2017 жылғы 30 наурыздағы облыс әкімінің тікелей эфирде сұхбат беру барысында түскен сұрақтар тізбесі

АТӘ/ФИО

Сұрақтың мазмұны/
характер вопроса

Жауап/ответ

1

Игильманов Арон,
тел: 87772498315. 255816

Когда будет ремонт дороги возле 8-й школы, 25-й школы и ДЮСШ?

В текущем году планируется реализовать проект «Капитальный ремонт дороги по ул.Мельничная от пр.Евразия до ул.Деповская в г.Уральск ЗКО». Проектом предусмотрено выполнение работ по устройству заезда к СОШ №25. Реализация данного проекта запланирована на текущей год.
Также сообщаем, что на сегодняшний день разрабатывается проект «Устройство подъездного пути к ДЮСШ №4 по ул.Затонная, ул.Яровлавская в г.Уральска ЗКО». После разработки проектно-сметной документации будет рассмотрена возможность включения данного проекта в план благоустройства города.

2

Дина Қуанышқалиева, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы

Өзім тұрақты жұмыста жоқпын. Жолдасым 25-30 мыңдай табыс табады. Өзіміздің баспанамыз жоқ, 2-3 жыл болды пәтерден-пәтерге көшіп жүргенімізге. Балаларымыз біреуі 5 жасар, біреуі 14 жаста. Тұрмысымыз қиын, З0 мың теңгені шақ жеткізіп отырмыз. Қазір биржа арқылы уақытша жұмыспен қамтуда жұмыстамын. Тұрақты жұмысқа орналасуыма көмек бере алады ма екенсіз? Алдағы уақытта кішкене болса да үй салсақ та, бір жолдасымның табысы жеткіліксіз. Сол себепті тұрақты жұмысқа орналассам деймін.

2016 жылы Бірлік ауылының жаңадан тұрғын үй салуға бөлінген 80 жер теліміне инфрақұрылым (газ, свет) тартылған болатын. Қазіргі таңда Сіз №5 болып кезекте тұрсыз. Тартылған инфрақұрылымды теңгерімге беру құжаттары рәсімделгеннен кейін тұрғын үй салуға жер берілетін болады.
Сіз 2014 жылдан бері жыл сайын ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып келесіз.
Қазіргі таңда ауылдық округ бойынша бос жұмыс орын болмай отыр және тұрақты жұмыс болған жағдайда мүмкіндігіне қарай жұмысқа орналастырылатын боласыз.
Сонымен қатар, отбасыңыздағы тоқсандық табыс азық-түлік себеті құнының мөлшерінен асып кетуіне байланысты 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы тағайындалмайды.

3

Айдаров Мейрамбек,
Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы

Біздерде көгілдір газды үйге кіргізу бағасы 320 мың теңге тұрады. Төмендетуге болмас па екен?

2013 жылы газдандыру жұмыстары жүргізілген Базаршолан ауылында жеке тұрғын үйлерді газге қосу құны бүгінгі күнде 320,0-330,0 мың.теңге көлемінде. Жеке тұрғын үйге газ қосу үшін ауылішілік газ құбырын жүргізген мердігерге 150,0 мың.теңге және тұрғын үйге газды қосу үшін ішкі жұмыстарын жүргізуге 170,0 – 180,0 мың.теңге көлемінде (осы қаражаттың ішіне сигнализатор, газ есептегіш құрылғы, іске қосуды реттегіш (пуск наладка), жобасын жасақтау, пломбалау, келісу, шебердің жолсапары, техникалық қадағалау үшін шарт, ойып орнату және материалымен қоса құрылыс жұмыстары қарастырылған) «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на төлейді.

4

Адельшиев Алнур
87774684145

Мы с супругой растим четверых детей и проживаем в двухкомнатной квартире площадью 46 кв.м. Прошу Вашей помощи в расширении жилплощади.

В Законе Республики Казахстан «О жилищных отношениях» расширение жилплощади непредусмотрено.
Согласно ст. 69 данного Закона граждане Республики Казахстан, не имеющие в постоянном пользовании в данном населенном пункте жилища из коммунального жилищного фонда, признаются нуждающимися в жилище из государственного жилищного фонда, если: они не имеют жилища на праве собственности на территории Республики Казахстан при постановке на учет и на момент предоставления жилища из коммунального жилищного фонда или жилищного фонда государственного предприятия. В связи с чем поставить гр. Адельшиева А. на учет не имеется возможным.

5

Алия Дуюсова

Здраствуйте уважаемый Аким, недавно я записывалась к Вам на прием но попала к заместителю акиму области.  По моему вопросу (жилья) обещали помочь. Категория многодетная семья. Прошу Вас взять во внимание.

Согласно п. 1 и п. 3 ст. 74 Закона Республики Казахстан «О жилищных отношениях», жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованное местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предоставляется гражданам, состоящим на учете нуждающихся, в порядке очередности, установленном списками, с момента подачи заявления со всеми необходимыми документами.
Права граждан, включенных в указанные списки, признаются равными. Никто не имеет преимущественного права, за исключением инвалидов и участников Великой Отечественной войны, а также детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, на получение жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде перед другими, включенными в данный список, если иное не предусмотрено настоящим Законом. Согласно Закона РК «О жилищных отношениях» благоустроенная квартира Вам будет предоставлена в порядке очереди.

6

Тоқтар Мұханғалиев

Биыл тұрғын үйге кезекке тұрғандарға қанша арендалық үй беріледі және жас отау, басқа да бағдарламалар бола ма?

Ағымдағы жылы тұрғын үй мұқтаждар кезегінде тұрған азаматтарға 2 тұрғын үй берілу жоспарлануда. Сонымен қатар, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 6 үй салынуда. 3 үй Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына және 3 үй кезекте тұрған  азаматтар арасында берілетін болады. Құжаттар Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жүзеге асырылады.

7

Жазықбаев Наурыз
Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылы

Чапай ауылы арқылы, Жайық өзені үстінен қашан көпір салынады?

 

Бүгінгі күнге БҚО «Чапаев ауылы аумағында Орал өзені арқылы өтетін автомобиль көпір өткелін салу» техникалық-экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өтті. Ағымдағы жылы жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып мемлекеттік сараптамадан өткізуге жоспарлануда. Жобаны қаржыландырудың оң шешімін тапқан жағдайда көпірдің құрылысы қарастырылатын болады.

8

Асылхан Мұқанова

Коминтерн ауылына жол керек. Аялдамадан  Жайық өзеніне қарай жол жоқ. Көктем, күз мезгілінде көшеде көлікпен жүру мүмкін емес.

Ағымдағы жылы Коминтерн шағынауданы Свободная көшесінің бойындағы орналасқан аялдамасынан Жайық өзеніне апаратын жолына ағымдағы жөндеу аясында құмды-қиыршық тас төсеу жұмыстарын орындау мүмкіндігі қарастырылады.

9

Алмаз Нысанбаев
.

-  Когда наконец-то достроят дорогу до Жанибека?
-  Когда смогут сделать в поселке Жанибек доступный интернет?  Билайн, Казахтелеком и Актив работают очень слабо. Можно ли дополнительно оборудовать билайн вышку.
- Проводите такие онлайн конференции почаще. Так будут решаться очень многие проблемы жителей нашей области.

За прошедшие годы на автомобильной дороге республиканского значения «Чапаево-Жалпактал-Казталовка-гр.РФ» общей протяженностью 213 км было отремонтировано 128 км, на автодороге «Казталовка-Жанибек-гр.РФ» общей протяженностью 165 км отремонтировано 10,6 км.
В текущем году на участке а/д «Чапаево-Жалпактал-Казталовка-гр.РФ» км 97-157 запланирован ремонт 12,6 км и 9,4 км на участке а/д «Казталовка-Жанибек-гр.РФ» км 137-157. Также планируется разработать проектно-сметную документацию на капитальный ремонт участка автодороги «Чапаево-Жалпактал-Казталовка-гр.РФ» 157-192 км.
По мере финансирования из республиканского бюджета данные автодороги будут полностью отремонтированы и соеденены с областным центром дорогой асфальтобетонным покрытием.

10

Ерлан Даулетқалиев

Биыл Дәулеткерей көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіле ме?

2017 жылы «Орал қаласы М.Маметова көшесінен Пугачев көшесіне дейінгі Достық даңғылының жолын күрделі жөндеу» жобасы аясында Ескалиев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі Даулеткерей көшесінің жолын жөндеу жоспарланған. Ауа-райы қолайлы жағдай басталысымен жоғарыда аталған Даулеткерей көшесінің жолын жөндеу жұмыстары атқарылатын болады.

11

Баймағамбетова Жамал
1 топ мүгедегі тыл ардагері, Ақжайық ауданы Чапаев ауылы

Қалай облыс әкімнің қабылдауына кіруге болады?

Облыс әкімнің қабылдауына жазылу үшін Орал қаласы Достық-Дружба даңғылы 179 мекенжайы бойынша жолығуыңызға болады             (облыс әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, тел.51-17-09).

12

Нурлан Кабибуллин

-  Я житель города, проживаю возле Деповского моста, с начала реконструкции пути провода дом сильно тресется и есть трещина. Рабочие выбрасывают мусор, по выходным и по ночам работают.
- Будут ли переселять жители близлежащих домов?
-    Будет ли закрыта сауна?

На сегодняшний день в рамках реализации проекта «Реконструкция путепровода через ж/д в районе депо в г.Уральск ЗКО» ведутся строительно-монтажные работы. Проектом предусмотрены работы по демонтажу существующего путепровода с устройством нового путепровода, данные строительно-монтажные работы не влияют на закрытие близлежащих субъектов малого бизнеса, а также на разрушение близлежащих домов. В связи с этим переезд жителей близлежащих домов на период дорожно-ремонтных работ не предусмотрен.

13

Самат Зайнуллин

Планируется ли изменение ситуации в п.Мичурино в части электроснабжения? Постоянно низкое напряжение, частые отключения

В настоящее время в целях улучшения электроснабжения с.Мичурино акиматом Зеленовского района во втором полугодии текущего года планируется приобретение  и установка одного трансформатора марки КТПГ-10/0,4 кВ с целью разгрузки существующих трансформаторов.

14

Сезім Батырғалиева

Біз жас отбасымыз, бір ұлым жастайынан мүгедек, бір ұлым кішкентай. Портал бойынша емді жиі алатындықтан қалаға жиі барамыз. Сол себепті Зашаған аумағына үй жайға қол жеткізуге көмек берсеңіздер. Облысымызда мүгедек баласы бар отбасыларға арналған қандай жеңілдіктер бар?

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді:

  1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері менқатысушылары;

1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) осы Заңның 68-бабының 1-1)5)7)11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;
3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.
Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы);
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар жатады. 68,74-баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады.
Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады.
Сондықтан, кезекке тұру туралы түсініктемені Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне: (Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1-үй мекенжайы, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ала алады (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй)
Тұрғын үй кезегіне тұру бойынша құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы жүзеге асырылады.

15

Гулайна Бердигалиева

Я проживаю по улице Шубина бывшая Почтовая, в прошлом году на этой улице слили асфальт, и подготовили тротуары засыпав их щебеню, но сверху асфальт не был застелен, закончат ли эти тротуары в этом году?

В текущем году будут выполнены работы по устройству асфальтобетонного покрытия на тротуарах по ул.Шубина и по ул.Казталовская.

