Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 1.Қызметі туралы қысқаша ақпарат
«Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» табиғат ресурстарының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және реттеу, орман және аңшылық ресурстарын қорғау, күзету және қалпына келтіруді қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру, жергілікті маңызы бар су нысандарын басқару, табиғат қорғау шараларын, жобаларға экологиялық сараптама жүргізу болып табылады.
 

2. Жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесі


Т.А.Ж

Лауазымы

Қабылдау күні және уақыты

Байланыс телефоны

Дәулетжанов Амангельды Медхатұлы

Басқарма басшысы

Сейсенбі-Бейсенбі 14.30-18.00

50-92-70

Амангалиев Ақылбек Теміржанұлы

Басқарма басшысының орынбасары

Жұма                  
14.30-18.00

51 10 57

Ихсанғали Махамбет Мәтенқожа

Басқарма басшысының орынбасары

Сейсенбі           
14.30-18.00

26 48 21

3.ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру
2.Рұқсат беру қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға және пайдалы қазбаларды орналастыруды, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын
3.Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу
4.Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу
5. Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
6.Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру 7.Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу
8.II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру
9.II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру
10.Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру
11. Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру
12.Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу
13.Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы
14. «Ағаш кесу және орман билетін беру»
15. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру
16.Орман ресурстары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру  

4.БАСҚАРМАНЫҢ МИССИЯСЫ:
«Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі  (бұдан әрі - Басқарма) орман, су шаруашылығы, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғат аумақтары салаларында мемлекеттік басқару қызметін орындауға және табиғат пайдалануды реттеуге уәкілетті жергілікті атқарушы орган болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері:
1) орман және жануарлар дүниесін күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеу
2) су ресурстарын тиімді пайдалану және оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
3) облыс аумағында экологиялық қауіпсіздікті камтамасыз ету

Функциялары:
Басқарма өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) уәкiлеттi органдармен келiсе отырып, қоршаған ортаны қорғау, орман және жануарлар дүниесін күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру, су ресурстарын тиімді пайдалану шаралары қарастырылған басқарманың стратегиялық жоспарын әзірлейді және олардың іске асырылуын қадағалайды;
2) уәкiлеттi органдармен келiсе отырып, аумақтық даму бағдарламасын әзірлеуге қатысады;
3) қоршаған ортаны қорғау саласында инвестициялық жобаларды әзiрлеудi ұйымдастырады және оларды уәкiлеттi органдарға табыс етедi ;
4) мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді және iске асырады:
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін (сүректі түбірімен босату үшін мөлшерлемелерді қоспағанда), жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының жобаларын дайындайды ;
6) уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлейдi ;
7) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн әзірлейді, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын бекітуге әзірлейді ;
8) өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдауға қатысады ;
9) орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
10) уәкiлеттi органның және облыстың жергілікті өкiлдi органының қатысуымен өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
11) бассейндік кеңестер мен бассейндік келісімдердің жұмыстарына қатысады
12) коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебі туралы құжаттарды жинақтайды
13) Өзен бассейндері бойынша су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану схемасын әзірлеуге қатысу
14) уәкілетті органның жергілікті бөлімшесінің келісімімен жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекітуге ұсынады
15) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейдi және келіседі
16) ІІ, ІІІ және ІV санат объектілерінің шаруашылық қызметіне экологиялық сараптама жүргізеді 
17) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына енгізеді 
18) ІІ,ІІІ және ІV санат объектілеріне қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді.

5. Мекен жай: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Дамбы тұйығы 5/1.
6.Электрондық пошта мекенжайы: zko_forest@mail.ru, uralskorman@mail.ru, prirodakz@mail.ru
7.Анықтама қызметі телефоны: 50-92-70
8.Ресми интернет ресурсы: www.priroda-bko.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan