Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы

1.Батыс қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының қызметі туралы қысқаша ақпарат
«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 

2. Батыс қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысымен және басшының орынбасарларымен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі 


ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ

ЛАУАЗЫМЫ

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы

Басқарма басшысы

Әр айдың екінші сәрсенбі күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін

50-02-36

Кадралиев Дархан Канибекович

Басқарма басшысының орынбасары

Әр аптаның бейсенбі күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін

50-75-65

Маметанов Серік Ақашұлы

Басқарма басшысының орынбасары

Әр аптаның жұма күні сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін

50-04-01

3.Батыс қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі:

  1. Мемлекетік қызмет 

4. Негізгі функциялары, мақсаты және міндеттері:
«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыс тұрғындарының әлеуметтік көңіл-күйін қалыптастыру, азаматтық қоғам институттарын дамыту мен қолдау және аймақтың ақпараттық кеңістігінің бәсекелестік қабілетін арттыру жолымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік ішкі саясатты тиімді жүзеге асыру болып табылады.  
Міндеттері:

  1. өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
  2. өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімі және әкімдігінің Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының құзырына қатысты мәселелер бойынша құқықтық актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
  4. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
  5. ішкі саясат саласындағы өңірлік маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
  6. өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынбалар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  7. өңірдегі ішкі саяси процесстерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
  8. азаматтық қоғам институттарымен, өңір жұртшылығы өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.  

Функциялары:
1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;
2) ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де іс-шаралар кешенін іске асыру;
3) өңірдегі ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;
4) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметтері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
5) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық топтардың өңірдегі қызметін ұйымдастыру, ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;
6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми және шығармашылық қауымдастықтармен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
7) «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің (әкімдігінің) жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметтерін қамтамасыз ету;
8) өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжамдау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың қызметтеріне мониторинг жасауды ұйымдастыру, әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;
9) өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және олардың қызметтерін үйлестіру;
10) әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;
11) концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің актілерінің жобаларын дайындауға және оларға талдау жасауға қатысу;
12) жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Парламентпен, мәслихатпен, облыс әкімінің аппаратымен, облыстың Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
13) «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап-қорыту және жіктеу;
14) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру;
15) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

5. Пошталық мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев к., 19. 090000
6. Электронды мекен-жайы: dvp_zko@mail.ru
7. Телефондар: 50-02-36, 50-09-46
8. Ресми интернет-ресурсы: www.uvp-zko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»