17

Асқар Сисенов

Союз кезінде Казталов ауданы Жаңатаң, Болашақ ауылдарына асфальт төселген кезде,  60 км жолға асфальт салынбай қалған. Сол жермен көктем, күз кездерінде жол жүру қиын, көлік қатынасы өте нашар. Жол қашан салынады?

Қазіргі таңда облыстық және аудандық маңызы бар «Чапаев-Жаңақала-Сайқын», Орал-Кирсанов» автожолдарында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ағымдағы жылы «Бөрлі-Ақсай-Жымпиты» және «Үлкен Шаған-Переметное-Вечный» автожолдарының телімдерінде қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. 2017 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарының 126 шақырымы жөнделеді.
Болашақта облысымызда құрылыс, қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары автомобиль жолдарының маңыздығылына қарай жүргізілетін болады.

18

Азамат Умаров

Осенью говорили, что приобрели оборудование с помощью которого можно ремонтировать дороги в зимний период. Использовалось ли оно зимой? Если да, то где?

Оборудование по ремонту автомобильных дорог в зимний период закупалось одной из фирм города Уральска и на сегодняшний день используется в тестовом режиме. В зимний период не применялось. В дальнейшем возможно применение данного оборудования для ремонта автомобильных дорог.

 

19

Tim Basa

Алматы көшесіне түнде жарық шамдарының түсуі нашар және көлік қозғалысына кері әсерін тигізеді. Көшені безендіріп, жарық шамдарын орната ма екен?

Алматы, Казталов, Шубин көшелерінде қуаттылығы 125 Вт, DRL-125 маркалы лампалармен жарықшамдар орнатылып тұрғандығын хабарлайды. Қазіргі таңда, орнатылған жарықшамдар тәуліктің түнгі мерзімінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Соған қоса, бүгінгі таңда қала көшелерінде жарықтандырылуын ұлғайтатын жарықдиодты энергоүнемдегіш жарықшамдармен қала көшелерін мемлекеттік жеке әріптестік бойынша жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

20

Анарбек Садуақас

Балауса мөлтек ауданының жолын өзіңіз келіп көріңізші.
№7 автобусын маршруты мен жүру кестесін жөнге келтіру қажет.

Ағымдағы жылы аталған шағынауданның №6,7 қоғамдық көлік маршрутының жолдарын қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама жасақтау жоспарланды. Жобалау-сметалық құжаттама жасақталғаннан кейін аталған жобаны қаланы абаттандыру жоспарына қосу мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы жоғарыда аталған маршруттарының жолдарына құмды қиыршық тас қоспасын төсеу бойынша жұмыстар атқарылады.
Конкурстық ережелерге сай №7 маршрутты «Ақжол авто» ЖШС қызмет етеді. №7 маршрутта тасымалдаушылар жүру интервалын сақтамаған жағдайда немесе  көлік заңнамасының басқа да талаптарын бұзған кезде, аталған кәсіпорынның              диспетчерлік бөліміне хабарласуыңыз сұралады (тел.33 23 69, 87710259435).

 

21

Айнур Ильясова

Менін інім мемлекеттік қызметші немесе мұғалім, дәрігер емес, жеке фирмада жұмыс жасайды. Үйленген, 3 баласы бар. Әйелі жұмыс жасамайды. Үйі жоқ, үйге тіркелейін десе категорияға келмейсің деп құжаттарын алмайды. Сонда ол мемлекеттік бағдарламамен үй ала алмай ма?

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68, 74-бабындағы санаттарға сәйкес келетін азаматтар ғана тұрғын үй кезегіне тұра алады. Аз. А.Ильясова Қазақстан Тұрғын үй Құрылыс жинақ банкінің салымшысы болып, бағдарламаларға қатыса алады.

22

Гүлжазира Әбілман

№ 22 маршрут автобустарында аялдамаларды қазақ тілінде қате хабарлайды, тіпті естуге ұят, дауыс ырғағы да жағымсыз. Соны түзесеңіздер екен.

