Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығын орындау мақсатында облыс әкімі А.С.Көлгінов 2018 жылдың 16 ақпанында сағат 10.00-де облыс тұрғындарына есеп беру кездесуін өткізеді.

Кездесу «Оқушылар және жастар сарайы» ғимаратында өтеді. Мекен-жайы: Орал қаласы, Московская көшесі, 18.

Тұрғындар облыс әкімінің есебі бойынша өздерінің ұсыныстарын, ескертпелері мен үнқосуларын Орал қаласы мен аудандарда орнатылған арнайы жәшіктерге салуына, сондай-ақ kense@bko.gov.kz электронды поштасына жолдауына болады.

Ұсыныстар мен ескертпелерді жолдағанда жіберушінің аты-жөні, тұратын мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілуі керек.

Облыс әкімінің аппараты

 

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»