Азаматтар өтініштерін қарау

Батыс Қазақстан облысында
2017 жылдың І тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15 -бабының 10 - тармағына және облыс әкімі аппаратының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарының 10 - тармағына сәйкес облыс әкімі аппараты, басқармалар және қала, аудандар әкімдері аппараттарына (дербес бөлімдер мен ауылдық округтерін қоса) талдау жүргізілді.
2017 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратымен, басқармалармен, аудан,қала әкімдіктері және олардың дербес бөлімдерімен, ауылдық округтерімен 13 726 (12 229-жеке, 1 497-заңды тұлғалардан) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қарастырылған.
Соның ішінде 13 726 өтініштің:

  • 476 (3% ) - облыс әкімі аппаратына;
  • 924 (7% ) – басқармаларға;
  • 6 185 (45% )- аудан әкімі аппараттарына;
  • 6 141 (45% ) - қала әкімі аппараттарына келіп түсті.        

         Жалпы 2017 жылдың І тоқсанында келесідей мәселелер бойынша өтініштер көптеп келіп түсті :

  • 4 811 (35% ) жер қатынастары;
  • 2 320 (17% )  тұрғын үй;
  • 2 126 (15% ) құрылыс;
  • 1 662 (12% ) еңбек қатынастары;  
  • 599 (4% ) білім;
  • 333  (3% ) кәсіпкерлік;  
  • 307 (2% ) ауыл шаруашылығы;  
  • 299 (2% ) денсаулық сақтау.

(өзге салалар бойынша  299 өтініштен төмен, 1 269 -10%)
2017 жылдың І тоқсанында келіп түскен өтініштерді негізгі түрлеріне сәйкес бөлетін болсақ:

  • 12 704 (93% ) - арыздар;  
  • 219 (1,5% ) - шағымдар;
  • 339 (2,5% ) - сауалдар;
  • 464 (3% ) - ұсыныстар құрайды.

Сонымен қатар, 2017 жылдың І тоқсанында Батыс Қазақстан облысының әкімі, облыс әкімінің бірінші орынбасары, орынбасарлары мен аппарат басшысы 121 азаматты жеке қабылдады.  
Аудан әкімдері, оның орынбасарлары мен ауылдық округтер әкімдері 675 азаматты жеке қабылдады.
Қала әкімі (87), қала әкімінің орынбасарлары (107) 194 және облыстық басқармалар басшылары 81 азаматты жеке қабылдады. 
Аудан, қала әкімі, оның орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдерінің қабылдауында болған азаматтардың мәселелері бойынша 645 түсінік берілді, 167 қарау үшін басқа мекемелерге жолданды, 57 өтініш оңды шешілді.
Басқарма басшысы, орынбасарларының қабылдауында болған азаматтардың мәселелері бойынша 68 түсінік берілді, 5 - еуі қарау үшін басқа мекемелерге жолданды, 8 өтініш оңды шешілді.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында
2017 жылдың І тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына 476 (430 - жеке, 46 - заңды ) азаматтардың өтініштері келіп түсті.
Соның ішінде: 381 - арыз, 75 - шағым, 10 - сұраныс, 10 - ұсыныс.
Келіп түскен өтініштер санынан 1 - өтініш қанағаттандырылды,    307 – өтініш бойынша заңға сәйкес түсінік берілді, 7 – өтінішті қарау тоқтатылды, 2 - еуі- назарға алынды, 127 – өтініш қарау үшін жолданды, 32 – өтініш қаралуда.
Жалпы келіп түскен өтініштердің 56 - сы жоғары органдардан, оның ішінде:
ҚР Президенті Әкімшілігінен - 35;
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінен – 9;
ҚР Парламентінен – 10;
министрліктерден – 2.

Қала, аудандар әкімдері аппараттары және облыстық басқармаларда 2017 жылдың І тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша атқарылған
жұмыстары туралы ақпарат

Аудан, қала әкімдері аппараттарына 12 326 (11 067 - жеке, 1 259 - заңды ) азаматтардың өтініштері келіп түсті.
Соның ішінде: 11 675 - арыз, 59 - шағым, 157 - сұраныс, 435 - ұсыныс.
Келіп түскен өтініштер санынан 3 428 – өтініш қанағаттандырылды, 4 183 – өтініш бойынша заңға сәйкес түсінік берілді, 12 – өтінішті қараудан бас тартылды, 20 – өтінішті қарау тоқтатылды, 4 191 - өтініш қарау үшін жолданды, 492 - өтініш қаралуда.
Облыстық басқармаларға 924 (732 - жеке, 192 - заңды) азаматтардың өтініштері келіп түсті.
Соның ішінде: арыз 648, шағым 85, сұраныс 172, ұсыныс 19.
Келіп түскен өтініштер санынан 357 –өтініш қанағаттандырылды, 308 – өтініш бойынша заңға сәйкес түсінік берілді, 2 – өтінішті қараудан бас тартылды, 32 – өтінішті қарау тоқтатылды, 3 - өтініш іске жабылды, 58 – өтініш қарау үшін жолданды, 492 – өтініш қаралуда.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan