Тұрғын үй бағдарламасы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы (892 Kb, .ppt)


Орал қаласында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында 2009 жылы 6 тұрғын үй құрылысын салу жоспарланып, соның бүгінгі күнде 3 нысанның құрылысы аяқталды:

1. «Орал қаласының 9-шағынауданындағы 5 қабатты 75 пәтерлік №2 тұрғын үй» (5 қабатты 75 пәтерлік: 1 бөл. - 25кв., 2 бөл. - 25кв., 3 бөл. - 25кв., пәтердің алаңы 4100м2).

2. «Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігіндегі 1-қабатында кеңсе жайларымен бірге 200 отбасыға арналған пәтер үлгісіндегі шағын отбасылы 9 қабатты тұрғын үй».

3. «Орал қаласының 9-шағынауданындағы 5 қабатты 75 пәтерлік №1 тұрғын үй» (5 қабатты, 75 пәтерлік: 1 бөл. - 25кв., 2 бөл. - 25кв., 3 бөл. - 25кв., пәтердің жалпы алаңы 4100м2).

Құрылысы жүріп жатырған нысандар:

4. «Орал қаласының 9-шағынауданындағы тұрғын үйлер кешені. 6 дақ» (9 қабатты, 2 бөлікті, 79 пәтерлік: 1 бөл. - 16 кв (40м2), 2 бөл. - 25кв. (60м2), 3 бөл. - 38кв.(80м2), пәтердің жалпы алаңы 5174м2).

5. «Орал қаласының 9-шағынауданындағы тұрғын үйлер кешені. 4 дақ» (9 қабатты, 3 бөлікті, 128 пәтерлік: 1 бөл. - 31кв (40м2), 2 бөл. - 40кв.(60м2), 3 бөл. - 57кв. (80м2), пәтердің жалпы алаңы 8181,6м2).

6. «Орал қаласының Жамбыл көшесіндегі 5 қабатты 75 пәтерлік мансардалы тұрғын үй» (5 қабатты, 72 пәтерлік: 1 бөл. - 24кв., 2 бөл. - 24кв., 3 бөл. - 24кв., пәтердің жалпы алаңы 3929,96м2).

Тұрғын үй қоры бойынша

Қазіргі уақытта «Северо-Восток» шағынауданында орналасқан коммуналдық 216-пәтерлік тұрғын үй тапсырылған болатын. Аталған үйден тұрғын үйге мұқтаждардың тізімінде тұрған келесідей санаттарға кезек ретімен берілетін болады: Ұлы Отан қатысушылары мен мүгедектеріне және олардың жесірлеріне, Ауған соғысының қатысушыларына, Совет армиясының мүгедектеріне, көп балалы отбасыларына, сонымен қатар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне.

Осыған қоса, 9-шы шағынауданындағы салынып жатқан 75-пәтерлік жалға берілетін тұрғын үй тапсырылуы үстінде. Соған орай, қазіргі таңда тұрғын үй және жекешелендіру секторында тізімдердің түгендеу жұмыстары жүргізілуде.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan