Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы

1. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ

"Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫмен ЖӘНЕ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫМЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

 

Т.А.Ә.

ЛАУАЗЫМЫ

КҮНІ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

Ниетқалиева Бибігүл Әбдіғалиқызы

Басқарма басшысы

Сейсенбі

16:00-18:00

8 (7112)

50-98-06

Ғұбашев

Әділжан

Исатайұлы

Басқарма басшысының орынбасары

Бейсенбі

16:00-18:00

8 (7112)

50-39-68

 

 

3.  Басқармамен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

 

4.НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ:

«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Облыс аумағында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау.

 Міндеттері:

1. Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.

 Функциялары:

1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады және өткізеді;

2) тапсырыс берушімен әзірленген және бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының негізінде қолданыстағы заңнамада көзделген  тәсілдермен мемлекеттік сатып алуларды өткізеді;

3) тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлейді және бекітеді;

4) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырады;

5) тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жібереді;

6) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

7) заңнамада көзделген жағдайларда конкурс немесе аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне енгізеді не әлеуетті өнім берушіге қайтарады;

8) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;

9) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жібереді;

10) заңнамамен көзделген жағдайларда, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жібереді;

11) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;

12) заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

13) заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді;

14) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар алады;

15) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

5. Пошталық мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Х. Чурина көшесі, 116.

6. Электрондық пошта мекен-жайы: goszakup@bko.gov.kz

7. Анықтамалық қызметінің телефондары: 8 (7112) 50-98-06

8. Ресми интернет-ресурсы: goszakup-bko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»