Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы

1.Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы туралы ақпарат
«Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттiк мекемесі Батыс Қазақстан облысы аумағында азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. 

2.Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі


Т.А.Ә.

Лауазымы

Қабылдау күндері мен уақыты

Байланыс телефоны

Гиззатов Саялбек Махамбетович

Басқарма басшысы

Сәрсенбі, 15:00-17:00

26-68-70

 

3.Дін істер басқармасының мемлекеттік қызмет тізімі
1. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»
2.«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру»
3. «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»
4. «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»
5.«Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» 
4.НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру мен іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыру және діни бірлестіктердің, саны аз діни топтардың және миссионерлердің қызметі саласында болып жатқан процестерді жан-жақты және объективті зерделеу, қорытынды және талдау;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқармаға жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
Функциялары
- өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;
-уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;
- діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
-құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
-Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
- өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
-миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;
-Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қызметтерді атқарады.       

5.Пошталық мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі 45/1 
6.Электронды пошта мекен-жайы: dinzko@mail.ru
7.Байланыс телефондары: 26-68-70
8.Ресми интернет ресурска сілтеме: http://din zko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»