Тұрғын-үй қоры

Тұрғын үй қорын сақтау және қалыпты жағдайда пайдалану бойынша ұйымдастыру шараларын жүргізу

Аудан және Орал қаласы әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес облыста 1791 көппәтерлі тұрғын үйлер бар, оның ішінде Орал қаласы бойынша – 1154 үй.

2011-2012 жылдары республикалық бюджеттен көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге 1 млрд. 207,5 млн. теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде:

- 2011 жылы – 395 млн. теңге.

- 2012 жылы – 812,5 млн.теңге

144 көппәтерлі тұрғын үйлер жөнделді:

-         2011 жылы – 30 үй,

-         2012 жылы – 86 үй,

-         2013 жылы – 28 үй.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында пәтер иелерінің сұранысына сәйкес шатыр, есік, терезе ауыстырылған, қасбет, подъезд, жертөледегі коммуналдық жүйелер, лифт жөнделген.

2013 жылдың қорытындысы бойынша жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлердің үлесі 94%-дан 86%-ға төмендеді.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan