Батыс Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы

1. Қызметі туралы қысқаша ақпарат
«Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.  

2. Батыс қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы мен басшысының орынбасарларының жеке және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау кестесі

Әр айдың бейсенб ікүні

сағат 14.30-дан 18.30-ға дейін

Т.А.Ә

Лауазымы

Кабинет

1

Шарафутдин

Қуаныш

Серікұлы

Басшының

орынбасары

203

2

Тоқжанов

Бекжан

Нұрланұлы

Басшының

орынбасары

201

 

3. Батыс қазақстан облысы бойынша электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік қызметтер тізбесі:
1. «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру»;
2. «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру».             

4.НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
«Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Батыс Қазақстан облысының дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу энергетика саласындағы мемлекеттік саясатты, мұнай-газ кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.
Міндеттері:
1. энергетика, коммуналдық шаруашылық, мұнай-газ секторы кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің, қызмет көрсететін кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;
2. энергия үнемдеу, электр энергетикасын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және жаңғырту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3. облыстың өндірістік және әлеуметтік кешендерін жылыту маусымына дайындау және тұрғын үй қорының жағдайына мониторинг жүргізу;
4. коммуналдық қызметті тұтынушылар мен қызмет көрсететін кәсіпорындар арасында үйлесімді қызметті жүзеге асыру;
5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Функциялары:
1. энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуге қатысу;
2. энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету;
3. облыстың электр энергетикасы кешенiнiң қауiпсiз, сенiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
4. тұтынушылардың жылу пайдаланатын құрылғыларын пайдалануын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
5. жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау;
6. жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізу;
7. жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келісу;
8. барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығының паспорттарын беру;
9. 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытындылар беру;
10. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
11. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асыру;
12. тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
13. профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізу (инфекциялық және паразиттік аурулар табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда);
14. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.  

5. Пошта мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы Х.Чурина көшесі 116, 2 қабат
6. Электрондық пошта адресі: Depenerg-zko@mail.ru
7. Анықтама қызметінің телефоны: 50-79-90
8. Ресми интернет ресурс: Energy-bko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»