Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

1.Басқарманың қызметтері туралы қысқаша ақпарат:

«Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын қалыптастыруға және қол жеткізуге ықпал ететін, мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру саласында басшылықты жүзеге асырады.

 

2.Басқарма басшысының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауының кестесі



Аты-жөні, әкесінің аты

Лауазымы

Қабылдау күні және уақыты

Байланыс

телефоны

 

Манкараев Кайсар Закирович

 

Басқарма басшысы

Сәрсенбі

16.00-17.00

 

504393

Кулкаев Алтай Есмагулович

Басқарма басшысының орынбасары

Сейсенбі

16.00-17.00

513573

Имашев Дулат Бауыржанович

Басқарма басшысының орынбасары

Бейсенбі

16.00-17.00

503425

Абенова Асемгуль Тасбулатовна

Басқарма басшысының орынбасары

Жұма

16.00-17.00

509077

 

3. Экономика саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізімі:

1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

4. Негізгі функциялары, мақсаттар мен міндеттер:

Миссиясы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын стратегиялық жоспарлау және қалыптастыру, облыстың бюджет саясатының негізгі басымдықтарын бюджеттік жоспарлау және қалыптастыру болып табылады.

Міндеттері:

1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын стратегиялық жоспарлау және қалыптастыру;

2) облыстың бюджет саясатының негізгі басымдықтарын бюджеттік жоспарлау және қалыптастыру

Функциялары

1) облыс аумақтарын дамыту бағдарламасын әзірлеу, түзету және іске асырылуына мониторинг жүргізу;

2) аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтарын дамыту бағдарламаларын әзірлеу және түзету кезінде келісу;

3) аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру және мониторинг жүргізу саласында әдістемелік қамтамасыз ету;

4) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;

5) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау және мониторинг жүргізу;

6) үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетінің негізгі параметрлерін, жоспарлы кезеңге арналған облыс бюджетінің жобасын әзірлеу;

7) аумақтық салық органымен бірлесіп, жергілікті бюджетке кірістерді болжау;

8) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша шығыстар көлемдерін болжау;

9) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау және олар бойынша қорытындылар әзірлеу;

10) жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджетті бекiту, нақтылау туралы облыстық мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу және оны облыстың бюджеттік комиссиясының қарауына ұсыну;

11) тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті бекіту, нақтылау туралы облыстық мәслихат сессиясының шешімін іске асыру жөнінде облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

12) үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджет және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу;

13) бюджеттік жоспарлау процесін әдістемелік қамтамасыз ету;

14) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық қорытындыларын қарау және әзірлеу;

15) жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;

16) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы iске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негiздемелері бойынша экономикалық қорытынды әзірлеу;

17) ауылдық жерлердегі әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды үйлестіру және мониторинг жүргізу;

18) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаға сараптамаға жіберу;

19) жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаның сараптамасы негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына қорытынды дайындау;

20) тиісті сараптамалар мен келісулер негізінде конкурстық құжаттама бойынша және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүймелдеу жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындылар қалыптастыру және оларды бюджеттік комиссияның қарауына енгізу;

21) бюджеттік комиссия мақұлдаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін және консультациялық сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыру;

22) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

5. Пошта мекен жайы: БҚО, Орал қаласы, Достык-Дружба даңғылы, 201 үй.

6. Электрондық мекен жайы: economica@westkaz.kz

7. Анықтама телефоны: 504393, факс 513552

8. Ресми интернет-ресурсы: economica-bko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan