Жер учаскелерін бөлу

Жер учаскелерін беру

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабының 8-тармағына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі.
Арнайы есепке қою кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі, олар туралы мәліметтер мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорациядан сұратылады.

2017 жылдың 2-ші тоқсаны жағдайы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алу үшін кезекте 99 965 азаматтар тұр (соның ішінде Орал қаласы бойынша 70 579 азамат).
Облыс аудандары бойынша 2017 жыл басынан жеке тұрғын үй құрылысына 85 жер учаскелері жалға берілді (соның ішінде: Ақжайық ауданы – 21, Бөкейордасы ауданы– 0, Бөрлі ауданы – 9, Жаңақала ауданы– 0, Жәнібек ауданы – 3, Зеленов ауданы – 0, Казталов ауданы – 2, Қаратөбе ауданы – 2, Сырым ауданы – 21, Тасқала ауданы – 27, Теректі ауданы – 0, Шыңғырлау ауданы – 0, Орал қаласы – 0).
Жер қатынастары саласындағы аудандық уәкілетті органдардың мәліметтеріне сәйкес 2017 жылы тиісті коммуникацияларды жүргізгеннен соң азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 3250 жер учаскелерін беру келесі аудандарда жоспарланып отыр:
- Ақжайық ауданы – 218;
- Бөрлі ауданы – 1572;
- Жаңақала ауданы – 60;
- Зеленов ауданы – 770;
- Қаратөбе ауданы – 87;
- Сырым ауданы – 85;
- Тасқала ауданы – 11;
- Теректі ауданы – 369;
- Шыңғырлау ауданы – 78.
Орал қаласы бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы №922 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Орал қаласына қарасты Круглозерное кентіндегі «Ізденіс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен жалпы көлемі 165 гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі мемлекеттік меншігіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта аталған жер учаскесі бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жасақталып жатыр.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44 және 44-1-баптарына сәйкес Орал қаласы бойынша азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер учаскелерін беру қажетті инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілген тиісті алаңдарда жоспарланып тұр.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan