Облыс әкімі А.Көлгіновтің облыс тұрғындарына есепті баяндамасының тұжырымдары

2017 жылы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оңды өсу қарқыны байқалды. Бұған Елбасы қабылдаған «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар ықпал етті. 

Барлық салаларда цифрландыру, автоматтандыру, роботтандыру,  IT-технологияларын қолдану сияқты Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін белсенді пайдалану бірқатар кәсіпорындардың өндірісте жаңа жабдықтар мен инновациялық технологияларды пайдалануға көшуіне мүмкіндік берді. Атап айтқанда, жаңа өндірістер ашылды: жылына 7 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы, әйнек және есік шығару жөніндегі фин бизнесмендерімен бірлескен кәсіпорын және т.б.

Жаңа көп пәтерлі тұрғын үйлер (соның ішінде ауылда) іске қосылды, өңірде 1500 отбасы жаңа тұрғын үйге қол жеткізді. Жаңа жұмыс орындары құрылып, «Қолжетімді әкімдік» офисі және «SmartUralsk» қызмет көрсету орталығы ашылды. 

Іске асырылған барлық шаралар 2017 жылы өңірдің қарқынды дамуына және келелі істердің мақсаттарын айқындауға ықпал етті.

2017 жылдың 9 айы бойынша облыста өндірілген ЖӨӨ-нің көлемі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға өсіп, 1575,7 млрд. теңгені құрады.

2017 жылы өнеркәсіп өнімі 1943,7 млрд.теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 5,5%-ға өсті.

Табиғи газдың 6,6%-ға және газ конденсаты өндіріс көлемінің 6,7%-ға ұлғаюына байланысты тау-кен өнеркәсібі 5,4%-ға өсті (1726,1 млрд.теңге).  

Өңдеу өнеркәсібінде өндіру көлемі 5,7%-ға ұлғайды (158,2 млрд. теңге). Мұнайды қайта өңдеу өнімдерінің - 1,8 есеге, дайын металл өнімдерінің – 38,3%-ға, резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде - 13,2%-ға, металлургия өнеркәсібінде 12,3%-ға өсім байқалады.

Индустрияландыру картасы аясында облыс бойынша 84,4 млрд. теңгеге 29 жоба іске асырылуда.

2017 жылы 536 жұмыс орнын құрумен 8,0 млрд.теңгеге 10 жоба  іске қосылды.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2,6%-ға өсті (37,1 мың бірлік).

2017 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында 1,8 млрд.теңге бағытталды. Жалпы кредиттер сомасы 20,9 млрд.теңгеге 184 жоба мемлекетік қолдауға ие болды.

2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінен салықтық түсімдер 1,2%-ға өсіп, 52,3 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 143,1 млрд.теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезең деңгейіне 100,6%-ға құрады.

Ет өндірісі - 5,8%-ға, сүт - 1,9%-ға, жұмыртқа 5,5%-ға өсті.

360 мың тонна көлемінде дәнді дақыл жиналды немесе 2016 жылдың деңгейінен 16,2%-ға көп. 56,1 мың тонна картоп, 56,1 мың тонна көкөніс, бақша дақылдары 22,9 мың тонна жиналды.

392,2 мың шаршы метр тұрғын үй  іске қосылды немесе 2016 жылдың деңгейіне 142,4%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 107,4 млрд. теңге немесе 104,3% құрады.

2017 жылы 14 көппәтерлі тұрғын үй, АЕМ 188 тұрғын үй, білім берудің 24 нысаны, 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Денсаулық сақтаудың 19 нысаны күрделі жөндеуден өткізіліп, 2 нысан жаңадан салынды. 60 елді мекенге ауыз су жеткізіліп, 30-дан астам спорттық алаңы пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстары басталған 500 шақырым жолдың 420 шақырымы аяқталды. 35 ауылдық елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бөлшек тауар айналымы 4,8%-ға ұлғайып, 286,2 млрд.теңгені құрады.

Көлік саласында жүк айналымы 5,6%-ға, жолаушы айналымы 1,6%-ға өсті.

Мемлекеттік бюджетке 256,1 млрд. теңге жиналды (болжамға 101,8%), соның ішінде республикалық бюджетке - 176,2 млрд. теңгені құрады (100,4%), жергілікті бюджетке - 79,9 млрд. теңге түсті (104,9%).

Жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады (2017 жылдың 3 тоқсанына).

2017 жылы 14269 жұмыс орны құрылды, оның 12 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орны. 14806 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында – 1550 адам.

Редакциядан: 2017 жылы атқарылған жұмыстар мен биыл жүзеге асырылатын жобалар туралы облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есебінде толығырақ жария етіледі.

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan