Тасқала ауданы

1. Басшылық
Тасқала ауданының әкімі – Әлиев Санджар Жұматайұлы
Тасқала ауданы әкімінің орынбасары – Баяндыков Арсен Толқынұлы
Тасқала ауданы әкімінің орынбасары – Жұбанышқалиева Люция Әсетқызы
Тасқала ауданы әкімінің аппарат басшысы – Мырзаш Медет Молдашұлы

2. Аудан туралы қысқаша ақпарат
Жайық өзені аймағындағы Каменка елді мекені (Тасқала ауылының ескі атауы) ХVІІІ ғасырдың әйгілі натуралисі П.С.Палластың 1768-1773 жылдар арасында «Петербургтен Байкалға дейін табиғатты жанжақты зерттеу экспедициясы» жөніндегі еңбегінде аталған.  
Тасқала ауданы 1933 жылы 8 қарашада құрылып, 1996 жылға дейін Камен ауданы аталып келді. Аудан Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Қазақстан мен Орталық Азияны Ресейдің Еуропалық бөлігімен қосатын темір жолы бойында, сонымен қатар Орал-Саратов автокөлік жолының бойында орналасқан, Ресей Федерациясының Саратов облысымен, Батыс Қазақстан  облысының Зеленов, Ақжайық және Казталов аудандарымен шектеседі.
 Ауданның жалпы аумағы 806,1 мың гектар, халық саны 2014 жылдың 1 қаңтарына 17,6 мың адам болды. Аудан орталығы - 7,9 мың халқы тұратын Тасқала ауылы, облыс орталығы Орал қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан.
Аудан рельефінің таулы және тепе-теңдік сипаты бар.
Аудан аймағында Батыс Қазақстан облысының ең биік нүктесі, теңіз деңгейінен 259 метр биіктік құрайтын,  жергілікті маңызы бар табиғат ескерткіші «Большая Ичка» (Ешкі Тау) тауы бар.  Бұл ескерткіш ретінде  табиғи ландшафтты сақтау мақсатында көлемі 175 га көлемінде бекітілген.
 Бұл таудың басынан ашық күндері 80 шақырым қашықтықтағы  Орал қаласы, 45 шақырым жердегі Саратов облысының Озинки ауылы көрініп тұрады. Таудың шығыс баурайында тұщы су бұлағы ағып тұрады, орман - қалақай алқабы сақталған, сирек кездесетін өсімдіктер, суыр, безгелдек тағы да басқа жануарлар кездеседі. Бұдан басқа Тасқала ауылы айналасында Глазистая, Сундук гора, Синегорье таулары бар.
Ауданның гидрографикалық желісіне Шаған өзеніне құятын 90 шақырым ұзындығы бар- Деркөл өзені, 1-Шежін, 2-Шежін шағын өзендері кіреді. Киров бөгенінен бастау алатын Жайықбай каналы - Косшы, , Қазақстан, Шежін және Мереке ауылдық округтері аумағымен өтеді. Шежін ауылдық округінің аумағында «Бірқазан» мемлекеттік қорығы бар, онда суда жүзетін құстар мен жабайы аңдар қоныстаған.
Ауданның бұл жағдайы Орал қаласы мен аудан көлеміндегі аңшылар мен балық аулаушыларды былай қойғанда, Ресей Федерациясының көршілес Самара және Саратов губерниясының аңшы және балықшы әуесқойларын қызықтырады.
Аудан құрылған мезгілде барлығы 40 колхоз, 6 совхоз және  2 МТС қалыптасып, ауыл  шаруашылығымен айналысқан.
Кәзіргі таңда ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі 9 ауылдық округтен құралып, онда 28 елді мекен орналасқан.
 Ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының басым бағыты - мал шаруашылығы және егін шаруашылығы болып табылады.

3. Аудан әкімі және орынбасарлары мен аппарат басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі
Тасқала ауданы әкімі аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдаудың 2017 жылға арналған 
КЕСТЕСІ



Аты-жөні, әкесінің аты

Лауазымы

Қабылдау күні 
және уақыты

Әкімі аппаратының орналасқан орны

Байланыс телефоны

Әлиев Санжар Жұматайұлы

Аудан әкімі

Әр жұма сайын
сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін

Тасқала ауылы, Абай көшесі,23

8 (71139) 21-001
8 (71139) 21-372

Баяндыков Арсен Толқынұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Әр сейсенбі сайын
сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін

Тасқала ауылы, Абай көшесі,23

8 (71139) 21-400
8 (71139) 21-339

Жұбанышқалиева Люция Әсетқызы

Аудан әкімінің орынбасары

Әр сәрсенбі сайын
сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін

Тасқала ауылы, Абай көшесі,23

8 (71139) 21-139
8 (71139) 21-339

Мырзаш Медет Молдашұлы

Аудан әкімі аппаратының басшысы

Күн сайын
сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін

Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23


8 (71139) 21-239

 

4. НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ міндеттері:
«Тасқала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы,негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
«Тасқала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Тасқала ауданының атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.
Ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Тасқала ауданы әкімі аппаратының негізгі міндеттері мыналар болып саналады:
1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, әкімнің, әкімнің орынбасарларының және аудан әкімдігінің тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
3) аудан әкімі мен әкімдігі актілерін, аудан әкімі және оның орынбасарларының, аудан әкімдігі тапсырмаларын пәрменді, дер мерзімінде және мінсіз орындау;
4) аудан әкімін, оның орынбасарларын және аудан әкімдігін Тасқала ауданы аумағындағы істің жай-күйі туралы дер мерзімінде және толық хабардар ету.
Функциялары:
1) өз құзыры шегінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік бағдарламалардың және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының іске асырылуын қамтамасыз ету және бақылау, ұсыныстар әзірлеу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын аудан аумағында іске асыруға қатысады;
2) орталық атқарушы орган уәкілеттік берген өкілеттіктерге сәйкес республикалық бағыныстағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіреді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, республикалық бағыныстағы аумақтық органдардың қызметін үйлестіреді және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
3) Тасқала ауданының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру тетіктері мен әдістерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысады, осы мақсаттарда аудан аумағында атқарушы билік органдарынан талдау жүргізуге қажетті ақпараттарды сұрату және дер мерзімінде алу арқылы олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындайды, олардың орындалуын бақылайды, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша ұсыныстар мен болжамдарды жасақтайды;
4) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын бақылайды;
5) өндіріс, импорт алмастыратын өндірістерді дамыту үшін шетел кредиттерін және инвестицияларын тарту саласында дамудың басымды бағыттарын айқындау, өңіраралық байланыстарды үйлестіру және қор жүйесін жасақтау мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады және енгізеді;
6) облыс әкімі аппараттарымен, жергілікті уәкілетті органдармен, селолық округ әкімдерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
7) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, аудан әкімі мен әкімдігінің, аудандық мәслихаттың актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
8) аудан әкімі және оның орынбасарлары өткізетін активтерді, кеңестерді,кездесулерді, сапарларды және басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, аудан әкімін, оның орынбасарлары мен аудан әкімі аппараты қызметкерлерін шаруашылық, қаржылық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;
9) Тасқала ауданы әкімі аппараты жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
10) аудан әкімі мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді, қызметтік құжаттарды, хаттарды, азаматтардың арыз-өтініштерін қарауды, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады, келіп түсетін азаматтардың хаттары мен өтініштеріне, құжат ағынына талдау жасайды, іс жүргізуді, құпия құжаттармен жұмысты, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізуді қолдануды жолға қояды және жетілдіреді;
11) аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының сақталуын қамтамасыз етеді;
12) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтауын бақылауды ұйымдастырады және ішкі бақылауды жүзеге асырады;
13) облыстық және аудандық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін бағалау мәселелерімен шұғылданады;
14) ақпараттық технологияларды енгізу, электрондық құжат айналымы жүйесі мәселелерімен шұғылданады;
15) аудан әкімінің номенклатурасына кіретін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу, кадрлар резервін қалыптастыру, олардың оқуын, тағлымдамадан өтуін, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы жергілікті атқарушы билік органдарында кадр саясатын жүзеге асырады;
16) бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкімі мен оның орынбасарларының, аудан әкімдігінің қызметін жарықтандыруды жүзеге асырады, олармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жүргізетін ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдың жай-күйін, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіреді;
17) аудан әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарымен ауданда заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.
Аудан әкімінің аппараты өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін өз құзыры шегінде:
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды алуға, сондай-ақ оларға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;
2) мемлекеттік мекеменің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша барлық меншік нысанды кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды, өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұратуға және алуға;
3) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер қорын пайдалануға;
4) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен аудан әкімі аппаратының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
5) Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алуға;
6) аудан әкімдігінің отырыстарына, сондай-ақ бөлімдер, ауылдық округ әкімдері отырыстарына қатысуға;
7) аудан әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін аудан әкімі аппаратының құзырына жатқызылған мәселелерді шешуге қатысуға тартуға құқылы.

5. Пошта адресі:  Қазақстан Республикасы, 091000, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23
6. Электрондық пошта адресі: akimat.taskala@mail.ru
7. Байланыс телефоны: 8 (71139) 21372, 21001;
Факс: 8 (71139) 21339
8. Ресми интернет ресурсы: http://www.taskala-bko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»