Батыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы

1.ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ
Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 353 қаулысымен «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі одан «Батыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесін бөлу жолымен қайта құрылды.
«Батыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы облысқа инвестиция тарту, инвесторларға қолайлы жағдай туғызу, өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту, облыст аумағында туризмнің басымды түрлерін дамыту, сонымен қатар өңірлермен және елдермен сыртқы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту.


2.ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ӨКІЛДЕРІН ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ


А.Т.Ж

ЛАУАЗЫМЫ

ҚАБЫЛДАУ КҮНІ УАҚЫТЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

Ниетқалиев Анвар Берікұлы

Басқарма басшысы

бейсенбі
15-00 - 17-00

51-32-37

 

3. ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТІЗІМІ.
1. Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру;
2. Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен
туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру;
3. Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді.

4. БАСТЫ ФУНКЦИЯЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ:
«Батыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Инвестиция, туризм, сыртқы экономикалық ынтымақтастық саласында мемлекеттік саясаттың дамуына және жетілдірілуіне ықпал ету.
Міндеттері:

  1. Батыс Қазақстан облысының аумағында инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау.

Функциялары:

  1. Батыс Қазақстан облысында индустриалдық-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында әлеуетті шетел инвесторларын іздеу және олармен келіссөздер жүргізу;
  2. Индустриалдық-инновациялық қызмет субъектілерін инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысуға тарту;
  3. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
  4. Гидті (аудармашы гидті) кәсіптік даярлауды ұйымдастыру;
  5. Уәкілетті органның келісімі бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту;
  6. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
  7. Туристік бағыттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
  8. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес құзіреті шегінде рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;
  9. Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

5. Пошталық мекенжайы: 090006, БҚО Орал қ., Х.Чурин көшесі, 116
6. Электрондық пошта мекен-жайы: ves.zko@mail.ru
7. Анықтама қызметінің телефоны: 51-27-11                                                                                          8. Ресми интернет ресурсы:  жасақталу кезеңінде

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»