Батыс Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасы

1. Қызметі туралы қысқаша ақпарат

"Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі

Т.А.Ә.

Лауазымы

Қабылдау күні мен уақыты

Байланыс телефоны

Айтуев Азамат Жұмабайұлы

Басқарма басшысы

Әр аптаның сәрсенбі күні, сағат 16:00-18:00 аралығы

50-04-86

Тұйғынбетов Арман Орашұлы

Басқарма басшысының орынбасары

Әр аптаның сейсенбі күні, сағат 10:00-13:00 аралығы

50-04-86

 

3. Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі:

Басқарма мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

4. Негізгі функциялары, мақсаттары мен міндеттері:

"Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

- еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

 

Міндеттері:

1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексеру кестелерін әзiрлеу және бекiту;

3) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе негізінде кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғаудың жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсыну;

4) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты беру;

5) «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер қорының толықтырылуына мониторинг жүргізу;

6) жоғары тұрған органдар тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету, кеңес беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

7) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

 

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру;

3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

4) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;

5) жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу;

6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;

7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

8) жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;

9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асыру;

10) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізу;

11) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асыру;

12) жоспардан тыс тексерулер жүргізу арқылы еңбек заңнамасы нормаларын қолдану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;

13) «Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

5. Пошта мекенжайы: индексі 090006, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 188 үй.

6. Электрондық пошта мекенжайы: enbek@bko.gov.kz

7. Анықтама қызметтерінің телефондары: 50-04-86 (қабылдау бөлмесі)

8. Ресми интернет-ресурс: www.enbek -bko.gov.kz 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»