Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы

Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы

1.Басқарма қысқаша мәлімет туралы
«Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №16 «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы» қаулысымен құрылды.
Облыстың ветеринария басқармасының негізгі бағыттары
1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау;
2) Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жоюболып табылады.
Басқарма 5 құрылымдық бөлімшеден тұрады:
1) эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі (міндеттері - жануарларды аурулардан қорғау; халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау; ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету);
2) ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау, талдау, ветеринариялық есеп және лицензиялау бөлімі (міндеттері - жануарларды аурулардан қорғау; халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау; ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету);
3) тамақ қауіпсіздігі бөлімі (міндеттері - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру; мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру);
4) қаржыландыру бөлімі (міндеті - ветеринариялық саласында мемлекеттік ветеринариялық және аймақтық саясатты, стратегиялық жоспарларды, бағдарламаларды жүзеге асыру);
5) ұйымдастыру, құқықтық және персоналды басқару бөлімі (міндеті - басқарманың персоналды басқарудың тұтас жүйесін қа. лыптастыру).
Мемлекеттік қызметшілердің штат саны - 26 бірлік, 2016 жылғы 30 қаңтардағы жағдайы бойынша 25 мемлекеттік қызметшілер қызмет етеді. Басқарманың 24 мемлекеттік қызметшілері жоғары білімді, 1 орта білімді, 9 адам бірден көп жоғары білімге ие

2.Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқарма басшысының және басшысының орынбасарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі

Аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау күндері мен уақыты

Байланыс телефондары

1

Серік Базарұлы Нұрмағанбетов

Басқарма басшысы

Сәрсенбі
сағат 17.00 ден 19.00 дейін

26-00-25

2

Абзал Серікұлы Бралиев

Басқарма басшысының орынбасары

Бейсенбі
сағат 17.00 ден 19.00 дейін

26-02-20

3

Қазбек Қазиханұлы Ташимов

Басқарма басшысының орынбасары

Жұма
сағат 17.00 ден 19.00 дейін

26-05-75


4.«Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары мен міндеттері
3.Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтеры
«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру»
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»
«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау»

Міндеттері:

  • жануарларды аурулардан қорғау;
  • халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
  • ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • облыс аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
  • ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
  • жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
  • жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластауының алдын алу және жою.

 Функциялары:
1) «Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер бөлігінде облыстық бюджеттің жобасына оны әзірлеу кезінде ұсыныстар енгізу және оның орындалуын жүзеге асыру;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
3) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы қаулы жобасын дайындау;
5) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы қаулы жобасын дайындау;
6) Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
7) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
9) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
12) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
13) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
14) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
15) облыс аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
16) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
17) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан:

  • ішкі сауда объектілерінде;
  • жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
  • ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
  • экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
  • экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
  • тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
  • экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

18) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
19) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
20) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
21) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
22) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
23) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
24) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
25) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
26) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы қаулы жобасын дайындау;
27) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.  

5.Пошталық мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, С.Есқалиев көшесі 84 үй
6.Электрондық пошта мекенжайы: zko.vetuprav@bko.gov.kz,
7.Анықтама қызметі телефоны: 26-07-83
8.Ресми интернет ресурсы: ww.vetupravlenie-bko.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»