Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы

1.Қызмет туралы қысқаша ақпарат
«Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады.

2. БҚО құрылыс басқармасының басшысы мен орынбасарларының жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі


А.Т.Ә.

ЛАУАЗЫМЫ

ҚАБЫЛДАУ КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАР

Уксукбаев Арман Серикович

Басқарма басшысы

Аптаның әр сәрсенбісі
16.00 -18.00-ге

51-27-30

Антазиев Алибек Сайнович

Басқарма басшысының орынбасары

Аптаның әр бейсенбісі
16.00 - 18.00

50-95-37

Имашев Дулат Бауыржанович

Басқарма басшысының орынбасары

 

50-95-37

3. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ:

  1. БҚО құрылыс басқармасы мемлекеттік қызметтерді көрсетпейді.

4.Нeгізгі функциялары, мақсаттары мен міндеттері:
«Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекеменің миссиясы:
Сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағымемлекеттік саясатты іске асыру.
Міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес әлеуметтік-мәдени мақсаттағы жаңа объектілерді салу және қолданыстағы объектілерді реконструкциялау;
2. Аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бір бөлігін аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
3. объектілер мен кешендердің ведомстволық бағыныстағы аумағында салынуы (реконструкциялау) белгіленген объектілерге мониторингті жүзеге асыру;
4. Облыс аумағын қала құрылыстық игеру барысында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет, қала құрылысы, құрылыс және өзге де жобалау құжаттамаларының, мемлекеттік нормативтердің, сәулет және қала құрылысы туралы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
5. халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы ба қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
6. “Батыс Қазақстан облысының құрылысы басқармасы” мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, облыс әкімінің және әкімдігінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттер.
Функциялары:
1. облыстық коммуналдық меншік және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу, реконструкциялау бойынша тапсырыс беруші ретінде қатысады;
2. аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алады;
3. облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларына келісім береді;
4. халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізеді;
5. облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкімшілік-аумақтық бөліністердің шекараларын белгілеу немесе өзгерту жөнінде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгізеді;
6. мемлекеттік инвестициялар есебінен, не олардың қатысуымен салынып жатқан (салынған) барлық объектілерді мемлекеттік қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдауын жүзеге асырады;
7. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.

5. Пошталық мекен-жай: БҚО, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, № 116 үй, индексі 090006.
6. Электронды пошта мекен-жайы: zko.agis@list.ru
7. Байланыс телефоны: 50 95 37
8. Ресми интернет ресурсы: www.stroy-bko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan