Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

1.Қызметі туралы қысқаша ақпарат 
«Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асыруға және денсаулық сақтаудың аймақтық бағдарламасын жүргізуге, азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз етуді жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті атқарушы орган болып табылады.

2. Жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесі


Т.А.Ж

          Лауазымы

Қабылдау күні және уақыты

Байланыс телефоны

Төсекбаев Қанат Дүйсенбайұлы

Басқарма басшысы

Сәрсенбі
15.00-17.00

51-28-88

Беркінғали Нұрданат

Басқарма басшысының орынбасары

Жұма
15.00-17.00

24-73-73

Әбдірахманова Гүлнәр Мақсотқызы

Басқарма басшысының орынбасары

Сейсенбі
15.00-17.00

24-55-01

 Шукургалиева Айзада Бекетқызы

Басқарма басшысының орынбасары

Бейсенбі
15.00-17.00

24-55-03

3. Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер тізімі
1.«Медициналық қызметке лицензия беру»
2.«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру»
3.«Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру»
4.«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау»
5.«Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру»
6.«Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу»
7.«Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу»
8.«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу»
9.«Дәрігерді үйге шақыру»
10.«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу»
11.«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтамасын беру»
12.«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»
13.«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
14.«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру»
15.«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру»
16.«Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру»
17.«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру»
18. Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту

4.БАСҚАРМАНЫҢ МИССИЯСЫ:
Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы тұрғындардың денсаулығы жағдайын жақсарту және облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері:
1) облыс тұрғындарының денсаулығын нығайту;
2) облыстың денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру;
3) кадр ресурсы жүйесін дамыту;
4) тұрғындардың дәрілік заттармен қамтамасыз етілуін жетілдіру.

Басқарманың функциялары:
Басқарма өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіреді және оған бақылау жүргізеді;
2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) шеңберінде азаматтар мен оралмандарды медициналық көмекпен, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;
3) бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) ұйымдарында емдеу-профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырады;
4) ТМККК көрсету үшін медициналық қызметтер, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, вакциналар, иммунологиялық препараттарды сатып алуларды ұйымдастырады:
өкілетті органмен бекітілген тізбеге сәйкес амбулаторлық деңгейде;
дәрі-дәрмектік формуляр көлемінде стационарлық деңгейде;
5) дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
6) медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техникаларды, жабдықтарды, автокөлікті сатып алуларды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерді күрделі жөндеу жүргізу қызметін ұйымдастырады;
7) өз құзыреті аясында облыстың денсаулық сақтау ісінде қаржыландыру мен басқаруды ұйымдастырады;
8) медициналық және фармацевтикалық кадрлардың үздіксіз кәсіби дайындығы мен кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
9) Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
10) салауатты өмір салты мен салауатты тамақтануды насихаттауды және қалыптастыруды жүзеге асырады;
11) қан айналымы органдарының туа біткен ақаулықтары бар ерте жастағы балаларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жолдауды ұйымдастырады.

5. Пошта мекенжайы:БҚО, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201.
6.Электрондық пошта мекенжайы: oblzdrav@westkaz.kz
7.Анықтама қызметі телефоны: 51-28-88
8.Ресми интернет ресурсы: www.zdrav-bko.gov.kz

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»