпбиінде басылған нөмірлері көрермен назарына ұсынылды.

Алдағы уақытта облыстық газетте арнайы рубрикалар арқылы латын әліпбиін көпшілікке кеңінен таныстыру жұмыстары қолға алынады.

Облысымызда латын әліпбиіне көшіру біртіндеп, кезең кезеңмен және халықтың пікірімен санаса отырып жүргізіледі.

(Анықтама: Бүгінгі күнге дейін облысымызда жалпы саны 130 шара өткізілсе, соның ішінде 6-уы республикалық шара. Сондай-ақ, өңірімізде өткізілген «Qazaq kitaptary 1929-1940» атты латын әліпбиімен жазылған кітаптар көрмесі мектеп оқушылары мен студенттер арасында үлкен қызығушылық туғызды).

 

«Туған жер»

Туған жер – бабалардың бізге көздің қарашығындай қорғап, қалдырып кеткен ең ұлы өсиеті, тарихтың талай аласапыранынан аман шыққан қасиетті топырақ. Елбасы өз мақаласында «жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс», деп атап өтті.

«Туған жер» жобасына тек жергілікті кәсіпкерлер мен меценаттар ғана емес, туған ауылының тағдырына бей-жай қарамайтын Ақ Жайық өңірінің әрбір тұрғыны белсенді ат салысуда.

Бағдарламаны жүзеге асырудың оң нәтижелерінің бірі ретінде бизнес қауымдастықтың және тұрғындардың өз ауылдарына деген сана-сезімдерін өзгертуді атауға болады.

Бағдарламаға 2017 жылы меценаттар қаржысы есебінен 2,5 млрд. теңге жұмсалып, 60 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 10 әлеуметтік нысан (балабақша, спорт кешендері, медициналық амбулаториялар), 5 мәдениет нысаны (ескерткіштер, музейлер) салынды және жөндеуден өткізілді. 24 нысанда абаттандыру (кіші сәулет формалары, саябақ, тынымбақтар) жұмыстары атқарылды. 21 нысанның материалдық-техникалық базасы жаңартылды.

Биыл да осы жұмыстар қарқынды жүзеге асырылатын болады.

Анықтама: 2018 жылғы Жол картасына 174 шара енгізілген. «Тәрбие және білім» кіші бағдаламасы аясында - 73 шара, «Рухани қазына» - 77 шара, «Атамекен» - 24 шара.

 

1 марта т.г. в День благодарности в областном центре состоялась церемония закладки фундамента Дома для людей с особыми потребностями (расчитан на 50 чел). Строительство данного объекта будет реализован за счет средств меценатов области.

Вместе с этим, в целях воспитания у населения и молодежи патриотизма при школах области открываются краеведческие музеи

 В реализации программы «Рухани жаңғыру» активно вовлечена молодежная коалиция «Елім менің», в рядах которой состоят более 50 тысяч молодежи области. В 2018 году коалицией будут реализованы проекты такие проекты, как «Еліме саяхат!», «Жетістікке 100 қадам» и т.д.

 

«Қасиетті Қазақстан»

Облысымыздан қасиетті орындар тізіміне 7 ірі нысан кіріп отыр. Аталған нысандарға ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру, олардың құрылысымен қатар, инфрақұрылымды жасақтау бойынша жұмыстарды қамтитын кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. 

«Қасиетті орындар» тізіміне енген «Бөкей Ордасы» тарихи-музей кешеніне өзімізден және алыс-жақын елдерден келетін туристердің қызығушылығы айрықша. Бұл өңіріміз үшін өте маңызды жоба. Тарихымызға үңілетін болсақ,  Бөкей Ордасының іргетасын 1801 жылы Бөкей хан қалаған. Одан кейін Бөкейдің ұлы Жәңгір хандық құрған. Осы жерде қазақ даласындағы ең алғашқы мектеп (1841 жылы), қазынашылық үйі, баспахана ашылған және 60-тан астам тарихи-мәдени ескерткіштер сақталған.

Облыс орталығынан шалғай жерде, 600 шақырым қашықтықта орналасқан кешенде туризмді дамыту мақсатында кіші авиацияны, жергілікті әуе желілерін дамытуды қолға алудамыз. Қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіздеме жасауға қаржы бөлінді. Осыған сәйкес, бұрын болған әуе айлақтары қайта қалпына келтірілетін болады.

  «Бөкей ордасы» кешенін айтқан кезде, осы тарихи музейдің құрамына кіретін Дәулеткерей Шығайұлының кесенесін айтуымыз керек. Даңқты күйшінің басына бұрын кесене тұрғызылған. Алдағы уақытта осы кесенені қалпына келтіру жұмыстары атқарылатын болады.

 

Сондай-ақ, біздің облыс аумағында ортағасырлық «Жайық» қалашығы орналасқанын білесіздер. Археологиялық қазба барысында табылған жәдігерлер XIII-XV ғасырларға тиесілі болғанымен, жалпы қала туралы дерек IX ғасырдағы араб саяхатшысы Ибн Фадланның жазбасында айтылады. Ғалымдар оны қазіргі Орал қаласының ізашары санайды. Біз осы көне шаһардың орнын  аспан астындағы тарихи-мәдени және табиғи-ландшафттық музей-қорыққа айналдыруды жоспарладық. Биыл бұл нысанның кіреберісін жасақтап, абаттандыруды көздеп отырмыз.

 

Былтыр Сырым ауданында орналасқан Алашорда музейіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, экспозициялар жаңартылды.

Алашорда музейі 1918 – 1919 жылдары Алаш автономиясының Батыс бөлігін басқару жөніндегі бөлімше отырған тарихи ғимаратта орналасқан.

Облыс үшін айрықша археологиялық ескерткіштердің бірі - Тақсай қорғандар кешені. 2011 жылы археологтар Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының аумағынан 500-ге тарта алтын әшекейлермен көмкерілген әйел адамның сүйегін тапқан еді. Ол тарихымызға «Тақсай ханшайымы» деген атпен еніп, қазір Ұлттық музейде сақтаулы тұр. Мұны мамандар археологиядағы теңдессіз жаңалық деп бағалады. Тақсайдағы қазба жұмыстары әрі қарай жалғасады.

 

Ішкі туризмді дамыту мақсатында қасиетті орындарға арнайы саяхат бағдарлары жасақталды. Осы жылдың II-III тоқсанында виртуалды турларды ұйымдастыру қолға алынады.

Сондай-ақ, меценаттардың көмегімен басқа өңірлердің қасиетті орындарына туристік экспедициялар жасақталып, оған оқуда үздік, пәндік олимпиадалардың, байқаулардың жеңімпаздары  атанған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен отбасыларының балалары қамтылатын болады.  

Сонымен қатар, республикалық деңгейде еліміздің киелі орындарын көрсететін «Қасиетті Қазақстан» макет картасы Орал қаласында жасақталуда. Бұл жоба меценаттардың толық қолдауымен жүзеге асатын болады.

 

«Современная казахстанская культура

в глобальном мире»

  По базовому направлению «Қазақстанның мәдени жетістіктері»  в 2017 году творческие  коллективы области приняли участие в международном фестивале театров в Македонии, в декабре в фестивалях культуры в Тайланде и Объединенных Арабских Эмиратах.

В этом году запланирована  реализация проектов по популяризации казахстанской культуры «Ұлы дала мәдениеті», «Ақжайық елі – мәдениет маржаны», «Достық, бірлік, татулық», «Мәдени жайлау», это проекты, в рамках которых предусмотрены книжные и музейные выставки, недели отечественного кино, показы спектаклей и концертов в приграничных: Саратовской, Волгоградской, Оренбургской областях Российской Федерации.

В этом году в областном центре начнем работы по строительству большого современного Дворца культуры, где смогут наши отечественные и мировые звезды давать свои концерты. Также это позволяет нам проводить общественно-значимые для страны мероприятия, создает условия для дальнейшего развития культуры, и будет способствовать приобщению населения и молодежи к ценностям национальной и мировой культуры.

 

«100 новых лиц Казахстана»

В список «100 новых лиц Казахстана» вошли известные наши земляки внесшие весомый вклад в развитие нашей области – солист Государственной Академической филармонии Астаны, обладатель премии «Жан шуак» за вклад в развитие культуры Республики Казахстан, выпускница программы «Болашақ», пианистка Саида Калыкова, участковая медсестра Зеленовской районной центральной больницы Елена Шушлебина, ректор научно-образовательного комплекса «Казахстанского университета инновационных и телекоммуникационных систем» Аксерик Айтимов.

Құрметті брифингке қатысушылар!

Елбасының «Бес әлеуметтік бастама» атты Үндеуі өңіріміздің экономикалық дамуына тың серпін береді. 

Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бойынша 2017 жылы облыстың  құрылыс саласындағы өсім 42 процентті құрады.Соңғы 2 жыл ішінде 3 мың адам өз үйінің кілттерін алды. Оның ішінде 700 отбасы жетім-жесірлер, ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар және басқа да әлеуметтік топтардың өкілдері. 2018 жылы облыс орталығында көпқабатты үйлердің құрылысын бастаймыз, аудандарда бір және екі қабатты үйлер                 салынатын болады. 

Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту». Біздің өңірде ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің  25 еселенген көлемінен аз жалақы (60 мың теңге) алатын азаматтардың саны 73 088 адамды (оның ішінде 67 331 жалдамалы қызметкерлер) құрайды. Демек, бұл азаматтарға салық жүктемесі 1 процентке дейін төмендетілдетін болады.

Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту». Президенттің бастамасына сәйкес, біз орта және кәсіптік білім беретін оқу орындардың студенттеріне арналған жатақханалар салуды жоспарлап отырғанымызды атап өттім (3 жатақхана 800 орынға - студенттерге, 1 жатақхана 120 орындық ұстаздарға).

 

Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту». Орта және шағын бизнес – кез келген мемлекет экономикасының алтын тірегі. Президенттің 2050 жылға дейін Ішкі жалпы өнімдегі орта және шағын бизнестің үлесін 50 процентке дейін жеткізу туралы нақты тапсырмасы бар. Қазір біздің өңірімізде бұл көрсеткіш 42 процентті құрайды.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, биыл бизнесті шағын несиелендіруге 5 млрд. теңгеге жуық қаржыбөлінді. Инновациялық бизнес-жобаларды жүзеге асыруға 100 АЕК аспайтын гранттар беріледі.

Міне, осы жоғарыда аталған игі жұмыстардың барлығы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында белсенді атқарылуда.

 

Осы жерде ерекше атап кететін жағдай – рухани жаңғыруды тек меценаттардың есебінен түрлі жобаларды қаржыландыру, нысандар салу деп біржақты қарастыруға болмайды.

Рухани жаңғыру – әр адамның өзінің көркем мінез-құлқынан, отбасындағы тәлім-тәрбиесінен, бастау алады.  Өздеріңізге белгілі, қысқа мерзім ішінде бірден қоғамдық сананы өзгерту қиын. Бұл – үздіксіз, ұзақ жылдарға созылатын процесс.

Осы орайда бізге қазақтың ұлы ақыны, жерлесіміз Қадыр Мырза Әлінің: «Көлден үлкен теңіз бар,  Елден үлкен неңіз бар?!», «Ең алдымен - ел қамы,  Содан кейін қалғаны» деген дана сөздері ұмытпауымыз керек.

Келешегі кемел, іргетасы мығым Мәңгілік еліміздің өрлеуіне Ақжайық жұртшылығы лайықты үлес қосуда.

 

Назарларыңызға рахмет.

_____________

 Скачать Презентацию

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»