Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

1. Басқарма туралы қысқаша мәлімет
«Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдау тәртібі


Т.Ә.Ж

ЛАУАЗЫМЫ

ҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІ МЕН УАҚЫТТАРЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

Нұрғалиев Салауат Габбасұлы

Басқарма басшысы

әр сейсенбі және бейсенбі 15.00-17.00 дейін

26-96-16

 

3.НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ:
«Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
жер құқығы қатынастары саласында мемлекеттік бақылау болып табылады.
Міндеттері:
Мемлекеттiк бақылаудың мiндеттерi мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады.

Функциялары:
1) мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтау;
2) жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеу;
3) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарын сақтау;
4) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзу;
5) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беру;
6) жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын үй және өндiрiстiк объектiлердi жобалау, орналастыру мен салу;
7) жердi жақсарту, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестер салдарының алдын алу мен жою жөнiндегi iс-шараларды уақтылы және сапалы орындау;
8) азаматтардың оларға жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiн сақтау;
9) межелiк белгiлердi сақтау;
10) жергiлiктi атқарушы органдардың уақытша жер пайдалануға берген жерлерін уақтылы қайтару;
11) бүлiнген жерді қалпына келтіру;
12) жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу, сақтау және пайдалану;
13) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын және басқа да жобаларды жүзеге асыру;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәселелерді жүзеге асырады.

4. Пошталық мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі, 22 үй
5. Электрондық поштаның мекенжайы:  zkozem@mail.ru
6. Анықтама қызметтері телефондары: 26-96-16
7. Ресми ннтернет ресурсы: zemcontrol-bko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»