Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

1. Басқарманың қызметі туралы қысқаша мәлімет

«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс әкімдігінің 2015 жылғы «20» қаңтардағы № 14 қаулысымен құрылып, 2015 жылғы «5» ақпанда әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орган болып табылады.

2. Басқарма басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың уәкілдерін қабылдау кестесі

А.Ә.Т.

ЛАУАЗЫМЫ

ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ЖӘНЕ УАҚЫТЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

Сейтқали Бауыржан Болат-ұлы

Басқарма басшысы

Сәрсенбі
14.30 – 18.30

51-52-31
8 777 183 31 94

3. БҚО БОЙЫНША СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Іздестіру қызметіне лицензия беру;
2. жобалау қызметіне лицензия беру;
3. құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру;
4. үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру;
5. сарапшыларды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыру мен инжинирингтік қызметтер көрсету құқығына аттестаттау;
6. тапсырыс беруші функцияларын жүзеге асыру және құрылыс объектілерін өткізу үшін құрылыс жобаларын басқару жөніндегі инжинирингтік компанияларды аккредиттеу.

4. НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Батыс Қазақстан облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
Міндеттері:
«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан облысының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инспекциялау, лицензиялау, аттестаттау жөніндегі міндеттерді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес тексеру нысанында және өзге де нысандарда сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асырады;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында лицензиар функцияларын жүзеге асыру;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
5) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан және пайдалануға берілген объектілердің мониторингі;
6) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану;
7) техникалық және авторлық қадағалаулар қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
8) объектiлерді салу кезінде тапсырыс берушiнiң (меншік иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруына және жүзеге асыруына бақылауды жүзеге асыру.
           
5. Пошталық мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116, үй 4 қабат.
6. Электронды пошта мекенжайыzko.gask@bko.gov.kz
7. Анықтама қызметінің телефоны: 51-43-61
8. Ресми ғаламтор ресурсы: gask-bko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan