Хабарландыру

«Батыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар «Орал қаласының көше жарығы желілерін соңынан жаңғырта отырып сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша конкурстың өтуі туралы хабарландыру.

МЖӘ түрі: Сервистік қамтамасыз ету.

Қызмет түрі: жаңғырту және күтіп-ұстау.

Жобаның мерзімі: 6,4 жыл.

Шығындарды өтеу және кірістерді алудың болжамды көздері: қолжетімділікке төлем, соның ішінде:

- инвестициялық шығындардың компенсациялық соммасы;

- операциялық шығындардың компенсациялық соммасы;

- жеке әріптестің МЖӘ Нысанының сапалы сипаттамасымен қамтамасыз еткені үшін сыйақы соммасы, сондай-ақ МЖӘ Нысанының техникалық-экономикалық  параметрлері негізінде МЖӘ Нысанының қолжетімділігін қамтамасыз еткені үшін  сыйақы соммасы.  

Жобаның қүны: 2 395 797,72 мың. теңге, соның ішінде:

- инвестициялық шығындар-986 384,27 мың. теңге;

- күтіп ұстауға жұмсалатын шығын - 1 409 413,45 мың. теңге.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32-бабы бойынша біліктілік талаптарына және жекеше әріптесті таңдау бойынша конкурстық қүжаттамаға сәйкес келетін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.

Конкурсты ұйымдастырушыга берілетін қажетті конкурстық құжаттар және әлеуетті қатысушыларга қойылатын талаптар, конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурсты өткізу туралы осы хабар­ландыру жарияланган сәттен конкурстық құжаттар бумасының көшірмелерін сағат 9.00-ден 13.00-ге және 14.30-дан 18.30-ға дейін мына мекен-жай бойынша: Орал қаласы, Чурина көшесі, 116, 209-бөлмеде алуға болады. Конкурстық құжаттама топтамасының бумасы тегін ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға арналган конкурстық өтінімдер, сонымен қатар біліктілігі бойынша іріктеу үшін қүжаттар, әлеуетті қатысушылармен желімделген конверттерде «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-не мына мекенжай бойынша: Орал қаласы, Чурина көшесі , 116, 209-бөлме қолма-қол жеткізіледі.

Әлеуетті жекешелік әріптестік біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі - 2018 жылдың 20 шілде күні сағат 11.00-ге дейін, қоса алғанда.

Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдердің соңғы мерзімі - 2018 жылдың 20 шілденің сағат 13.00-ге дейін.

Конкурстық өтінімдердің конверттерін ашу 2018 жылдың  20 шілдесінде сағат 16.00-де мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Чурина көшесі , 116, 201 - бөлме.

Нақтыланған ақпаратты «Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сінде, Орал қаласы, , Чурина көшесі , 116, 209 бөлмеде алуға 6олады, 8/7112/50-78-16, 8(707) 588-17-55 жауапты тұлгалар–Сатымов Қайрат Сатымович.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»