Батыс Қазақстан облысының бiлiм басқармасы

1. БҚО Білім басқармасы туралы қысқаша мәлімет
1. "Батыс Қазақстан облысының бiлiм басқармасы" мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрi - Басқарма) облыс аумағында мектепке дейiнгі, мектептен тыс, орта жалпы, бастауыш және орта кәсiптік, қосымша бiлiм беру, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жүйесiндегi мемлекеттiк басқару қызметін атқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң нормативтiк құжаттарына, облыс әкімдігінің қаулыларына, облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2.БҚО білім басқармасы басшысы мен басшы орынбасарларының азаматтарды қабылдауға арналған кестесі

Аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау кестесі

Телефон

 

Басқарма басшысы

апта сайын, сәрсенбі күні сағат 9.00-ден 11.00-ге дейін

26-04-68

 

Басқарма басшысының орынбасары

апта сайын, жұма күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін

24-20-29

Ғұмарова Зәуре Базарғалиқызы

Басқарма басшысының орынбасары

апта сайын, сейсенбі күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін

26-04-70

Сабиров Нұрлан Менешұлы

Басқарма басшысының орынбасары

апта сайын, жұма күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін

26-04-76

3. БҚО  білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі:
1. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру;
2. Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу;
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру;
4. Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру;
5. Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау;
6. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру;
7. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау;
8. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу;
9.Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау;
10. Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау;
11. Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;
12. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету;
13. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және оларға психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
14. Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;
15. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;
16. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою;
17. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
18. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;
19. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;
20. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;
21. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну;
22. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру;
23. Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау;
24. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
25. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру;
26. Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
27. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау;
28. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау;
29. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру;
30. Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау;
31. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау;
32. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау.
4.Негізгі қызметі, міндеті:
Міндеті:
1) білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында кепілді ақысыз орта білім алуын қамтамасыз ету;
3) ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіптік бағдарлауға бағытталған білім беруге қажетті жағдай жасау;
4) қоғамның өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне және жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес облыстың білім беру жүйесін дамыту және әлеуметтік қорғау;
5) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қорғаншы болуды және қамқоршылыққа алуды  ұйымдастыру;
6) білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамыту, қаржылай қамтамасыз етілуін жақсарту;
7) білім беруде, соның ішінде білім беру мекемелерін басқаруда инновациялық процестерді кеңейту;
8) білім беру органдарының өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, жұртшылықпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен қызмет аясын кеңейту.
Қызметі:
1) аймақтық бағдарламаларды жасауға қатысады және білім беруді дамытудың  жоспарларын жүзеге асырады;
2) орта, орта кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарына аттестаттау жүргізеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік-құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының, ведомстволық қарасты ұйымдарда бюджеттік және қаржылық тәртіптің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
4) білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүргізеді, облыс аумағындағы барлық мемлекеттік білім беру мекемелерінің қызметін үйлестіреді;
5) әлсіреген, ауру балаларды, сондай-ақ экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардың балаларын, табысы төмен және көп балалы отбасылардың, балалар үйлеріндегі жетім балаларды  тәрбиелеу, білім беру және сауықтыру арқылы оңалту бағдарламасын іске асырады;
6) өзінің құзыретіне кіретін барлық қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;
7) білім беру процесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талдайды, қорытады және енгізеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және аттестаттауды ұйымдастырады және өткізеді;
9) облыстың білім беру жүйесінің жай-күйіне сараптамалық талдау жасайды, оның даму үрдістерін айқындайды;
10) оқыту технологиясы саласында инновациялық саясатты жүргізеді;
11) балаларды әлеуметтік қорғау және құқығын қорғау жөніндегі қызметтер мен ұйымдардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, дене және ақыл-есі дамуында кемшіліктер бар және басқа да мемлекеттің көмегіне мұқтаж балаларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және әлеуметтік бейімдеу үшін жағдайлар жасайды;
12) білім беру жүйесінің негізгі қорларын сақтау, дамыту және жетілдіру бойынша шараларды жүзеге асырады, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, жаңа объектілерді жобалау және салу жөнінде ұсыныстар әзірлеп, облыс әкімі аппаратына ұсынады, білім беру мекемелері мен ұйымдарына күрделі жөндеу жасауды жоспарлайды және тапсырыстарды орналастырады, жобалау-сметалық құжаттарға сараптама жасап, бекітеді;
13) облыс бюджеті бойынша білім беруді  қаржыландыру мен білім беру шығыстары жоспарларының жобасын әзірлейді және облыс әкімі аппаратына ұсынады; облыстық ведомстволық қарасты мекемелер мен ұйымдарды қаржыландыруды жүзеге асырады; аудандық білім бөлімдері, қалалық білім бөлімі үшін нормативтерді бекітеді;
14) білім берудің мемлекеттік емес секторының, мемлекеттік білім беру ұйымдарының жаңа үлгілерінің  дамуына ықпал етеді;
15) білім мекемелері үшін мемлекеттік тауарлар сатып алулар мен қызмет көрсетулерге конкурстар ұйымдастыру және өткізу.

5. Пошталық мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Есқалиев к-сі 72
6. Электронды пошта мекен-жайы: zkodo@mail.ru
7. Анықтама қызметінің телефондары: 26-04-68, 26-04-74
8. Ресми интернет ресурсы: www.edu-bko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan