Құрметті инвесторлар!

Батыс Қазақстан облысы қазіргі таңда Қазақстан Республикасының қарқынды дамып келе жатқан индустриалдық өңірлерінің бірі болып табылады.

Облыстың кадрлық әлеуеті жоғары, табиғи ресурстарға бай, географиялық орналасуы тиімді, аграрлық өнеркәсіп секторы дамыған.

Батыс Қазақстан облысын «Қазақстанның батыс қақпасы» деп атайды, өңір арқылы халықаралық автомобиль, әуе және темір жолдары өтеді. Біз Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Атырау облыстарымен және Ресей Федерациясының Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара және Орынбор облыстарымен шектесіп жатырмыз (олардың жиынтық нарық сыйымдылығы 11 млн.адам).

Өңірде цифрлық технологияларды, өңдеу саласын, әсіресе АӨК саласын, ыңғайлы көлік логистикасын, туризмді дамытуға және өңір тұрғындарының өмір сүруі мен жұмыс істеуі үшін қолайлы экологиялық ахуалды сақтауға баса назар аударылады.

Біз әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру, инфрақұрылымды дамыту арқылы шағын, орта және ірі бизнес үшін қолайлы орта қалыптастыруға барлық күш-жігерімізді саламыз.

Біз бірлескен жобалар және ынтымақтастық үшін ашықпыз және қасиетті Ақжайық өңірінде бізбен бірге бизнестің жаңа шыңдарын бағындыруға ниет білдірген әр адамға «Қош келдіңіз!» дейміз.

 

Құрметпен,

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Алтай Көлгінов

 

Байланыстар:

Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

Тел: 8 (7112) – 508009; 515453

E-mail: uppzko@mail.ru

Факс: 8 (7112) – 508009

Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116

 

«KAZAKHINVEST» ұлттық компаниясы» АҚ БҚО-ндағы аймақтық өкілдігі

Тел: +77017993333

E-mail: a.niyetkaliyev@gmail.com

Орал қаласы, Чагано-Набережная көшесі, 84

 

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»