Басшылық

Батыс Қазақстан облысының әкімі - Алтай Сейдірұлы Көлгінов

kulginov

Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген.

Алтай Көлгінов А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен.

2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.

2008-2010 жылдары — «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары.

2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды.

2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі 


Облыс әкімінің бірінші орынбасары - Өтеғұлов Арман Кәрімұлы

А.К.Өтеғұлов 1964 жылы туған, білімі жоғары, 1989 жылы Саратов зоотехниктік-малдәрігерлік институтын ветеринар-дәрігер, 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

1989-1996 жылдар кезеңінде Фурманов ауданындағы «Ақкөл» кеңшарында аға, бас ветеринарлық дәрігер болып жұмыс істеді.

1996-1998 жылдарда – Қазталов ауданындағы «Талдыапан» ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры.

1998-2002 жылдарда – Қазталов ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратының агроөнеркәсіптік кешені мәселелері жөніндегі бас инспекторы.

2002-2010 жылдары – Қаратөбе ауданының әкімі.

2010-2013 жылдары – Теректі ауданының әкімі.

2013-2014 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

2014-2015 жылдары облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылдың қаңтарынан бері облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Баяндамалары


Облыс әкімінің орынбасары - Тоқжанов Марат Лұқпанұлы

Turegaliev Nariman

Марат Лұқпанұлы Тоқжанов 1965 жылы туған, білімі жоғары, Қарағанды мемлекеттік университетін (тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша), Қазақ мемлекеттік заң академиясын (заңгер) бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Жезқазған облысы, Сәтбаев қаласындағы мектеп-интернатта мұғалім болып бастаған.

1990-1991 жылдары Сәтбаев қалалық комсомол комитетінің екінші хатшысы;

1991-1994 жылдары Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтының саяси тарих кафедрасының ассистенті;

1994-1999 жылдары Алматы қаласындағы «Ақжайық ЛТД» ЖШС директоры, кейін ҚР Ғылым Министрлігінің Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының аға ғылыми қызметкері;

1999-2000 жылдары Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бұқаралық ақпарат құралдары және насихат бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы;

2000-2003 жылдары ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мемлекеттік құпияларды қорғау және мемлекеттік материалдық резерв жөніндегі Комитеттің кадрлар бөлімінің меңгерушісі; Сол жылы республикалық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспекциялық басқарманың бөлім бастығы болып істеген;

2003-2004 жылдары ҚР Әділет министрлігі ішкі әкімшілік Департаментінің бөлім бастығы;

2004-2007 жылдары Қарағанды облысы, Теміртау қалалық әділет басқармасының бастығы;

2007-2008 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары;

2008-2010 жылдары Шыңғырлау ауданының әкімі;

2010-2012 жылдары облыстық білім басқармасының бастығы, 2012 жылдан Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы.

2013-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

2016 жылдың 5 сәуірінен бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

 

Баяндамалары

 


Облыс әкімінің орынбасары - Стексов Игорь Валерьевич

Стексов Игорь Валерьевич 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2000 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит», 2010 жылы Еуразия академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2001-2005 жылдары – «Қазақстан Халық банкі» ААҚ Батыс Қазақстан филиалының /Орал қаласы/ менеджері, жетекші маманы, несие жөніндегі маманы, несие жөніндегі сарапшысы, сектор меңгерушісі, тәуекелдік менеджері, несие басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

2005-2008  жылдар арасында «Қазақстан Халық Жинақ банкі» ААҚ Батыс Қазақстан филиалының /Орал қаласы/ бас менеджері, бөлім бастығы, директордың орынбасары

2008-2010 жылдары –«Еуразиялық банкі» АҚ №13 филиалы /Орал қаласы/ директорының орынбасары, бөлім бастығы болып еңбек етті.

2010-2011 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалының /Орал қаласы/ штаттан тыс менеджері.

2011-2012 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалының /Өскемен қаласы/ директоры.

2012-2013 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мониторинг департаментінің директоры. /Алматы қаласы/

2013-2014 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Атырау облысы бойынша өңірлік филиалының /Атырау қаласы/ директоры.

2014-2015 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалының /Орал қаласы/ директоры болып қызметін атқарды.

2015 жылдың қаңтарынан бері Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінде.


Облыс әкімінің орынбасары – Бағдат Оразалдыұлы Азбаев

Бағдат Оразалдыұлы Азбаев 1974 жылы Алматы облысында туған, білімі жоғары. Қазақ аграрлық университетін (орман шаруашылығы инженері), қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін (экономика және бизнес бакалавры) бітірген.

Еңбек жолын 1997-2001 жылдары Алматы облысы, Үйгентас ауданында «Автотехобслуживание» ЖШС-да механик, бас инженер қызметтерінен бастаған.

2001-2013 жылдары «Астана – көгалдандыру құрылысы» АҚ шебер, прораб,бас директордың бірінші орынбасары, кейін «Астана-Орманы» МКК директоры;

2013-2014 жылдары ҚР Қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы Комитетінің төрағасы болып істеген;

2014-2015 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы.

2016 жылдың маусым айынан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.


Облыс әкімінің орынбасары - Қонысбаева Бибігүл Тишанқызы

Қонысбаева Бибігүл Тишанқызы 1975 жылы туған. Білімі – жоғары. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын (қаржыгер), Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын (экономист) бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Шыңғырлау аудандық қаржы бөлімінің халық шаруашылығын қаржыландыру жөніндегі аға экономист қызметінен бастаған.

1996-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының экономисі, аға маманы, жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы болып қызметтер атқарған.

2005-2008 жылдары Батыс Қазақстан облысы қаржы департаментінің бөлім бастығы.

2008-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының бөлім бастығы.

2011-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы.

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.

2015-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы.

2016 жылдың 5 сәуірінен бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.


Nogaev

Облыс әкімі аппаратының басшысы - Қанат Шәріпұлы Қанаев

Қанат Шәріпұлы Қанаев 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы – экономист-менеджер және заңгер. Ол 1998 жылы Павлодар университетін, 2002 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.

2000 жылдан бері мемлекеттік қызмет атқарып келеді. Әуелі Екібастұз, сосын Павлодар қаласында сот орындаушысы болып еңбек еткен. Содан кейін Павлодар облыстық соттар әкімшілігі құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы,

2004-2005 жылданры ҚР Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі комитетінің жетекші маманы,

2005-2006 жылдары бастап ҚР Әділет министрлігі кадрлармен жұмыс басқармасының бас маманы,

2006-2010 жылдары ҚР Қаржы министрлігі кадрларды қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің бас маманы, бөлім басшысы қызметін атқарды.

2010 жылдың сәуір айынан ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының кеңесшісі, 2011 жылдың қыркүйегінен хатшылықтың сектор меңгерушісі болды.

2016 жылдың 29 сәуірінен БҚО әкімі аппаратының басшысы.


 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan