Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

1.Қызметі жөнінде қысқаша ақпарат 
«Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан облысының индустриалдық, технологиялық және инновациялық стратегиясын қалыптастыру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, кәсіпкерлік, сауда, жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуларында жергілікті қамтуды дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 

2.Батыс қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысының және басшысының орынбасарының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі


А.Т.Ж

ЛАУАЗЫМЫ

ҚАБЫЛДАУ КҮНІ УАҚЫТЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

Жалмағамбетов Арман Жанатұлы

Басқарма басшысы

Сәрсенбі 15-00 – 17-00

50-80-09

Ибраимов Бақдаулет Талғатұлы

Басқарма басшысының орынбасары

Бейсенбі 15-00 - 17-00

50-80-09

Сапарғалиев Руслан Қайыржанұлы

Басқарма басшысының орынбасары

Жұма 15-00 - 17-00

50-80-09

3. батыс қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қызмет көрсету:

  1. Мемлекеттік қызмет

4. негізгіфункциялары, міндеттері:
«Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновацияық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға жәрдемдесу және жетілдіру.
Міндеттері:
1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамытудың мемлекеттiк саясатын iске асыру;
2) Батыс Қазақстан облысының аумағында жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;
 Функциялары:
1) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
2) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) өңдеу өнеркәсібі секторы мен шағын және орта бизнес кәсіпорындары өндіретін, соның ішінде экспортқа бағдарланған өнімдерді шығару, көлемін талдау, бағалау және болжам жасау;
5) шығарылатын өнімнің, орындалатын жұмыстың және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында халықаралық стандарттар енгізуге жәрдем көрсету;
6) Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Батыс Қазақстан облысында іске асыру, инновацияларды, жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған өндірістерді енгізуге, облыстың өңдеу өнеркәсібі секторын тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік және аймақтық саясатты жүргізу;
7) инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
8) индустрияландыру картасы және өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасы шеңберінде инвестициялық жобаларға бақылау жүргізуді және мониторингті жүзеге асыру;
9) жергілікті қамтуды дамыту бойынша жүйе құраушы кәсіпорындарға мониторинг жүргізу;
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

5. Пошталық мекенжайы: 090006, БҚО Орал қ., Х.Чурин көшесі, 116
6. Электрондық пошта мекенжайы: upiir@bko.gov.kz
7. Анықтама қызметінің телефоны:  50-80-09

8. Ресми интернет ресурсы: http://www.business-bko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»