Шыңғырлау ауданы

1.Аудан басшылығы

Есалиев Альберт Темірболатұлы

Аудан әкімі

Тұрмағамбетов Ержан Рысжанұлы

Аудан әкімінің орынбасары

КаюповТлепберген Ерсайұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Сағынгереев Темірболат Мұхитұлы

Аудан әкімі аппаратының басшысы

2.Аудан туралы қысқаша ақпарат

Шыңғырлау ауданы Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде орналасқан. Аумағы - 7,2 мыңшаршы шақырым. Аудан тұрғындарының саны 14997 адамды құрайды. Орташа қоныстану тығыздығы - 1 шаршы шақырымға 2,7 адам. Ауданнан бірнеше өзен ағып өтеді, олардың үлкендері Елек, Утва, Ащы, Шилі өзендері жалпы ұзындығы 350 шақырымды құрайды. Сонымен қатар көлдерде бар, олар: Соркөл, Қонақай, Сұлукөл, Шанды. Сонымен қатар республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің, сондай-ақ республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін Сарқырама және Аққұм жер қойнаулары бар.
Ауданның орталығы - Шыңғырлау ауылы. Ауданда екі шекара өткізу бекеті орналасқан. Ауданның бір аумағы Ресей Федерациясымен шекараласқан. Елек өзені Ресей Федерациясының, Орынбор облысының, Елек және Тұз-төбе аудандарын бөліп тұр. Аудан құрамына 8 әкімшілік-аумақтық бөлініс - Алмаз, Ақбұлақ, Ащысай, Белогор, Полтава, Лубен, Қарағаш, Шыңғырлау ауылдық округтері кіреді.

3.Шыңғырлау ауданы әкімі, оның орынбасарлары және аппарат басшысының азаматтарды қабылдау  КЕСТЕСІ 

Аты-жөні,әкесінің аты

Лауазымы

Қабылдау күні және уақыты

Байланыс телефоны

Есалиев Альберт Темірболатұлы

Аудан әкімі

Апта сайын,
сәрсенбі күні
сағат 10-нан 12-ге дейін



33-4-45

Тұрмағамбетов
Ержан Рысжанұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Апта сайын,
бейсенбі күні
сағат 10-нан 12-ге дейін



33-3-92

Каюпов 
Тлепберген Ерсайұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Апта сайын,
жұма күні
сағат 10-нан 12-ге дейін



33-3-92

Сағынгереев Темірболат Мұхитұлы

Аппарат басшысы

Апта сайын,
сейсенбі күні
сағат 10-нан 12-ге дейін



33-4-45


 
4.ФУНКЦИЯЛАР, МАҚСАТТАРМЕН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

«Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы,мақсаттарынегізгі міндеттері, қызметінің нысанасы мен функциялары, құқықтары мен міндеттері
«Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы жәнемақсаттары Шыңғырлау ауданының атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.
Ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Міндеттер:
1.Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының негізгі міндеттері мыналар болып саналады:
1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы, 1-тармағына сәйкес аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, әкімнің, әкімнің орынбасарларының және аудан әкімдігінің тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
3) аудан әкімі мен әкімдігі актілерін, аудан әкімі және оның орынбасарларының, аудан әкімдігі тапсырмаларын пәрменді, дер мерзімінде және мінсіз орындау;
4) аудан әкімін, оның орынбасарларын және аудан әкімдігін Шыңғырлау ауданы аумағындағы істің жай-күйі туралы дер мерзімінде және толық хабардар ету.
2. «Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінің нысанасын асыру     үшін келесі функциялар болып табылады:
1) өз құзыры шегінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік бағдарламалардың және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының іске асырылуын қамтамасыз ету және бақылау, ұсыныстар әзірлеу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын аудан аумағында іске асыруға қатысады;
2) орталық атқарушы орган уәкілеттік берген өкілеттіктерге сәйкес республикалық бағыныстағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіреді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, республикалық бағыныстағы аумақтық органдардың қызметін үйлестіреді және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
3) Шыңғырлау ауданының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру тетіктері мен әдістерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысады, осы мақсаттарда аудан аумағында атқарушы билік органдарынан талдау жүргізуге қажетті ақпараттарды сұрату және дер мерзімінде алу арқылы олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындайды, олардың орындалуын бақылайды, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша ұсыныстар мен болжамдарды жасақтайды;
4) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын бақылайды;
5) өндіріс, импорт алмастыратын өндірістерді дамыту үшін шетел кредиттерін және инвестицияларын тарту саласында дамудың басымды бағыттарын айқындау, өңіраралық байланыстарды үйлестіру және қор жүйесін жасақтау мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады және енгізеді;
6) облыс әкімі аппараттарымен, жергілікті уәкілетті органдармен, селолық округ әкімдерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
7) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, аудан әкімі мен әкімдігінің, аудандық мәслихаттың актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
8) аудан әкімі және оның орынбасарлары өткізетін активтерді, кеңестерді,кездесулерді, сапарларды және басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, аудан әкімін, оның орынбасарлары мен аудан әкімі аппараты қызметкерлерін шаруашылық, қаржылық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;
9) Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
10) аудан әкімі мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді, қызметтік құжаттарды, хаттарды, азаматтардың арыз-өтініштерін қарауды, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады, келіп түсетін азаматтардың хаттары мен өтініштеріне, құжат ағынына талдау жасайды, іс жүргізуді, құпия құжаттармен жұмысты, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізуді қолдануды жолға қояды және жетілдіреді;
11) аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының сақталуын қамтамасыз етеді;
12) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтауын бақылауды ұйымдастырады және ішкі бақылауды жүзеге асырады;
13) облыстық және аудандық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін бағалау мәселелерімен шұғылданады;
14) ақпараттық технологияларды енгізу, электрондық құжат айналымы жүйесі мәселелерімен шұғылданады;
15) аудан әкімінің номенклатурасына кіретін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу, кадрлар резервін қалыптастыру, олардың оқуын, тағлымдамадан өтуін, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы жергілікті атқарушы билік органдарында кадр саясатын жүзеге асырады;
16) бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкімі мен оның орынбасарларының, аудан әкімдігінің қызметін жарықтандыруды жүзеге асырады, олармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жүргізетін ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдың жай-күйін, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіреді;
17) аудан әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарымен ауданда заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
 Функциялар:
Аудан әкімінің аппараты өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін өз құзыры шегінде:
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды алуға, сондай-ақ оларға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;
2) барлық меншік нысанды кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан аудан әкімі аппаратының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды, құжаттарды, өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұратуға және алуға;
3) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер қорын пайдалануға;
4) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен аудан әкімі аппаратының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
5) Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алуға;
6) аудан әкімдігінің отырыстарына, сондай-ақ бөлімдер, селолық округ әкімдері отырыстарына қатысуға;
7) аудан әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін аудан әкімі аппаратының құзырына жатқызылған мәселелерді шешуге қатысуға тартуға құқылы.

5.Пошталық мекен-жайы: БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауыл,Л.Қылышев көш 95, пошталық индексі 091200
6.Электронды пошта мекен-жайы: akimchingirlau@mail.ru
7.Байланыс мәліметтері:871137 33-445
8.Ресми интернет ресурска сілтемеchingirlau-bko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»