Казталов ауданы

1.Басшылық 

Аудан әкімі

Шыныбеков Абат Абайұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Бегжанов Сағынғали Ғабидоллаұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Құтхожин Нұретден Ихсанұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Мажитова Зәйлім Исатайқызы

Аудан әкімі аппараты басшысының м.а.

Дүйсенғалиев Жандос Асқатұлы

2.Аудан туралы қысқаша ақпарат       
Аудан 1928 жылы құрылған. Халық саны 2018 жылдың 1 сәуіріне – 29238 адам. Жер көлемі – 1860581 га. Казталов ауданы Батыс Қазақстан облысының оңтүстік - батыс аумағында орналасқан. Оңтүстігінде Нарын құмына шектесе Бөкей ордасы, оңтүстік - батысында Жәнібек, батысында, солтүстік батысында Ресейдің Саратов облысы Александров-Гай, солтүстігінде Тасқала, солтүстік-шығысында Ақжайық, шығысында Жаңақала аудандарымен шектеседі.           
Аудан құрамына 16 әкімшілік-аумақтық бөлініс кіреді: Казталов, Қараоба, Тереңкөл, Бірік, Бостандық, Қошанкөл, Қайыңды, Болашақ, Жалпақтал, Қараөзен, Ақпәтер, Қарасу, Талдыапан, Талдықұдық, Жаңажол, Көктерек ауылдық округтері.  
Аудан орталығы – Казталов ауылы. Аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі қашықтық - 330 км.      
3.Аудан басшылығының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі


Ф.И.О

ЛАУАЗЫМЫ

ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ЖӘНЕ УАҚЫТЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

Шыныбеков Абат Абайұлы

Аудан әкімі

Казталов ауылы, әр айдың бірінші және үшінші сейсенбі күні сағат 11.00-13.00

8-711-44-31-3-72

Жалпақтал ауылы, әр айдың екінші және төртінші сейсенбі күні сағат 11.00-13.00

8-711-38-21-5-05

Құтхожин Нұретден Ихсанұлы

Аудан әкімінің орынбасары

әр аптаның сәрсенбі күні, сағат 10.00-12.00

8-711-44-31-3-72

Бегжанов Сағынғали Ғабидоллаұлы

Аудан әкімінің орынбасары

әр аптаның жұма күні, сағат 15.00-17.00

8-711-44-31-3-72

Мажитова Зайлім Исатайқызы

Аудан әкімінің орынбасары

әр аптаның жұма күні, сағат 10.00-12.00

8-711-44-31-3-72

Дүйсенғалиев Жандос Асхатұлы

Аудан әкімі аппараты басшысының м.а.

әр аптаның сәрсенбі күні, сағат 10.00-12.00

8-711-44-31-3-72

4.ФУНКЦИЯСЫ, НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:    
Негізгі міндеттері:
«Казталов ауданы әкімі аппараты» ММ аудан әкімінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.   
Функциялары:
1) Аудан әкімдігінің жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;      
2) Президенттің Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жөніндегі саясатын дәйектілікпен жүзеге асыру, оны жүзеге асырудың тактикасы мен тетіктерін айқындау, экономикалық реформаны жүзеге асыру, ауданның халықшаруашылығы кешенінің болашақтағы дамуы мен жағдайына, әлеуметтік-мәдени салаға, сыртқы экономикалық байланысқа талдау жасау, тиісті болжамдар әзірлеу, маңызды проблемаларды табу және оны шешу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;  
3) Заңдылық пен құқық тәртібін сақтауды, басқару органдарының, кәсіпорындардың құқықтар мен міндеттерді орындауына бақылау жасауды, мемлекеттік және еңбек тәртібін нығайту жөнінде шаралар жасауды, халықты әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеуді қамтамасыз етеді;    
4) Барлық деңгейдегі атқарушы органдардан аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін сапалы әзірлеу үшін ақпараттарды, әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын бағдарламалар жобаларын, тапсырмалар мен болжамдарды дер кезінде алады, мұндай құжаттарды әзірлеуге және сараптауға қатысады;     
5) Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент, Үкімет актілерінің, әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің өкімі шешімдерінің, аудан әкімінің өкімі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, оның бөлімдер, басқа да жергілікті өкімет органдары мен ұйымдары тарапынан орындалуын бақылайды;    
6) Ауданаралық экономикалық байланысты кеңейту мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлейді, мұндай байланыстарды практикалық тұрғыдан іске асыру үшін шаралар әзірлейді және оның орындалуын бақылайды, көршілес аудандардың шекаралас аймақтары мен ынтымақтастық жөнінде жұмыстарды үйлестіріп отырады;
7) Әкімдік мәжілістерінде қарау үшін мәселелерді зерттейді және материалдар әзірлейді;
8) Әкімдіктің мәжілістерін, әкім және оның орынбасарлары өткізетін басқа да шараларды ақпараттық-сараптамалық, құқықтық, ұйымдастыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді;      
9) Аудан әкімі аппараты қызметін құжаттармен қамтамасыз етеді, қызметтік құжаттарды, хаттар мен арыздарды қарайды, азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, құжаттар айналысын талдайды, іс-қағаздарын жүргізуді жетілдіреді, мемлекеттік, орыс және басқа тілдердің қызмет етуін қамтамасыз етеді;  
10) Бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкімі аппаратының қызметін жариялайды, олармен өзара байланысты ұйымдастырады, Президент және Үкімет жүргізіп отырған ішкі және сыртық саясатты түсіндіреді;   
11) Аудан әкімі тағайындайтын лауазымдар тізіміне енетін кадрлар қозғалысына, сапалық құрамына талдау жүргізеді.      
5. Мекен-жайы: БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесі, 1.         
6. Электрондық пошта: akimkaztalov@mail.ru
7. Анықтама телефондары: 87114431458         
8. Ресми интернет ресурс: www.kaztalov-bko-gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»