Зеленов ауданы

ЗЕЛЕНОВ АУДАНЫ

1.АУДАН БАСШЫЛЫҒЫ

Шахаров Асхат Берлешұлы

Аудан әкімі

Залмұқанов Мұрат Дүйсенұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Жүніс Тәйшібай Орынбекқызы

Аудан әкімінің орынбасары

Шауенов Ринат Сатымұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Көбенов Абат Ізімғалиұлы

Аудан әкімі аппаратының басшысы

 

2.АУДАН ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ 
Зеленов ауданы Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы  7,4 мың шаршы шақырымды құрайды.Орталығы Переметный ауылы облыс орталығы Орал қаласынан 38 шақырымда орналасқан. Ауданның әкімшілік-аумақтық орналасуы: 22 ауылдық округ, оның ішінде 68 елді мекен.  
2017 жылдың 1 қаңтар  жағдайы бойынша халық саны 54,4 мың адамды құрады. 12 астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.
Аудан Ресей Федерациясының 3 облысымен Орынбор облысы (Первомай, Ташла аудандары), Самара облысы (Большечернигов ауданы)  және Саратов облысы (Озинки, Перелюб аудандарымен) шектеседі.
Зеленов ауданы аумағынан 3  халықаралық  дәрежедегі Самара-Шымкент, Уральск-Саратов, Атырау - Самара  автомобиль жолдары және Киев-Москва, Ташкент-Саратов темір жолдары өтеді.
Бұл өз кезегінде  Көлік-логистикалық  орталығын құруға толық  мүмкіншілік  туғызып,  облыстың,  ауданның  транзиттік, экспорттық, импорттық жүк тасымалына шекаралас сауда-экономикалық ынтымақтастықтың  дамуына және  энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік салаларында келіскен саясаттың жүргізілуіне екпін береді.
Ауданда жалпы білім беру және арнайы оқу орындары жүйесі жақсы дамыған. Ауданда 2 колледж, 46 жалпы білім беретін мектептер, соның ішінде 30 орта, 9 негізгі, 7 бастауыш және 1 кешкі мектебі бар. Сонымен қатар 2 саз мектептері, тәрбие процесін жүргізілетін орталығы, балалар туризм және экология орталығы, 48 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс жасауда. Бұлардың материалдық-техникалық базасы заман талабына сай нығаюда.
Зеленов  ауданының  рельефі  - оңтүстігінде өзен-сайлармен, құрғақ аңғарлармен қиылысқан және солтүстігінде биіктігі  100 және одан аса метрлі толқынды жондардан (Үлкен Сырт су айрығы сілемі)  тұратын  ойпат жазықтарды құрайды.
Зеленов ауданы №1 ауыл шаруашылық аумағына кіреді  -далалық, тұқым-мал  шаруашылықты  (облыстың  солтүстік  бөлігінде). Бұл  аймақта  тұқым, майлы  дақылдар, мал азығы өндірісі, картоп және көкөніс, жеміс-жидек егістері  шоғырланған. Мұнда  мал шаруашылығының сүт бағытындағы шаруашылықтар, шошқа және өнеркәсіптік құс шаруашылығы мен ет-жүнбағытындағы қой шаруашылығы жақсы дамыған.
Жер асты пайдалы қазбаларын дамыту (мұнай, газ, су, қиыршықтас, саз, әктаст.б.). Жер асты тұщы су қорын мол. Ауданның қолайлы рельефін ескеріп, жел, күн энергиясын пайдалануға болады.
Зеленов ауданы аумағынан Еуразия материгін  Еуропалық және Азиялық   бөлікке  жарып  ағатын  Жайық  өзенінің өтуі туристік бизнесті дамытуға да өте қолайлы.
Аудан аумағында ерекше тарихи жерлер бар. Олардың бірі - Михаил Шолохов атындағы Дариян мұражай кешені 

 

3.Аудан әкімінің және әкім орынбасарларының жеке тұлғаларды және заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау КЕСТЕСІ



Аты-жөні, әкесінің аты

Лауазымы

Қабылдау күні және уақыты

Әкім аппаратының орналасқан орны

Байланыс
телефоны



Шахаров Асхат Берлешұлы



әкім

апта сайын, сәрсенбі күні
сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін
апта сайын, сейсенбі күні
сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін



Переметный ауылы Гагарин көшесі 139
Дариян ауылы
Балдырған көшесі 26



87113022333


87113124063
87113124164



Залмұқанов Мұрат Дүйсенұлы



әкімнің орынбасары



апта сайын,
жұма күні
сағат 10.00-ден13.00-ге дейін



Переметный ауылы Гагарин көшесі 139



87113022848



Жүніс Тәйшібай Орынбекқызы



әкімнің орынбасары



апта сайын, дүйсенбі күні
сағат 10.00-ден13.00-ге дейін



Переметный ауылы Гагарин көшесі 139



87113022527



Ринат Сатымұлы Шауенов



әкімнің орынбасары



апта сайын,
сейсенбі күні
сағат 10.00-ден13.00-ге дейін



Переметный ауылы Гагарин көшесі 139



87113022466



Көбенов Абат Ізімғалиұлы



аппарат
басшысы

апта сайын,
бейсенбі күні
сағат 10.00-ден13.00-ге дейін

Переметный ауылы Гагарин көшесі 139



87113022959


4.НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ,МІНДЕТТЕРІ 
«Зеленов ауданы әкімінің аппараты»
1. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің және әкімінің    қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090600, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі, № 139.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 
«Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан әкімдігінің және әкiмнiң қызметiн қамтамасыз ету.
Міндеттері: аудан әкімінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) аудан әкімі аппаратының тоқсан сайынғы жұмыс жоспарын дайындау;
2) аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;
3) аудан әкімдігінің отырысына материалдарды дайындау;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі мен Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының, әкімдік қаулылары мен хаттамалық тапсырмаларының, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы облыс, аудан әкімін жүйелі түрде хабардар етіп отыру, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
6) аудан әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін әкімдік отырыстарын, сондай-ақ басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
7) аудан әкімі және оның орынбасарлары үшін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайын сипаттайтын материалдар дайындау;
8) аудан әкімдігі және әкіммен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің есебін, мониторингін, жүйеленуін және бақылау даналарын жүргізу;
9) кәсiптiк даярлық деңгейiн айқындау мақсатында аудан әкімі тағайындайтын лауазымдар тізбесіне кіретін кадр құрамына талдау жүргізу;
10) кадрларды оқытуды ұйымдастыру;
11) қызметтік құжаттарды қарау;
12) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
13) іс-жүргізу, әкімдікке келіп түскен хат-хабарларды өңдеу;
14) атқарушы органдармен бірлесе отырып, әкімдік отырыстарында қарау үшін мәселелер дайындау;
15) ауданның жергілікті атқарушы органдарының және аудан мен ауылдық округтер әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметкерлерінің қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
16) мемлекеттік сатып алуды жүргізу және ұйымдастыру;
17) азаматтық хал актілерін тіркеумен байланысты жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру;
18) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
19) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, жеке тұлғалардан және өзге де ұйымдардан аудан әкімдігінің және әкімінің, аудан әкімі аппаратының құзыретінежататын мәселелер бойынша ақпаратты және құжаттарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуына тексерулерді тұрақты негізде жүргізуге, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау;
3) әр деңгейдегі әкімдіктердің отырыстарына, алқаларына, жергілікті атқарушы органдардың жиналыстарына қатысу;
4) аудан әкімінің қарауына, аудан әкімдігінің отырыстарына енгізілетін сұрақтарды дайындау үшін аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін қатысуға тарту;
5) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
6) «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аудан әкімі аппаратының негізі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
 «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
1. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
2. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
3. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
3. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру және жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) аудан әкімімен тағайындалатын лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізеді;
3) аудан әкімдігінің және әкімінің қабылдаған актілерінің орындалуына бақылау жұмысын үйлестіреді;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және қызметтік құжаттарға қол қояды;
5) техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын аппарат қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту және көтермелеу жөніндегі мәселелерді шешеді;
6) «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
7) «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі мен аражатына Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес билік етеді;
8) шарттар мен келісімдер жасайды, есептік құжаттарға қол қояды, сенімхаттар береді;
9) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
«Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
6. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
7. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
8. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5.Пошта мекен-жайы: 090600, Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі, 139
6.Электрондық пошта мекен-жайыzel_ob_otdel@mail.ru 
7.Анықтама телефоны: +7 (71130) 22-333, 22-959, Факс: +7 (71130) 22-333
8.Ресми интернет ресурсhttp://zelenov-bko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»