Аталған кемшілікті жою мақсатында және шаралар қолдану үшін жоғарыда аталған  кәсіпорын басшылығына хат жолданды. ҚР-ның 04.07.2003 жылғы «Автомобиль көлігі туралы» №476 Заңының 15 бабының 2 тармақшасына сәйкес, құзыретті органдарға яғни көліктік бақылау инспекциясына және жол полициясы басқармасына   тасымалдаушыны жауапкершілікке тарту үшін және шара қолдану үшін шағымдануыңызға құқығыңыз бар екендігін қаперіңізге саламыз.

23

Альфия Байбулова

Когда будут выдавать земельный участок за 2004 год.

По программе «Нұрлы жер» на территории города готовятся земельные участки гражданам стоящим в очереди на получение земельных участков под индивидуальное жилищное строительство. На основании утвержденного генерального плана будут разработаны проекты детальной планировки для развития индивидуального жилищного строительства в комплексе социальной инфраструктуры. После строительства инженерной инфраструктуры местный исполнительный орган в соответствии с договором со строительными компаниями будет строить жилые дома. Затем будет рассмотрен вопрос о предоставлении земельных участков с жилыми домами гражданам стоящим в очереди. В какое время, в каком районе и какому количеству человек будут выдаваться земельные участки, на сегодняшний день уточняется.

24

Иса Сагинғалиев

Сарытау шағын ауданындағы мектеп қашан бітеді?

Сарытау шағын ауданындағы 900 орындық мектеп құрылысын аяқтау жоба бойынша 2017 жылдың аяғына жоспарланып отыр.

25

Аяжан Бисенғали

Жалпақталға аудандық статус беріледі ме?

Бүгінгі күні облысымыздың әкімшілік-аумақтық құрылысы ҚР 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» заңына сәйкес 2 қала, 12 аудан және 443 ауылдық елді мекен және 3 кенттен тұрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №118 Жарлығымен Елдің әрбір өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану негізінде халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы бекітілді. Аталған құжат бойынша Қазақстан үшін экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарда және өмір сүруге қолайлы табиғи-климаттық аймақтарда нарық субъектілерінің экономикалық белсенділігінің өсуі және әлемдік экономикамен үйлесімді интеграцияланған бірыңғай ішкі экономикалық кеңістікті қалыптастыру үшін жағдай жасау міндеттері және Қазақстан Республикасының халық тығыздығын және әркелкі қоныстандырылған аумағы кеңдігін есепке ала отырып, айқындалды. Қазіргі кезде осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. 
Сонымен қатар, таратылған ауданды қайта құрған жағдайда мемлекеттік аппаратты ұстауға, мемлекеттік құрылымдарды қалпына келтіруге қомақты қаржы қажеттігін және ауданның дотациялық екенін ескергеніміз жөн. Бүгінгі күні бұрынғы ауданның аумағындағы әкімшілік ғимараттар сақталған жоқ, олар сатылды, жеке меншікке берілді немесе басқа объектілерге айналдырылды. Ауданды қайта бөлген жағдайда әкімшілік ғимараттарды сатып алу немесе жаңа құрылыс салу көптеген қаржы талап етеді. Сондай-ақ, коммуникациялық жүйелерді қосуға, құрал жабдықтар сатып алуға да (кеңсе жиһаздары, оргтехника, көлік және т.б.) қаражат керек.
Бұдан басқа, Жалпақтал ауылы Батыс Қазақстан облысының тірек ауылдық елді мекендерінің бірі болып табылады. Бұл абаттандырылған ауылдық елді мекен, онда сол жерде тұратын халыққа және іргелес орналасқан аумақтардың тұрғындарына қажетті әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар жасалуда.
Сондықтан да, қазіргі жағдайда ауданды қайта құру мәселесін экономикалық тұрғыдан алғанда тиімсіз деп пайымдаймыз.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan