Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

1.Қысқаша ақпарат
Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстың жол шаруашылығы мен көлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.Батыс қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы мен басқарма басшысы орынбасарларының жеке және заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау кестесі

Т.А.Ә.

Лауазымы

Қабылдау күні мен уақыты

Байланыс телефоны

Шакаев Медет Махамбетұлы

Басқарма басшысы

Сәрсенбі

15.00-17.00

51-91-64

Бос орын

Басқарма басшысының орынбасары

Дүйсенбі

15.00-17.00

51-91-37

Менеев Қазбек Абдолғазезұлы

Басқарма басшысының орынбасары

Жұма

15.00-17.00

51-91-55

Ресми интернет-ресурсы: bkozhol.gov.kz

3. Батыс қазақстан облысының жол шаруашылығы мен көлік саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі:

  1. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы(көрнекі) жарнама орналастыруға рққсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
  2. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
  3. «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

4.НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН МІНДЕТТІРІ:
"Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесініңмиссиясы:
"Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жол шаруашылығы мен көлік саласында миссиясы Батыс Қазақстан облысының көлік жүйесінің жағдайын жақсарту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру болып табылады.
Міндеттері:
1) автомобиль көлігі, жолдар және жол қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) жалпы пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары желісін дамыту, жалпы пайдаланылатын жолаушылар көлігі қызметін үйлестіру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Функциялары:
1)жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу;
2)Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
3)  облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4)облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін басқару;
5) Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтау.

5. Почта мекен-жайы: БҚО, Орал қ, Х.Чурин көшесі, 116, 090006
6. Электрондық почта адресі: zko-transavtodor@mail.ru
7. Телефон: 51-91-64
8. Ресми интернет-ресурсы: deptransport-gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»