Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы

1. Қызметі туралы қысқаша ақпарат

«Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

2. «БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ 

Т.А.Ә.

ЛАУАЗЫМЫ

ҚАБЫЛДАУ КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

Мұханбетжанова

Әлия

Биғазықызы

Басқарма басшысы

БЕЙСЕНБІ

16:00-18:00

506646

-

Басқарма басшысының орынбасары

-

-

 

3. БҚО БОЙЫНША ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТІЗБЕСІ:

  1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  2. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  3. «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  4. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  5. «Суармалы егiстікті алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  6. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  7. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  8. «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  9. «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін ақындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет.

4. НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

«Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Батыс Қазақстан облысы аумағында жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыру.

Міндеттері:

Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Функциялары:

1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-
зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

3) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;

4) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

5) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

6) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

8) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

9) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

11) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

12) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;

13) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

15) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

16) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне ауыртпалықты белгілеуге және тоқтатуға өтініш беру;

17) орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну.

5. Пошта мекенжайы: индексі 090006, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 үй.

6. Электрондық пошта мекенжайы: uzo_zko@bko.gov.kz

7. Анықтама қызметтерінің телефондары: 506646 (қабылдау бөлмесі)

8. Ресми интернет-ресурс: www.zhkb-bko.gov.kz 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»