Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

1.Қысқаша мәлімет «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы саласында жергілікті мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыруға уәкілетті атқарушы орган болып табылады.

2. Басқарма басшысының және басшының орынбасарларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі

АТЫ-ЖӨНІ

ЛАУАЗЫМЫ

ҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІ МЕН УАҚЫТТАРЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

Есенғалиев Берік Абатұлы

Басқарма басшысы

сәрснбі
сағат 17-19 дейін

51-27-42

Халиуллин Жасұлан Жолдыбайұлы

Басқарма басшысының орынбасары

жұма
сағат 17-19 дейін

51-29-64

 

 3. Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі:
1)    Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау
2)    Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау
3)    Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау
4)    Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау
5)    Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу
6)    Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау
7)    Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау
8)    Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау
9)    Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау
10)  Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау
11)  Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау
12)  Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау
13)  Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру
14)  Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру
Міндеттері:
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
5) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
6) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
7) өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Функциялары:
1)    Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейді;
2)    агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асырады;
3)    агроөнеркәсiптiк кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету, агроөнеркәсiптік кешен кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
4)    шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастырады;
5)    «Агроөнеркәсіптік кешендегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізуді жүзеге асырады;
6)    агроөнеркәсiптiк кешен өнiмiнің саудасы бойынша көтерме базарларды ұйымдастырады;
7)    азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізеді;
8)    азық-түлік тауарларын сатып aлу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады;
9)    өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласындағы инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
10)  жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алу, күту және өз төлi есебінен кең ауқымда өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастырады;
11)  отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлеріне өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз етеді;
12)  Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді;
13)  тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізеді және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсынады;
14)  агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыруды жүзеге асырады;
15)  агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыруды жүзеге асырады;
16)  кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін әзірлеуді жүзеге асырады;
17)  қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;
18)  ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;
19)  мыналар:
агроөнеркәсіптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тарту;
бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;
тоған, тауарлы көл, балық өсiретiн су шаруашылықтарын және балықты қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту;
мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасаубойынша iс-шаралар әзiрлейді;
20)  бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін жасайды;
21)  агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi мен дамуы үшін жағдай жасайды;
22)  ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделейді және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
23)  агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға береді;
24)  әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасайды;
25)  азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде сатып алу және тауар интервенцияларын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорының жаңартылуын жүргізу туралы шешім жобасын жасайды;
26)  азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асырады;
27)  азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияны құру туралы ұсыныс енгізеді;
28)  агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асырады;
29)  агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға аккредиттеу жүргізеді;
30)  агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялауды жүзеге асырады;
31)  агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастырады;
32)  ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асырады;
33)  басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау бойынша шараларды жүзеге асырады;
34)  ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды жүзеге  асырады;
35)  асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығарады;
36)  республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөледі;
37)  бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;
38)  асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;
39)  астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
40)  табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландырады, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіреді және енгізеді;
41)  бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асырады;
42)  ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдауын жүзеге асырады;
43)  астық қабылдау кәсіпорындарына келесі бақылауды жүзеге асырады:
бекітілген кестеге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайын тексереді;
астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдейді;
44)  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады;
45)  Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларының сақталуына бақылау жүргізеді;
46)  Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
47)  әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде астық нарығын мониторингтеуді жүзеге асырады;
48)  астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
49)  «Астық туралы» Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салады;
50)  астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
51)  астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз береді;
52)  астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
53)  астықтың сандық-сапалық жай-күйіне бақылау жүргізеді;
54)  астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жібереді;
55)  астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органына енгізеді;
56)  астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
57)  тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
58)  уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді;
59)  тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізеді;
60)  рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
61)  облыс бойынша тұқымдар баланстарын жасайды;
62)  ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
63)  құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтандыру және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;
64)  бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;
65)  сұрыптық және тұқымдық бақылауды, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, топырағын бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
66)  тиісті аумақта тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асырады;
67)  Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңының 6-1 бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
68)  субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;
әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін – элиталық тұқымдар бойынша айқындайды;
69)  субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
70)  байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
71)  ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
72)  тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде:
субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұрады;
73)  мыналар:
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялайды;
74)  карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;
75)  мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады;
76)  уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдауды ұйымдастырады;
77)  агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
78)  сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және осы Заңның талаптарын сақтамауы туралы істерді қарайды;
79)  агенттен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың тиiстi аумақтағы сақтандырылған өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi көрсетiлген тiзбесiн сұратады;
80)  өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұратады және алады;
81)  өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгiлейдi;
82)  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды;
83)  жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4. Пошталық мекен-жайы: БҚО, Орал қ. Қасым Аманжолов к-сі.,75 үй
5. Электронды пошта:  zko_selhozup@bko.gov.kz
6. Анықтама қызметі телефоны: 51-27-42
7. Ресми интернет ресурс: http://selhoz-bko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan