Шегіртке тұқымдас зиянкестермен күрес бойынша шараларды үйлестіру жөніндегі облыстық штабы

Шегіртке тұқымдас зиянкестермен күрес бойынша шараларды үйлестіру жөніндегі облыстық штабы
(облыс әкімдігінің №213 қаулысы 15.07.2016 ж.)

ҚР «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңын және ҚР Үкіметінің «Қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және зиянды организмге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі жедел іс-шаралар қабылдау мақсатында облыстық штаб құрылды.
Штаб облыс әкімінің бірінші орынбасарынан, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО аумақтық инспекциясының басшысынан, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысынан, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі БҚО филиалының директорынан, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығынан, БҚО жер қатынастары басқармасынан, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО аумақтық инспекциясы өсімдіктерді қорғау бөлімінің басшысынан, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитория» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны БҚО филиалының директорынан тұрады.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan