Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы

  1. Басқарма туралы қысқаша мәлімет

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы №369 қаулысымен қосылу жолымен «Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы» мен «Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншіктер басқармасы» мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» қаулысы қабылданып, «Батыс Қазақстан облысының қаржы департаменті» мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылды.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі №113 қаулысына сәйкес «Батыс Қазақстан облысының қаржы департаменті» мемлекеттік мекемесі «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта атынылды, мекеме бүгінгі дейін облыстың қаржылық жүйенің негізгі буы болып саналады.

Осы кезеңінде облыстың қаржы басқармасының негізгі бағыттары
1) жергілікті бюджеттің атқарылу барысын ұйымдастыру, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік және бюджеттік есепті, қаржылық және бюджеттік есептілікті жүргізу; 

2) облыстық коммуналдық мүлікті басқаруды қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі таңда біз қоғамды реформалау кезеңі Қазақстан үшін тек ауыр сыннан өту емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесінің қалыптасуы мен нығаюы жолында белгілі жетістіктерге қол жеткізу жылдары болғанын түсінеміз. Экономиканы тұрақтандыруда, соның ішінде қаржы саласында да ойлаған мақсаттарға жету үшін жетілдіруді жалғастыра беру қажет. 
Біздің республикасымыздың гүлденуі жолындағы еңбек, ел өмірін жақсарту - барлық кезеңде әр қаржыгердің жұмысының негізгі принципі болып табылды және бұл дәстүр бүгінгі күнде де жалғасуда.

 

2.Батыс қазақстан облысы қаржы басқармасының азаматтарды қабылдауға арналған кестесі

 

Т.А.Ә.

Лауазымы

Апта күндері

Уақыты

1.

Имашев Дулат Бауыржанович

Басқарма басшысы

сейсенбі

17.00.-18.00.

2.

Есенгалиев Нурлан Мухитович

Басқарма басшысының орынбасары

сәрсенбі

17.00.-18.00.

3.

Раджапова Фарида Токтасыновна

Басқарма басшысының орынбасары

бейсенбі

17.00.-18.00

3.Батыс қазақстан облысы қаржы басқармасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі:

  1. Мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

4.Негізгі функциялары, және мақсаттары мен міндеттері:

«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

 

«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы облыстық бюджетті атқару және облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. 

 

Міндеттері: 


1) жергілікті бюджеттің атқарылу барысын ұйымдастыру, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік және бюджеттік есепті, қаржылық және бюджеттік есептілікті жүргізу; 

2) облыстық коммуналдық мүлікті басқаруды қамтамасыз ету; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Функциялары: 

1) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, облыстық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және жүргізуді жүзеге асырады; 

2) облыстық бюджеттің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады;

3) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыруды және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік ететін түсімдер бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызу процесіне қатысады;

5) бюджет ақшасын басқаруды ұйымдастырады;

6) төлемдердің уақтылы және толық төленуін жүргізуді қамтамасыз ету үшін: 
бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;
облыстық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізеді; 

7) міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдауды жүзеге асырады; 

8) бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша облыс әкімдігіне жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе-ақпарат береді; 

9) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады;

10) бюджеттік есепке алуды жүзеге асырады;

11) ай сайын және жыл қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Бюджет кодексімен көзделген есептерді береді; 

12) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді;
13) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың мемлекеттік жоспарлау органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;

14) уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салымдарына орналастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған Бас келісімді жасайды; 

15) бюджеттік кредитке қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
16) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өңірдің бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалауды жүзеге асыруы шеңберінде облыс әкімдігіне ақпарат ұсынады; 

17) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді; 

18) облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;

19) облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлігі деңгейіне беру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді; 
20) аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының шешімі негізінде аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктерін облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 

21) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану, соның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді; 

22) облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастырады; 
23) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді; 

24) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды қамтамасыз етеді;

25) мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүргізілуін ұйымдастырады;

26) өтеусіз негізде мемлекеттік меншікке берілетін мүліктің меншік иесімен сыйға тарту шартын жасайды және рәсімдер жүргізеді; 
27) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығаруға келісім береді;

28) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздарын шығаруға, орналастыруға, айналысқа қосуға, қызмет көрсетуге және өтеуге қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді; 

29) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

5. Почталық адрес: БҚО, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі 45 үй

6. Электронды почта: uraloblfu-kz@bk.ru
7. Анықтама телефондар: +7 (7112) 51 25 33

факс.: +7 (7112) 51 25 33, 50 65 06, 51 29 10

8. Ресми интернет-ресурсы: http://karzhy-bko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»