Әлеуметтік саласына бюджеттің шығыстары

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ
2016 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІНІҢ АТҚАРЫЛУЫ БОЙЫНША
АНЫҚТАМА

ТҮСІМДЕР

2017 жылдың 1 қаңтарына облыс бюджетінің түсімдері жоспар 168 468 669,4 мың теңге болғанда 179 964 424,0 мың теңгеге немесе 106,8% атқарылды.
2016 жыл ішіндегі кірістер (трансферттер түсімдерін есептегенде) 107,0% атқарылды, болжанған 158 412 380,0 мың теңгенің 169 54 354,7 мың теңгесі түсті.
Жеке табыс салығы толықтай 132,8%-ға атқарылды, болжанған 18 499 515,0 мың теңгенің 24 567 437,4 мың теңгесі түсті.
Жылдық жоспарға сәйкес әлеуметтік салық бойынша болжам 25 456 014,0 мың.теңгені құрады, нақты түскені 30 470 144,8 мың теңге немесе 119,7%.
Республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 37 001 397,0 мыңтеңге бюджеттік субвенция қарастырылды және алынды. Нысаналы ағымдағы трансферттердің жоспары және дамуға арналған нысаналы трансферттер жоспар 59 115 394,0 мыңтеңге болғанда 100,0% түсті.
Республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 4 700 769,0 мың теңге сомасында қарыздар түсті (100,0% ).
Жылдық жоспарға сәйкес бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша атқарылу жоспардағы 454 508,0 мың теңгенің 476 419,2 мың теңгесін немесе 104,8%  құрады.
2016 жылдың 1 қаңтарына бюджеттік қаражаттардың бос қалдығы 3 227 125,4 мың теңгені құрады.

ШЫҒЫСТАР

Шығыстар бойынша облыстың бекітілген бюджеті 134 778 643,0 мың теңге, түзетілгені 168 468 663,5 мың теңге. Атқарылуы 99,2% немесе 167 158 834,2 мың теңгені құрады.
Республикалық трансферттер бойынша игеру 57 074 257,8 мың теңге немесе 99,4%, соның ішінде ағымдағы – 51 489 332,1 мың теңге, дамуға арналған – 4 699 377,5 мың теңге.
2016 жылы 72 жергілікті бюджетті нақтылау өткізілді, соның ішінде облыстық бюджет бойынша - 4, Орал қаласының бюджеті – 5, аудандық бюджеттер бойынша - 63. Нақтылаудың басты себептері болып жыл басында қалыптасқан бюджеттік қаражатттардың қалдықтарын бөлу, облыс түсімдерін болжауды нақтылау, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер мен кредиттерді бөлу табылады, кірістер бойынша жылдық жоспарды нақтылау табылады.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

БІЛІМ БЕРУ

Білім беруге арналған шығыстар жоспар 55 311 730,1 мың теңге болғанда 55 101 825,2 мың теңгеге немесе 99,6% атқарылды.
Республикалық бюджеттен және ҚР Ұлттық қорынан бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер  мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға (6203 жұмыс орынының қызмет жасауын қамтамасыз етуге),сандық білімді  инфрақұрылымды  құруға (106 шағын жинақты мектепті интерактивтік құрылғылармен жарықтандыруға), еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшіуіне байланысты азаматтық қызметшілерге енбекақы төлеуге бағытталды. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қоғам және еңбек нарығының талабына сай тиімді қызмет жасауына жағдай туғызу үшін 6096 студентке шәкіртақының мөлшерін өсіру, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын 268 маманның әрі қарай оқуына  және жаңадан 180 адам қабылдауға қаражат бағытталды.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде республикалық бюджет пен ҚР Ұлттық қорынан бөлінген нысаналы трансферттер есебінен 14 білім беру объектілеріне күрделі жөндеу жүргізілді, соның ішінде Орал қаласы – 4 объекті; Жаңақала ауданы – 2 объекті; Зеленов ауданы – 1 объекті; Казталов ауданы – 1 объекті; Сырым ауданы – 1 объекті; Тасқала ауданы – 2 объекті; Теректі ауданы – 2 объекті; Шыңғырлау ауданы – 1 объекті.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде ҚР Үкіметінің арнайы резервінен бөлінген қаражаттар есебінен 39 білім беру объектілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді, соның ішінде Ақжайық ауданы – 1 объекті; Бөкейордасы ауданы – 4 объекті; Жаңақала ауданы – 4 объекті; Жәнібек ауданы – 2 объекті; Зеленов ауданы – 5 объекті; Казталов ауданы – 7 объекті; Қаратөбе ауданы – 6 объекті; Сырым ауданы – 3 объекті; Тасқала ауданы – 4 объекті; Шыңғырлау ауданы – 3 объекті.

Даму бюджеті бойынша жоспар 927 907,0  мың теңге болғанда, орындалуы 927 634,2  мың теңге құрады немесе 100%,соның ішінде:
- ҚР Ұлттық қорынан бөлінген  трансферттер жоспар болғанда 572 849,0 мың теңге болғанда, игерілгені 100%. Шыңғырлау ауылында 290 орындық балабақша құрылысы аяқталды. Орал қаласында 2 мектептің құрылысы басталды: Зашаған кенті «Сарытау» шағын ауданында 900 орындық және Деркул кентінде 600 орындық.
- жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоспар 355 058,0 мың теңге болғанда, орындалғаны 354 786,2 мың теңге немесе 99,9%. Қосымша қаржыландыру: Орал қаласында 2 мектептің құрлысына Зашаған кенті «Сарытау» шағын ауданында 900 орындық және Деркул кентінде 600 орындық және Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында 290 орындық балабақша құрылысына өткізілді. Зеленов ауданы Озерное ауылында 48 орындық мектептің құрлысы аяқталды,  Казталов ауданы Казталов ауылында 100 орындық мектеп-интернаттың құрылысы жүргізілді.
2 жұмыс жобасы бойынша: «Орал қаласында 300 орынды орта білім беретін мектеп құрылысы» және «Бөкей ордасы ауданы Сайхын ауылында 70 орынды интернат құрылысының» жобалық-сметалық құжаттарын жасақталып, кешенді ведомствадан тыс сараптамадан өткізілді; «Казталовка ауданы  Жұлдыз ауылынды 108 орынды мектеп құрылысының» жобалық-сметалық құжаттарын жасақтау;  «Орал қаласы Деркөл кентіндегі 600 орынды мектеп құрылысы»; «Ақжайық ауданы  Шабдаржап ауылында 198 орынды мектеп құрылысы»  және «Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында 280 орынды балабақша құрылысы» жобасы бойынша мемлекеттік сараптама жүргізілді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Денсаулық сақтауға арналған шығыстар жоспар 27 254 927,8 мың теңге болғанда 27 303 063,0 мың теңгеге немесе 100,0% атқарылды.
Республикалық бюджеттен және ҚР Ұлттық қорынан бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша жоспар 16 828 409,0 мың теңге болғанда, 16 795 539,0 мың теңгеге немесе 99,8%-ға игерілді.  Орындалмаған сомасы  32 870,0 мың теңгені мемлекеттік сатып алудан үнем салдарынан құрады.
1) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге 212 746,0 мың теңге бөлініп, 212 745,7 мың тенгесі, яғни 100%-ға игерілді, аталған қаражаттар бойынша келесідей іс-шаралар атқарылды:
- қуық безі ісігін ерте анықтау бойынша скрининг жүргізу үшін қарап-тексеруге 15 712,0 мың теңге бөлінді, 7 429 ер адам қаралды;
- өңеш және асқазан ісігін анықтау үшін скрининг жүргізу мақсатында  қарап-тексеруге 89 097,0 мың теңге бөлінді,  23 332 науқас қаралды;
- бауыр ісігін ерте анықтау бойынша скрининг жүргізу үшін зерттеп-қарауға  881,0 мың теңге бөлінді, 137 адам қаралды;
- колоректальды ісікті (2 кезең - колоноскопия) анықтау үшін тұрғындар арасында скрининг жүргізуге 3 959,0 мың теңге бөлінді, 474 адам қаралды;
- колоректальды ісікті анықтау үшін тұрғындар арасында скрининг жүргізуге  36 942,0 мың теңге бөлінді, 31 600 адам қаралды;
- жатыр мойны ісігін анықтау үшін скринингтік зерттеулер жүргізуге  58 602,0 мың теңге бөлінді, 15 337 адам қаралды;
- сүт безі ісігін анықтау үшін скринингтік зерттеулердің 2 кезеңін жүргізуге 7 553,0 мың теңге бөлінді, 528 әйел адам қаралды.
2)Дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға 2 701 381,0 мың теңге бөлінді, 2 701 195,7 мың теңге, яғни 100%-ға игерілді, орындалмаған сома 185,3 мың теңгені құрады.Аталған қаражаттар бойынша келесідей іс-шаралар атқарылды:
- тұрғындарды иммундық алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін иммунодәрі-дәрмек және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға  688 834,0 мың.теңге бөлінді, 178 645 адам препараттармен қамтылды;
- туберкулезге қарсы препараттар сатып алуға 335 597,0 мың теңге бөлініп, 1297 адам дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді;
- диабетке қарсы препараттар сатып алуға 280 237,0 мың теңге бөлінді, 2854 науқас препараттармен қамтылды;
- онкогематологиялық науқасқа химиялық препараттарды сатып алуға 96 886,0 мың теңге бөлініп, 65 науқас қамтылды;
- онкогематологиялық науқас балаларға химиялық препараттарды сатып алуға 520,0 мың теңге бөлініп, 9 науқас қамтамасыз етілді;
- жедел миокард инфаркті науқасқа тромболитикалық препараттарды сатып алуға 42 662,0 мың теңге бөлініп, 152 науқас препараттармен қамтамасыз етілді;
- гемофилиямен ауыратын науқасқа қанның ұюы факторларын сатып алуға 627 034,0 мың теңге бөлініп, 15 ересек және 20 балалар қамтамасыз етілді;
- В және С жұқпалы гепатитімен ауыратын балаларды емдеу үшін препараттар сатып алуға 6 086,0 мың теңге бөлініп, 3 адам қамтылды;
- В және С жұқпалы гепатитімен ауыратын адамдарды емдеу үшін препараттар сатып алуға 79 042,0 мың теңге бөлініп, 84 адам қамтылды;
- АТТҚ антиретровирусты препараттар сатып алуға 90 228,0 мың теңге бөлініп, 196 науқас қамтылды;
- амбулаториялық деңгейде дәрілік құралдардың және орфандық препараттардың (миастения, ренальная анемия, муковисдидоз, шашыраңқы склероз) тізбесін кеңейтуге 167 422,0 мың теңге бөлініп, 194 науқас қамтамасыз етілді;
- жергілікті бюджеттердің дәрілік құралдарды сатып алу шығыстарын 0,5 тен 1,0 коэффицентке өтеуді қамтамасыз етуге  286 833,0 мың теңге бөлінді, 51 649 науқас препараттармен қамтылды.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың шәкіртақысы мөлшерін ұлғайтуға 28 590,0 мың теңге бөлініп, 521 адам қамтамасыз етілді.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде ҚР Ұлттық қорынан бөлінген нысаналы трансферттер есебінен 4 денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізілді, соның ішінде Чапаев ауылындағы Акжайық аудандық орталық аурухананың негізгі корпусының, Ақжайық ауданы Бударин аулындағы дәрігерлік амбулатория мен Жәнібек ауданының Күлтабан және Құрсай ауылдарында 2 медициналық бөлімшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Орал қаласында 300 төсек орынға арналған қалалық көп бейінді аурухана құрылысы аяқталды. Игерлуі 1 014 762,7 немесе 100,0% құрады.

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған шығыстар жоспар 6 217 861,0 мың теңге болғанда 6 177 454,4 мың теңгеге немесе 99,4% атқарылды.
Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша 1 050 449,0 мың теңге, игеру сомасы 1 023 834,5 мың теңге, немесе 97,5%, соның ішіңде:
- арнайы әлеуметтік қызметтердің стандарттарын енгізу бойынша бөлінгені 15 280,0 мың теңге, игерілгені 100%;
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты үкіметтік емес секторда орналастыру бойынша бөлінгені 12 790,0 мың теңге, 11 037,8 мың теңге игерілді немесе 86,3%, игерілмеген сомасы 1 752,2 мың теңге мемлекеттік сатып алулар бойынша үнем;
- мүгедектердің құқықтарын камтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша бөлінгені 132 589,0 мың теңге, 130 057,3 мың теңге игерілді немесе 98,1% игерілмеген сомасы 2 531,7 мың теңге мемлекеттік сатып алулар бойынша үнем;
- кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсетуге бөлінгені 16 000,0 мың теңге, 14 285,7 мың теңге игерілді немесе 89,3 мемлекеттік сатып алулар бойынша үнем есебінен;
- «Өрлеу» жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізуге 19 189,0 мың теңге бөлініп, 100,0% игерілді.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 470 092,0 мың теңге жоспар бойынша бөлініп, 455 555,6 мың теңге игерілді, немесе 96,9%, соның ішінде:
- кадрларды кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру бойынша 52 029,0 мың теңге бөлінген, 41 127,9 мың теңге игерілген, немесе  79,0%, игерілмегені 10 901,1 мың теңге жұмыс берушілерден өтінімдердің болмауына байланысты. Барлығы 391 адам бағытталды;
- еңбекақыны бөлшектеп субсидиялауға 57 773,0 мың теңге бөлінді, 57 288,9 мың теңге игерілген немесе  99,2%, игерілмеген сомасы  484,1 мың үнемге байланысты. Құрылған әлеуметтік орындарға 454 адам бағытталды;
- жастар практикасын ұйымдастыруына 105 142,0 мың теңге бөлінген, 99,9% игерілген. Жастар практикасына 628 адам бағытталды;
- халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге 239 503,0 мың теңге бөлінген, 100,0% игерілді;
- кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 13 425,0 мың теңге бөлінген, 10 871,4 мың теңге немесе 81,0% игерілді, игерілмеген сомасы үнемге байланысты. Кәсіпкерлікті оқыту негіздеріне БҚО Кәсіпкерлік палатасымен облыстың 12 ауданында және Орал қаласында оқыту жүргізілді, 289 адам сертификат алды;
- ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына 2 220,0 млн.теңге бөлінді, игерілгені 1 799,0 мың теңге, немесе 81,0%, игерілмеген сомасы 421,0 мың теңге үнем есебінен. Ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізу мақсатында 12 аудан және Орал қаласында 13 оқыту семинары өткізілді.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде ҚР Үкіметінің арнайы резервінен бөлінген қаражаттар есебінен 11 әлеуметтік қамту объектілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді, соның ішінде Круглоозерный медициналық-әлеуметтік мекемесінің 4 корпусы; Көшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің 2 корпусы, пандус орнату және абаттандыру; Зеленов ауданы – 1 объекті; Бөрлі ауданы – 1 объекті; Тасқала ауданы – 1 объекті; Шыңғырлау ауданы – 1 объекті.

МӘДЕНИЕТ , ТУРИЗМ, СПОРТ,  АҚПАРАТТЫҚ  КЕҢІСТІК

Мәдениет, туризм, спорт, ақпараттық кеңістікке арналған шығыстар жоспар 11 944 105,2 мың теңге болғанда 11 908 341,6 мың теңгеге немесе 99,7% атқарылды.

Республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша  жоспар 1178993 мың теңге болғанда орындалуы 1151452,6 мың теңге немесе 97,7% құрады. Қаражаттар жаңалықтар телебағдарламаларын сурдоаудармамен қоса таратуға, мемлекеттік мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы мемлекеттік қызметші болып табылмайтын жұмысшылардың ай сайынғы еңбекақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін үстеме ақы төлеуге, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жұмсалды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоспар 18,0 мың теңге болғанда Орал қаласындағы  М.Мәметова атындағы мемориалдық музейдің әкімшілік нысанын қайта жөндеу жобасы бойынша  мемлекеттік сараптама өткізілді. 
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоспар 29507,0 мың теңге болғанда, Орал қаласы  «Астана» шағын ауданында ықшам футболға, волейболға және баскетбол ойындарына арналған алаңның құрылысы жүргізілді.

        «Орал қаласы бойынша 32 спорт кешені және балалар ойнайтын алаң құрылысы»; «Орал қаласында жекпе-жекке арналған спорт зал құрылысы»; «Казталов ауданы Казталов және Жалпақтал ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы»; «Ақжайық ауданы Чапаев және Тайпақ ауылдарында спорт алаңдары құрылыстары» жобаларының жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып әзірленді. «Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында жүзу бассейні құрылысы» жобасы мемлекеттік сараптаудан және «Бөрлі ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы» жұмыс жобалары кешенді ведомстводан тыс сараптаудан өткізілді.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде республикалық бюджет пен ҚР Ұлттық қорынан бөлінген нысаналы трансферттер есебінен 10 мәдениет объектілеріне күрделі жөндеу жүргізілді, соның ішінде Ақжайық ауданы – 3 объекті; Зеленов ауданы – 3 объекті; Жәнібек ауданы – 1 объекті; Қаратөбе ауданы – 1 объекті; Теректі ауданы – 1 объекті; Шыңғырлау ауданы – 1 объекті.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде ҚР Үкіметінің арнайы резервінен бөлінген қаражаттар есебінен 18 мәдениет объектілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді, соның ішінде Жаңақала ауданы – 2 объекті; Жәнібек ауданы – 1 объекті; Зеленов ауданы – 4 объекті; Казталов ауданы – 3 объекті; Сырым ауданы – 2 объекті; Тасқала ауданы – 4 объекті; Шыңғырлау ауданы – 2 объекті.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған бағдарлама шеңберінде ҚР Үкіметінің арнайы резервінен бөлінген қаражаттар есебінен 8 спорт объектілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді, соның ішінде Казталов ауданы – 1 объекті; Қаратөбе ауданы – 1 объекті; Тасқала ауданы – 6 объекті.


БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

2015 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІНІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

 

ТҮСІМДЕР

2016 жылдың 1 қаңтарына облыс бюджетінің түсімдері жоспар 142 194 710,4 мың теңге болғанда 145 223 738,0 мың теңгеге немесе 102,1% атқарылды.

2015 жыл ішіндегі кірістер (трансферттер түсімдерін есептегенде) 102,2% атқарылды, болжанған 133 756 049,0 мыңтеңгенің 136 734 921,7 мыңтеңгесі түсті.

Жеке табыс салығы толықтай108,8%-ға атқарылды, болжанған 17 910 784,0мың теңгенің 19 495 754,4 мың теңгесі түсті.

Жылдық жоспарға сәйкес әлеуметтік салық бойынша болжам 24 505 825,0 мың.теңгені құрады, нақты түскені 25 096 174,9 мың теңге немесе 102,4%.

Республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 36 203 569,0 мыңтеңге бюджеттік субвенция қарастырылды және алынды. Нысаналы ағымдағы трансферттердің жоспары және дамуға арналған нысаналы трансферттер жоспар 38 883 608,0 мыңтеңге болғанда38 883 608,0 мың теңге немесе100,0% түсті.

Республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 6 648 858,0 мыңтеңге сомасында қарыздар түсті (100,0% ).

Жылдық жоспарға сәйкесбюджеттік кредиттерді өтеу бойынша атқарылу жоспардағы 220 565,0 мыңтеңгенің 270 719,8 мыңтеңгесін немесе 122,7%  құрады.

2016 жылдың 1 қаңтарына бюджеттік қаражаттардың бос қалдығы 3 227 125,4 мыңтеңгені құрады.

        

ШЫҒЫСТАР

Шығыстар бойынша облыстың бекітілген бюджеті 143 202 742,0 мың теңге, түзетілгені 142 194 722,0 мың теңге. Атқарылуы 99,9% немесе 141 996 612,6 мың теңгені құрады.

Республикалық трансферттер бойынша игеру 38 433 045,3 мың теңге немесе 100,0%, соның ішінде ағымдағы – 28 985 770,2 мың теңге, дамуға арналған – 9 447 275,1 мың теңге.

2015 жылы 66жергілікті бюджетті нақтылау өткізілді, соның ішінде облыстық бюджет бойынша - 3, Орал қаласының бюджеті – 5, аудандық бюджеттер бойынша - 58. Нақтылаудың басты себептері болып жыл басында қалыптасқан бюджеттік қаражатттардың қалдықтарын бөлу, облыс түсімдерін болжауды нақтылау, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер мен кредиттерді бөлу табылады,кірістер бойынша жылдық жоспарды нақтылау табылады.

 

 

 

 

Әлеуметтік сала

БІЛІМ БЕРУ

Қаржыландырудың жылдық жоспары 49 136 701,0 мың теңге сомасында бекітілген, нақтылау есебімен 44 175 443,0  мың теңгені  құрады. Түзетілген бюджет 44 494 042,2 мың теңге сомасында қалыптасты, соның ішінде ағымдағы бағдарламалар бойынша – 39 806 974,4  мың теңге, күрделі сипаттағы шығындар бойынша – 1 918 303,6 мың теңге, даму бағдарламалары бойынша – 2 768 764,0 мың теңге.

2016 жылдың 1 қаңтарына атқару 44 432 276,1 мың теңге немесе түзетілген жоспарға 99,9% құрады, соның ішінде ағымдағы бюджет бойынша – 39 747 445,4  мың  теңге немесе 99,9%, күрделі сипаттағы шығындар бойынша 1 916 718,7 мың теңге немесе 99,9%. 

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер  алты бағыт бойынша жоспар 4861876,0 мың теңге  болғанда, орындалуы 4858408,7 мың теңге, немесе 99,9 % құрады, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 57428,0 мың теңге толықтай игерілді. Қаражаттар мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға, үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен 2335 мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға; 6393 студентке шәкіртақының мөлшерін өсіруге; мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын 279 мамандарды даярлауға;мемлекеттік мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы мемлекеттік қызметші болып табылмайтын жұмысшылардың ай сайынғы еңбекақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін үстеме ақы төлеуге жұмсалды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 5 білім беру нысанын күрделі жөндеуге қаражат бағытталды.

Игерілмеу сомасы 3467,3 мың теңгені құрады, соның ішінде: 3 462,0 мың теңге ерекше еңбек жағдайлары үшін үстеме ақы төлеуден лауазымдық бос орындар есебінен, еңбек демалыстары, еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары есебінен үнемдеу; 3,5 мың теңге- қызметтердің нақты пайдалануынан  үнемделу; 1,8 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнем.

Даму бюджеті бойынша жоспар 2768764,0 мың теңге болғанда, орындалуы 2768112,0  мың теңге құрады немесе 100%,соның ішінде:

- республикалық бюджеттен бөлінген даму трансферттері жоспар1402057,0 мың теңге, орындалуы 100% құрады. Орал қаласы Зашаған кентіндегі 1200 орындық және  Жаңақала  ауданы Жаңақала ауылындағы 600 орындық  2 мектеп құрылысы аяқталды.

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін трансферттер жоспар 200000,0 мың теңге болғанда, игерілгені 100%. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында 290 орындық балабақша құрылысы жүргізілді.

- жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоспар 1166707,0 мың теңге болғанда, орындалғаны 1166055,0 мың теңге,немесе 99,9%. Қосымша қаржыландыру: Орал қаласы Зашаған кентіндегі 1200 орындық және  Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы 600 орындық 2 мектеп құрылысына, Теректі ауданы Юбилейный ауылында, Жаңақала ауданы Сарыкөл және Жуалыой ауылында 108 орындық; Шыңғырлау ауданы Сегізсай ауылында 48 орындық мектеп құрылыстары аяқталды; Орал қаласында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы құрылысына; Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат ғимаратын қайта жөндеу жүргізілді. 5 мектеп құрылысының, 9 балабақша және 1 саз мектебінің жобалық - сметалық құжаттарын дайындау жүргізілді; дене шынықтыру залы құрылысының жобасын оңтайландыруға және түзетуге,1 мектептің  жобалық - сметалық құжаттарына байлау өткізілді. 2 нысан бойынша тендер құжаттары мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

652,0 мың теңге игерілмеді, соның ішінде: 605,6 мың теңге – үнем, 38,0 мың теңге мердігердің орындалуы актісін бермеуінен  техникалық бақылауға  төленбеуінен, 8,4 мың теңге-қаражат қалдығы.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар жоспардағы 24 405851,0 мың теңгенің24405458,0 мың теңгесі немесе 100,0% атқарылды.

2015 жылға денсаулық сақтау бойынша ағымдағы бюджет 23 185 862,0мың теңге сомасында бекітілді, нақтыланған жоспар 21 994 819,0мың теңгені, түзетілген жоспар 21 996 024,0 мың теңгені құрады. Орындалуы 21 995 641,9 мың теңге немесе 100% болып отыр.

2015 жылы республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша жоспар 13 364 179,0 мың теңгені құрады, оның 13 363 825,7 мың тенгесі немесе 100%-ға игерілді.  Орындалмаған сома  353,3 мың теңгені құрады, соның ішінде:

- 010 бюджеттік бағдарламасы бойынша «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ТМККК қамтамасыз етуге және кеңейтуге ағымдағы нысаналы трансферттер» бойынша нақтыланған бюджет 13 355 168,0 мың теңгені құрап, 13 354 814,7 мың теңгесі, яғни 100%-ға игерілді, орындалмаған сома 353,3 мың теңге, оның ішінде:

010-100 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз ету және кеңейту» кіші бағдарламасы бойынша жоспар 11 320 024,0 мың теңгені құрап, 100%-ға игерілді. 

Аталған кіші бағдарлама бойынша келесідей іс-шаралар жүзеге асырылды:

- ТМККК аясында аудандық маңызды және ауылдың денсаулық сақтау субъектілерімен халыққа медициналық көмек және амбулаториялық-емханалық көмек көрсету бойынша жылдық жоспар 9 225 457,0 мың теңгені құрап 100%-ға игерілді;

- ПМСП көрсететін ұйымдар қызметінің қол жеткізген түпкілікті нәтижелері үшін кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентін төлеу бойынша жоспар 791 445,0  мың теңгені құрап, 100%-ға игерілді;

- қуық безі ісігін ерте анықтау бойынша скрининг жүргізу үшін 7 429 ер адамды қарап-тексеруге 14 533,0 мың теңге бөлінді, 7 429 адам қаралды,  100%-ға игерілді.

- өңеш және асқазан ісігін анықтау үшін скрининг жүргізу мақсатында  23332 науқасты қарап-тексеруге 77 182,0 мың теңге бөлінді, 23332 науқас қарап-тексерілді, 100% игерілді;

- бауыр ісігін ерте анықтау бойынша скрининг жүргізу үшін зерттеп-қарауға жататын 137 адамға 881,0 мың теңге бөлінді, 137 адам қарап-тексерілді, 100% игерілді.

- колоректальды ісікті (2 кезең- колоноскопия) анықтау үшін тұрғындар арасында скрининг жүргізуге 474 науқасқа 3 673,0 мың теңге бөлінді,  474 адам қаралды, 100% игерілді.

- колоректальды ісікті анықтау үшін тұрғындар арасында скрининг жүргізуге 31600 адамға  36 942,0 мың теңге бөлінді, 31600 адам қаралып,  100% игерілді;

- жатыр мойны ісігін анықтау үшін 15337 әйелге скринингтік зерттеулер жүргізуге  58 145,0 мың теңге бөлінді, 15337 адам қаралды, 100% игерілді.

- сүт безі ісігін анықтау үшін 528 әйелге скринингтік зерттеулердің 2 кезеңін жүргізуге 8 516,0 мың теңге бөлінді, 528 адам қаралды, 100% игерілді;

- амбулатоиялық-емханалық ұйымдарда 16 маммологиялық кабинетін ашуға 32 127,0 мың теңге бөлініп, 16 маммологиялық кабинет ашылды, 100% игерілді;

- консультативтік-диагностикалық емханаларда (орталықтарда), көп бейінді клиникаларда проктологиялық кабинеттерді ашу үшін 1 кабинетке    2 033,0 мың теңге бөлініп, «№1 қалалық емхана» МККК жанынан кабинет  ашылды;

- онкологиялық диспансерлерде (бөлімдерде) амбулаториялық химиотерапия кабинеттерін ашу үшін 1 кабинетке 2 116,0 мың теңге бөлініп, «Облыстық онкологиялық диспансер» ШЖҚ-дағы МКК-нде кабинет ашылды;

- онкологиялық диспансерлерде әлеуметтік қызметкерлер мен психологтарды енгізу бойынша 2 маманды енгізуге 1 248,0 мың теңге бөлініп, 2 қызметкер енгізілді, 100% игерілді;

- онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету үшін 6124 адамға  1 059 825,0 мың теңге бөлініп, 6199 адам емделді, 100% игерілді.

- қаржылық лизинг шарттарымен сатып алынған медициналық техника үшін лизингтік төлемдерді өтеу бойынша жоспар 5 901,0 мың теңге құрады, 100% игерілді.

010-101 «Дәрі-дәрмек құралдарын, вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алу» кіші бағдарламасы бойынша нақтыланған бюджет 2 035 144,0 мың теңгені құрады,  2 034 790,7 мың теңге, яғни 100%-ға игерілді, орындалмаған сома 353,3 мың теңгені құрады. 

Аталған кіші бағдарлама бойынша келесідей іс-шаралар жүзеге асырылды:

- 1082 науқасқа туберкулезге қарсы препараттар сатып алуға 203 034,0 мың теңге бөлініп, 1082 адам дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді, 203 033,3 мың теңге, яғни 100% игерілді, 0,7 мың теңге сомасындағы үнемделген қаражат;

- 1632 науқасқа диабетке қарсы препараттар сатып алуға 215 439,0 мың теңге бөлінді, 1879 науқас препараттармен қамтылды, 215 194,4 мың теңге, яғни  100% игерілді, 244,6 мың теңге сомасындағы үнемделген қаражат;

- 55 ересек онкогематологиялық науқасқа химиялық препараттарды сатып алуға 122 119,0 мың теңге бөлініп, 60 науқас қамтылды, 122 118,6 мың теңге, яғни 100% игерілді, 0,4 мың теңге сомасындағы үнемделген қаражат;

- 10 онкогематологиялық науқас балаға химиялық препараттарды сатып алуға 574,0 мың теңге бөлініп, 10 науқас қамтамасыз етілді, 573,7 мың теңге, яғни 100% игерілді, 0,3 мың теңге сомасындағы үнемделген қаражат;

- 196 жедел миокард инфаркті науқасқа тромболитикалық препараттарды сатып алуға 58 291,0 мың теңге бөлініп, 138 науқас препараттармен қамтамасыз етілді, 58 290,4 мың теңге, яғни 100% игерілді, 0,6 мың теңге сомасындағы үнемделген қаражат;

- 17 гемофилиямен ауыратын науқасқа қанның ұюы факторларын сатып алуға 404 103,0 мың теңге бөлініп, 16 науқас қамтамасыз етілді, 404 103 мың теңге, яғни  100% игерілді,

- 14 гемофилиямен ауыратын балаға қанның ұюы факторларын сатып алуға 89 375,0 мың теңге бөлініп, 18 науқас қамтамасыз етілді, 89 374,4 мың теңге, яғни 100% игерілді, 0,6 мың теңге сомасындағы үнемделген қаражат;

- В және С жұқпалы гепатитімен ауыратын 8 баланы емдеу үшін препараттар сатып алуға  24 048,0 мың теңге бөлініп, 8 адам емделді, 24 048.0 мың теңге, яғни 100% игерілді;

- В және С жұқпалы гепатитімен ауыратын 46 ересек адамды емдеу үшін препараттар сатып алуға 117 129,0 мың теңге бөлініп, 46 адам емделді, 117 128,7 мың теңге, яғни 100% игерілді, 0,3 мың теңге сомасындағы үнемделген қаражат;

- 149 адамға АТТҚ антиретровирусты препараттар сатып алуға 91 388,0 мың теңге бөлініп, 156 науқас емделді, 91 285,3 мың теңге, яғни 100% игерілді, 102,7 мың теңге сомасындағы үнемделген қаражат;

- амбулаториялық деңгейде дәрілік құралдардың және орфандық препараттардың (миастения, ренальная анемия, муковисдидоз, шашыраңқы склероз) тізбесін кеңейтуге барлығы 92 науқасқа 195 943,0 мың теңге бөлініп, 105 науқас қамтамасыз етілді, 195 940 мың теңге, яғни 100% игерілді, 3,0 мың теңге сомасындағы үнемделген қаражат;

- жергілікті бюджеттердің дәрілік құралдарды сатып алу шығыстарын өтеуді қамтамасыз етуге; 61000 адамға  292 158,0 мың теңге бөлінді, 61000 науқас препараттармен қамтылды, 292 157,9 мың теңге, яғни 100% игерілді, 0,1 мың теңге сомасындағы үнемделген қаражат;

- амбулаториялық деңгейде 16 онкологиялық науқасқа дәрілік құралдарды сатып алуға 221 543,0 мың теңге бөлінді, 22 науқас дәрі-дәрмекпен қамтылды (үнемдеу есебінен), 221 543,0 мың теңге, яғни 100% игерілді.

004 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың шәкіртақысы мөлшерін ұлғайтуға ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша нақтыланған бюджет 7 806,0 мың теңгені құрады. Жылдық жоспар 534 адамға 7 806,0 мың теңгені құрады, 567 адам қамтамасыз етілді, 100% игерілді.

127 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында бостандығынан айырылғандар орнындағы және одан босатылған адамдар арасында АТТҚ жұқпасының алдын алу жөніндегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша  жылдық жоспар (1518 тұтқынға) 1 205,0 мың теңгені құрады, 1518 адам қамтамасыз етілді,  1 205,0 мың теңге, яғни 100% игерілді.

Даму бюджеті бойынша жоспар 2413446,0мың теңге болғанда, орындалуы 2413 441,4  мың теңге құрады немесе 100%.

Даму бюджеті бойынша 2015 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Орал қаласында 300 төсек орынға арналған қалалық көп бейінді аурухана құрылысы жалғасуда. Бас мердігер - «Болашак-Т» ЖШС. Құрылыстың жалпы құны 8 171 078,0 мың.теңгені құрайды (2015 жылғы бөлінген сома 2 328 677,0 мың.теңге). Игерілген сома 2 328 677,0 мың.теңгені немесе жоспарға 100% құрады.

 

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

2015 жылға арналған бюджет 6 180 939,0 мың теңге сомасында бекітілді, нақтыланған жоспар 5 036 317,0 мың теңге, түзетілген жоспар 5 461 484,0 мың теңге құрады. Орындалуы 5 451 566,1 мың теңге немесе 99,8% құрады. 

Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бойынша 957 103,0 мың теңге, игеру соммасы 951 555,2 мың теңге, немесе (99,4%), соның ішіңде:

 - арнайы әлеуметтік қызметтердің стандарттарын енгізу бойынша -13 119,0 мың теңге, немесе 100%;

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты үкіметтік емес секторда орналастыру бойынша – 13 296,2 мың теңге немесе 100%;

- мүгедектердің құқықтарын камтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту іс-шаралар жоспарын іске асыруға бойынша – 108 567,0 мың теңге, игеру соммасы- 105 976,8 мың теңге немесе 97,6%, игерілмеген соммасы -  2 590,2 мың теңге (1 803,6 мың теңге – мемлекеттік сатып алулар бойынша үнем, 786,6 мың теңге – келісімшарт міндеттерінің мердігердің орындалмауы);

- 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлем бойынша – 23 860,0 мың теңге, игерілуі 100% құрады;

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлем бойынша – 7 052,0 мың теңге,  100% игерілді;

- кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету – 15 050,0 мың теңге игерілді, жоспар бойынша 17 201,0 мың теңге, немесе 87,7% (қызмет алушының басқа аймаққа көшіп кетуіне байланысты үнем);

- Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге  – 301 653,6 мың теңге, игерілуі 100% құрады.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген 425 167,0 мың теңге бойынша 424 455,2 мың теңге құрады, немесе 99,8%, соның ішіңде:

- кадрларды кәсіби даярлау және біліктілігін арттыруға бойынша 66 593,0 мың теңге бөлінген, 66 391,8 мың теңге игерілген, немесе 99,7%, игерілмеген 201,2 мың теңге (тұрақты жұмыс орындарға орналасуына байланысты үнем). Кадрларды кәсіби даярлау және біліктілігін арттыруға 272 адам бағытталды;

- еңбек ақыны бөлшектеп субсидиялауға 50 396,0 мың теңге бөлінді, 50 163,9 мың теңге игерілген, немесе  99,5%, игерілмеген соммасы 232,1 мың теңге (жұмысшы жұмыстан босатылуына байланысты үнем). Әлеуметтік жұмыс орындарына 698 адам бағытталды;

- жастар практикасын ұйымдастыруына 98 492,6 мың теңге бөлінген, 98 492,6 мың теңге игерілген, немесе 100%. Жастар практикасына 818 адам бағытталды;

- халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге 195 927,0 мың теңге бөлінген және игерілуі (100%);

- кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 11 760,0 мың теңге бөлінген және игерілуі. Кәсіпкерлік оқыту негіздеріне «Astana School of Business and Technology» ЖШС-мен облыстың 12 аудандарында және Орал қаласында оқыту жүргізілді. Сертификат алған 250 адам;

- ақпараттық-түсіндерме жұмыстарына 1 972,0 млн.теңге бөлінді, игерілгені 1 759,0 мың теңге, немесе 89,2%, игерілмеген соммасы - 213,0 мың теңге (мемлекеттік сатып алулар бойынша үнем). Ақпараттық-түсіндірме шараларын жүргізу мақсатында 12 аудандар және Орал қаласында 13 оқыту семинары өткізілді.

Жергілікті бюджет қаражаттан 1 192,0 мың теңге трансферттер бөлінген, игерілгені 1 083,6 мың теңге, немесе 90,9%. Қаражат бағытталды:

- мекемелер орналасқан маңдарға мүгедектерге бағдар беруге бағытталған жол белгілері мен нұсқауларды орнату – 1 077,0 мың теңге, игерілгені 968,0 мың теңге, немесе 89,9%;

- мекемелер орналасқан маңдарға мүгедектерге бағдар беруге бағытталған  дыбыстық және жарық құрылғыларын орнату – 115,0 мың теңге, игерілгені 100%.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдауға республикалық бюджеттен 465 706,0 мың теңге сомасында кредиттер бөлінді, олар ауылдық тұрғындар мен өз жұмыстарымен қамтылғандарды микрокредитпен қамтуға бағытталып,  толық көлемінде игерілді. Қаражаттар аймақтық уәкілетті ұйым болып табылатын - «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ Батыс Қазақстан филиалы арқылы ҚР қаржы министрлігі, ҚР денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму  министрлігі және облыс әкімдігі арасындағы 2015 жылғы 24 сәуірдегі №9 МИО 676 үш жақты кредиттік келісім-шарт шеңберінде игеріліп, өз кезегінде облыстың 231 кәсіпкеріне микрокредит ұсынуға бағытталды.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылыққа 2015 жылы жоспар бойынша барлығы 16284 791,8мың теңге қарастырылды, 16274 590,6мың теңге немесе 99,9% орындалды.

Бұл шығыстар тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және елді-мекендерді абаттандыруға бағытталды.

Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыруға және айрықша санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге 136 576,0 мың теңге бөлініп, 136 450,9 мың теңге немесе 99,9% игерілді.

Елді-мекендерді абаттандыру бойынша келесі іс-шаралар жүргізілді:

- елді мекендер көшелерін жарықтандыруға жоспар 634 337,0 мың теңге болғанда игерілгені 634 020,6 мың теңге немесе 100,0%;

- елді-мекендердің санитарлық жай-күйін қамтамасыз етуге жоспар 1 426 999,0 мың теңге, игерілгені 1 426 970,9 мың теңге немесе 100,0%;

- елді-мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жоспар 525 849,0 мың теңге, игерілгені 524 822,6 мың теңге немесе 99,8%;

- қалалар мен елді-мекендерді абаттандыруды дамытужоспар52 186,0 мың теңге, игерілгені 52 183,9 мың теңге немесе 100,0%;

- жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу жоспар3 327,0 мың теңге, игерілгені 3 280,0 мың теңге немесе 98,6%;

Коммуналдық шаруашылықты қолдауға қаражаттар келесі бағытта жұмсалды:

 - облыстың елді-мекендеріндегі сумен қамту жүйелерінің және  су бұру жүйелерінің қызметін ұйымдастыруға жоспар 157 875,0 мың теңге болғанда, игерілгені 157 863,7 мың теңге немесе 100,0%;

- ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға жоспар 122 330,0  мың теңге болғанда, игерілгені 100,0%;

- аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жылыту желілерін, газдандыру желілерін пайдаланылуын ұйымдастыруға жоспар 168 965,0 мың теңге болғанда, игерілгені 168 965,0  мың теңге немесе 100,0%.

- коммуналдық шаруашылықты дамытуға жоспар 296 232,0  мың теңге  болғанда, игерілгені 296 223,8  мың теңге немесе 100,0%.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде облыста келесідей бағыттарда қаражат жұмсалды.

«Ақ бұлақ» бағыты бойынша:

- ауылдық елді-мекендерді және қалаларды сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 1 184 083,0 мың теңге, 100,0% игерілді, соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен 661 419,0  мың теңге, орындалғаны 100,0%. Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен: 2014 жылы салынып басталған «БҚО Теректі ауданының Федоров ауылындағы су құбьрын қайта құру» және «БҚО Сырым ауданы Жымпиты ауылының су құбырын қайта жаңарту» екі объект құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

«Қол жетімді баспана» бағыты бойынша қарастырылғаны:

-  коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға облыс бойынша 2 185 957,0 мың теңге сомасында қаражаттар бағытталды, 100,0% игерілді, оның ішінде республиалық бюджет трансферттері есебінен 757 036,0 мың теңге, 100,0% орындалды.

Жыл қорытындысы бойынша 6,1 мың кв. метр тұрғын үй, 105 пәтер  пайдалануға берілді. Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға тұрғын үй салуға қаражат мердігерлік ұйымдар алдында кредиторлық берешекті жабуға және Орал қаласының Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары бойындағы ТЖЖ көп қабатты құрылыста 9 қабатты 180 пәтерлік №3 дақ тұрғын үйдің  құрылысын жалғастыруға жұмсалды (құрылысы 2016 жылы жалғасатын объект). Сонымен қатар жас отбасылар үшін тұрғын үй салуға бөлінген қаражат 2014 жылы салынып басталған Орал қаласының Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары бойындағы ТЖЖ жаңа шағынауданындағы көп қабатты құрылыста 5 қабатты 90 пәтерлік №13 дақ тұрғын үйдің құрылысын (2014 жылдан жалғастырлған объект) жалғастыруға бағытталды. Аталған объект құрылысын аяқтау 2016 жылға жоспарланған.

-       тұрғын үй объектілерінің құрылысына инженерлі-коммуникациялық  инфрақұрылымды жобалауға 1 866 132,0 мың теңге сомасында қаражаттар бағытталды, игерілгені 1 859 400,2 мың теңге немесе 99,6%, соның ішінде республикалық бюджет трансферттері есебінен  384 457,0 мың теңге немесе және Қазақстан Республикасының Ұлттық Қоры есебінен 580 297,0 мың теңге 100,0% игерілді. Қаражат кредиторлық берешекті өтеуге, ЖСҚ жасақтауға және 2014 жылы бастап салынған объектілердің құрылысына бағытталды. Ал ұлттық қор қаражат есебінен екі объект құрылысы басталды: «БҚО Орал қаласының Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары аралығында орналасқанкөп қабатты тұрғын үйлер ТЖЖ-сы жаңа шағынауданындағы жер аумаған тегістеу мен ішікі орам жолдары», «БҚО Орал-Қаласының Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары бойындағы көп қабатты құрылыста ТЖЖ жаңа шағынауданындағы үш 5 қабатты 90  пәтерлік және 5 қабатты 100пәтерлік, бір 5 қабатты 60 пәтерлік, екі 9 қабатты 96,  102 пәтерлік (№16,22 дақ) тұрғын үйлерге инженерлік желілер және абаттандыру».

-       Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен Орал қаласы мен Бөрлі ауданының бюджеттерін кредиттеуге – 2 762 637,0 мың теңге бөлініп, 100,0% игерілді. 29,5 мың кв.метр пайдалануға берілді. Жалпы пәтерлер аумағы – 37,9 мың кв.метр құрайды (Орал қаласында 144, 90 және 72 пәтерлі үйлер және Ақсай қаласында 144 пәтерлі үй).

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылысреспубликалық бюджеттен 2 500 771,0 мың теңге сомасында кредиттер бөлініп, толық көлемінде игерілді. Бөлінген қаражатқа 7 жоба жүзеге асырылды, 3,4 км жылу желісі және 11 км су бұру жүйелері қайта құрылды.

Елді-мекендерді газдандыруға 1 888 054,0 мың теңге бағытталды, игерілгені 1 888 409,8 мың теңге немесе 99,9%, соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінгені 1 537 922,0  мың теңге, игерілгені 100,0%. 2015 жылы 209 км газ құбыры салынды және табиғи газға 6 862 адам тұрғындарымен 12 ауылдық елді-мекен қосылды. Орал ЖЭО-на магистралдық және тартылған газқұбыры құрылысы басталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге 99 304,6 мың теңге бөлінді. ҚР Үкіметінің 25.11.2015 жылғы №948 қаулысы бойынша қаражат ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және локальдық жүйенің су беру жөніндегі  қызметтерінің құнын субсидиялауға бағытталды.

 

МӘДЕНИЕТ , ТУРИЗМ, СПОРТ,  АҚПАРАТТЫҚ  КЕҢІСТІК

Мәдениет, спорт, дін, ақпараттық кеңістік ұйымдарының бюджеті  нақтылауды есепке алғанда 9 776 416,0 мың теңге құрады. Түзетілген бюджет 9 987 413,0 мың теңге деңгейінде қалыптасты, соның ішінде ағымдағы шығыстар бойынша 8 127 952,4 мың теңге, күрделі сипаттағы шығыстар – 575 564,6 мың теңге және даму бюджеті – 1 283 896,0 мың теңге.

Жылға орындалуы 9 983 767,8 мың теңге немесе 100%, соның ішінде ағымдағы бюджет бойынша 8 125 032,2 мың теңге немесе 100 %, күрделі сипаттағы шығыстар 575 519,4 мың теңге немесе 100%, даму бюджеті 1 283 216,2 мың теңге немесе 99,9%.

Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша жоспар 555 296,0 мың теңге болғанда орындалуы 553 372,0 мың теңге немесе 99,7% құрады. Қаражаттар жаңалықтар телебағдарламаларын сурдоаудармамен қоса таратуға, мемлекеттік мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы мемлекеттік қызметші болып табылмайтын жұмысшылардың ай сайынғы еңбекақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін үстеме ақы төлеуге жұмсалды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде мәдениет саласының 2 объектісін күрделі жөндеуге жұмсалды: Зеленов ауданының Переметное ауылында аудандық мәдениет үйі және облыстық жоғарғы спорттық шеберлігі мектебі. 1 924,0 мың теңге мөлшеріндегі игерілмеген сома – бос орындар, еңбек демалыстары, еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары есебінен 10% көлеміндегі үстеме ақыдан үнемдеу.

Даму бюджеті бойынша жоспар 1 283 896,0 мың теңге болғанда орындалуы 1 283 216,2 мың теңге немесе 99,9%, соның ішінде:

мәдениет объектілері бойынша:

- жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жоспар 904 161,0 мың теңге болғанда игерілгені 903 884,9 мың теңге немесе 100%. Орал қаласындағы  облыстық Достық үйінің құрылысы аяқталды.Теректі ауданы Подстепное ауылында мәдениет үйі құрылысының  және Орал қаласындағы  М.Мәметова атындағы мемориалдық музейдің әкімшілік ғимаратының құрылысының  жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды.  Игерілмегені 276,1 мың теңге –қаражатты үнемдеу.

дене шынықтыру және спорт объектілері бойынша:

- жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоспар 379 735,0 мың теңге болғанда, орындалуы 379 331,3 мың теңге немесе 99,9% игерілді.  Қосымша қаржыландыру 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына (ДСК) өткізілді: Қаратөбе ауданының Қаратөбе ауылында, Сырым ауданының Жымпиты ауылында  160 көрермендік орынға   және Орал қаласындағы Зашаған ауылында 320 көрермендік орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыстары жүргізілді. Орал қаласының шағын аудандарында шағын футболдан және баскетболдан ойын алаңдарының құрылысы жүргізілді.

Орал қаласында интернаты бар дарынды балаларға арналған спорт кешенінің, Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында жүзу бассейнінің, Бөрлі ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыстарына  және Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы стадион құрылысын қайта жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталды. Игерілмеу сомасы 403,7 мың теңгені құрады, соның ішінде: 355,0 мың теңге- жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамада; 48,7 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнем.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan