Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

1. Негізгі қызметі жөнінде қысқаша анықтама

«Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының  мемлекеттік органы болып табылады.

2. Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы мен орынбасарының жеке және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Апта күндері

Уақыты

1

Аманбаева Әсия Рақымқызы

Басқарма басшысы

жұма

10.00.-13.00.

2

Нығметуллин Жеңіс Махамбетұлы

Басқарма басшысының орынбасары

сәрсенбі

10.00.-13.00.


3. Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі:

  1. Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  2. Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру 
  3. Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру
  4. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру

4. Негізгі қызметі, мақсаты және міндеті:

«Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

халықты жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту, жоғарғы білікті спортшыларды және облыстың спортшылар резервін дайындау болып табылады.

Мақсаты:

облыста дене шынықтыру мен спортты дамыту

Функциясы:

1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалыс орындарында спортпен шұғылдануына арналған инфрақұрылым құру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

2) республикалық және (немесе) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе отырып, облыстық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізеді;

3) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізуге қатысады;

4) спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;

5) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

6) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

7) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;

8) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

9) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді;

10) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;

11) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

12) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

13) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;

14) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

15) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;

16) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;

17) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізеді;

18) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

19) дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

20) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіру;

21) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру үшін ұсыныс береді;

21-1) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;

21-2) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттық ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітуге ұсынады;

21-3) спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және дене шынықтыру спорт саласындағы уәкілетті органның келісуімен бекітуге ұсынады;

22) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

23) бағыныстағы ұйымдардың даму жоспарларына келісім береді, орындалуын бақылайды және талдау жасайды, іске асырылуына мониторинг жасайды және бағалайды;

24) бағыныстағы ұйымдардың мүліктерін есептен шығаруға келісім береді.

5. Мекен жай: БҚО, Орал қ, Ж.Досмұхамедов көшесі 45 үй, 312 каб
6. Электрондық пошта : turizm-sport09@mail.ru
7. Анықтама алу телефоны: 504345
8. Ресми интернет ресурсы: oblsport-bko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»