Қаратөбе ауданы

1.Басшылық
Асантаев Жанат Асылханұлы – аудан әкімі

Имангалиев Рашит Насипкалиевич – аудан әкімінің орынбасары

Сұлтан Жаслан Кәрелұлы – аудан әкімінің орынбасары

Тоғызбаев Нұрболат Сағынғалиұлы – аппарат басшысы

2. Аудан туралы қысқаша ақпарат. Қаратөбе ауданының негізі 1928 жылы құрылған. Қаратөбе ауданы - облыстың оңтүстік шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Атырау облысының Қызылқоға, Ақтөбе облысының Ойыл аудандармен шектесіп жатыр. Жерінің аумағы -10,0 мың ш м2. Аудан жері Орал маңы үстірті мен Каспий маңы ойпатының солтүстік шығыс бөлігін қамтиды. Ауданның ең биік жері солт.-шығысында (Қалпақтау, 244 м). Солтүстік шығыстан бастап, оңтүстік батысқа қарай біртіндеп төмендеуі байқалады. Егіндікөлдегі Аққұм алқабы төменгі жер деңгейінен 100 - 140 метр биікке орналасқан. Жері негізінен қызыл қоңыр топырақты, оңтүстігінде аздап сор, сортаң топырақты жерлер кездеседі. Аудан аумағынан 242 шақырымды құрайтын Қалдығайты өзені ағып жатыр. Ауданның климаты тым континенттік, солтүстігі қоңыржай континентті ылғалы тапшы зонада орналасқан. Қысы суық, ұзақ, жазы ыстық. Қаңтарда орташа температура - 14,40 С, шілдеде +24,30С. Жауын орташа (30 мм) жылдық 214 мм. Қыс ерекшелігі бойынша қатал. Оңтүстігі қоңыржай континентті, жазы жылы, құрғақ климатты зонада орналасқан.Аудан орталығы Қаратөбе ауылында орналасқан. Облыс орталығымен ара қашықтығы - 260 шақырымды құрайды.

3. Басшы және оның орынбасарларының жеке қабылдау кестесі

        Ф.И.О

Лауазымы

Қабылдау күні және уақыты

 Байланыс телефоны

1.

Асантаев Жанат Асылханұлы

Аудан әкімі

Апта сайын,
жұма күні
сағат 15.00-18.00

31-2-10

2.

Имангалиев Рашит Насипкалиевич

Аудан әкімінің орынбасары (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және ауыл шаруашылығы саласы)

 

Апта сайын,
бейсенбі күні
сағат 15.00-18.00

31-2-10

3.

Сұлтан Жасұлан Кәрелұлы

Аудан әкімінің орынбасары (әлеуметтік және экономикалық сала)

Апта сайын,
сәрсенбі күні
сағат 15.00-18.00

31-2-10

4.

Тоғызбаев

Нұрболат Сағынғалиұлы

Аудан әкімінің аппарат басшысы

Аптаның барлық жұмыс
күндері
сағат 15.00-18.00

31-2-10

 4.Негізгі функциялары мен мақсат-міндеттері

Мақсат-міндеттері

 «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және мақсаттары Қаратөбе ауданының атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық – талдаулық қолдау және ұйымдастыру – құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.
Ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1)«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы, 1-тармағына сәйкес аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру –құқықтық, және материалдық – техникалық қамтамасыз ету;
2)аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, әкімнің, әкімнің орынбасарларының және аудан әкімдігінің тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
3) аудан әкімі мен әкімдігі актілерін, аудан әкімі және оның орынбасарларының, аудан әкімдігі тапсырмаларын пәрменді, дер мерзімінде және мінсіз орындау;
4)аудан әкімін, оның орынбасарларын және аудан әкімдігін Қаратөбе ауданы аумағындағы істің жай-күйі туралы дер мерзімінде және толық хабардар ету. 
Негізгі функциялары:
«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінің нысанасын асыру үшін келесі функциялар болып табылады:
1)өз құзыреті шегінде ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік бағдарламалардың және ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы болжамының іске асырылуын қамтамасыз ету және бақылау, ұсыныстар әзірлеу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің , Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын аудан аумағында іске асыруға қатысады;
2)орталық атқарушы орган уәкілеттік берген өкілеттіктерге сәйкес республикалық бағыныстағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіреді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, республикалық бағыныстағы аумақтық органдардың қызметін үйлестіреді және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
3)Қаратөбе ауданының әлеуметтік – экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру, әлеуметтік – экономикалық реформаларды жүзеге асыру тетіктері мен әдістерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысады, осы мақсаттарда аудан аумағында атқарушы билік органдарынан талдау жүргізуге қажетті ақпараттарды сұрату және дер мерзімінде алу арқылы олардың қызметін үйлестіреді жүзеге асырады, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындайды, олардың орындалуын бақылайды, әлеуметтік – экономикалық даму мәселелері бойынша ұсыныстар мен болжамдарды жасақтайды;
4) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын бақылайды;
5)өндіріс,импорт алмастыратын өндірістерді дамыту үшін шетел кредиттерін және инвестицияларын тарту саласында дамудың басымды бағыттарын айқындау, өңіраралық байланыстарды үйлестіру және қор жүйесін жасақтау мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады және енгізеді;
6)облыс әкімі аппараттарымен, жергілікті уәкілетті органдармен,селолық округ әкімдерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
7)заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, аудан әкімі мен әкімдігінің, аудандық мәслихаттың актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
8)аудан әкімі және оның орынбасарлары өткізетін активтерді,кеңестерді, кездесулерді, сапарларды және басқа да іс-шараларды ақпараттық – талдау, ұйымдастыру - құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, аудан әкімін, оның орынбасарлары мен аудан әкімі аппараты қызметкерлерін шаруашылық, қаржылық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;
9)Қаратөбе ауданы әкімі аппараты жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
10)аудан әкімі мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді, қызметтік құжаттарды, хаттарды, азаматтардың арыз-өтініштерін қарауды, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады, келіп түсетін азаматтардың хаттары мен өтініштеріне, құжат ағынына талдау жасайды, іс жүргізуді қолдануды жолға қояды және жетілдіреді;
11)аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының сақталуын қамтамасыз етеді;
12)мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтауын бақылауды ұйымдастырады және ішкі бақылауды жүзеге асырады;
13)облыстық және аудандық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін бағалау мәселелерімен шұғылданады;
14)ақпараттық технологияларды енгізу, электрондық құжат айналымы жүйесі мәселелерімен шұғылданады;
15)аудан әкімінің номенклатурасына кіретін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу, кадрлар резервін қалыптастыру , олардың оқуын,тағлымдамадан өтуін, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы жергілікті атқарушы билік органдарында кадр саясатын жүзеге асырады;
16)бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкімі мен оның орынбасарларының, аудан әкімдігінің қызметін жарықтандыруды жүзеге асырады, олармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жүргізетін ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдың жай-күйін, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіреді;
17)аудан әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарымен ауданда заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

5.Почталық мекенжайы:

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы. Құрманғалиев №19
6.Электрондық почта мекенжайы: orgotdel.2012@mail.ru
7. Анықтама: 8(71145) 31-1-55
8. Ресми интернет-ресурс: karatobe-bko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»