БҚО әлеуметтік-экономикалық дамуы

Батыс Қазақстан облысының 2018 жылғы қаңтар-наурыздағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімдері 559,0 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 96,9% құрады, оның ішінде:

тау-кен өндірісі саласында – 500,1 млрд. теңге, 96,0%;

өңдеу саласында – 39,7 млрд. теңге, 114,3%;

электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау саласында – 17,3 млрд. теңге, 105,1%;

сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау саласында – 1,9 млрд. теңге, 134,9%.

Газ өндіру көлемі 5311,9 млн. текше метр құрады, бұл 2017 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,1%-ға аз, газ конденсаты – 3247,6 мың тонна немесе 2,7%-ға аз.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 5543,5 млн. теңге құрады, бұл 2017 жылдың тиісті кезең деңгейінен 44,0%-ға аз. Газолей өндірісі 74,9%-ға азайды.

Дайын металл өнімдердің өндірісі 2722,1 млн. теңге құрады, бұл 2017 жылдың тиісті кезең деңгейінен 1,6 есе көп. Құйылған ұнтақтағыш шарлар өндірісі 34,5%-ға көбейді.

Металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5298,9 млн. теңге құрады, бұл 51,5%-ға көп. Легірленбеген (көміртегі) болаттан жасалған қырланған табақтар өндірісі  45,4%-ға, іші қуыс жіксіз профильдер 50,6%-ға көбейді.

Өзге металл емес минералдық өнімдердің өндірісі 44,4%-ға көбейіп, 2287,2 млн. теңге құрады. Тауарлы бетон өндіріс көлемі 2,9 есе көбейді.

Машина жасау саласында 8856,1 млн. теңгеге өнім өндірілді, бұл 1,7 есеге көп.

Тамақ өнімдері 12227,8 млн. теңгеге өндірілді, бұл 32,6%-ға көп.

Еттен жасалған консервілер – 3,8 есеге, ет және тағамдық қосымша өнімдері – 5,2 есеге, дайындалған және консервіленген балық өнімдері – 13,7 %-ға,  ұн – 46,1%-ға, өңделген сұйық сүт және кілегей – 23,0%-ға, жаңа піскен нан - 7,4%-ға,  макарондар, кеспелер және ұннан жасалған ұқсас өнімдер 0,3% өсті.

Ірімшік және сүзбе өндірісі 38,7%-ға, шұжық өнімдері – 13,8%-ға төмендеді.

2018 жылы ИИДМБ және Индустрияландыру картасы шеңберінде 154 жұмыс орын құрылумен 3,0 млрд. теңгеге 6 жоба іске қосылуда:

«Агран» ЖШС – сэндвич-панель өндірісі. Құны – 800 млн. теңге. Қуаттылығы - жылына/500 мың шаршы метр. Жұмыс орны – 20;

«134» ЖШС – кірпіш зауытының құрылысы. Құны – 455,2 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 20 млн. дана. Жұмыс орны – 70;

«Топан» ЖШС – химиялық өндіріс базасының құрылысы. Құны – 854,0 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 4000 тонна. Жұмыс орны – 40;

«Кублей» ЖШС- жануарлардан алынатын қалдықтарды өңдеу бойынша цехтың құрылысы. Құны – 551,6 млн. теңге. Қуаттылығы – тәулігіне 30 тонна. Жұмыс орны – 5;

«Хасанов» ЖК – кондитерлік өнімдер өндірісінің цехын жаңғырту. Құны – 94,4 млн. теңге. Қуаттылығы - жылына/52 мың тонна. Жұмыс орны – 10;

«Global Procurement» ЖШС – бетондық араластыратын түйін. Құны – 256,0 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 2112 жол плитасы, 2208 іргетас блогы. Жұмыс орны – 9.

Инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар 61,6 млрд. теңге құрады, бұл 2017 жылдың деңгейінен 16,2%-ға көп.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 1,9 млрд. теңге құрады немесе 14,0%-ға көп.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 755,3 млн. теңге немесе 3,8 есеге көп.

Кәсіпорындардың өз қаражаттары үлесіне шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса, жалпы көлемнің 95,2% тиесілі немесе 58,7 млрд. теңге, 19,3%-ға көп.

Банктердің кредиттері есебінен инвестициялар 243,8 млн. теңге (2017 жылдың тиісті кезең деңгейіне 38,6%), қарыздар есебінен 27,0 млн. теңге құрады (2017 жылдың тиісті кезең деңгейіне 2,0%).

126,2 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2017 жылғы тиісті кезең деңгейінен 21,1%-ға көп.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 14,9 млрд. теңге құрады немесе 2017 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,1%-ға аз.

Көлік. 8,3 млн. тонна жүк және 100,1 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2017 жылдың қаңтар-наурыз деңгейіне сәйкесінше 100,7% және 98,4%.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 12,4 млрд. теңге құрады, бұл 2017 жылдың қаңтар-наурыз деңгейіне 104,3%.

16,8 мың тонна ет (тірі салмағында) өндірілді немесе 2017 жылдың қаңтар-наурыз деңгейіне 110,5%, сүт – 19,9 мың тонна (100,3%), жұмыртқа – 40,8 млн. дана (126,2%).

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында мүйізді ірі қара мал саны -8,1%-ға (оның ішінде сиыр – 1,8%-ға), ешкі – 3,0%-ға,  жылқы – 14,0%-ға, құс – 45,6%-ға көбейді.

Тауар айналымы. Бөлшек тауар айналымының көлемі 68,0 млрд. теңге, 2017 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,5% құрады.

Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейі 101,5% құрады (республикалық көрсеткіш – 101,8%).

Азық-түлік тауарларының бағасы 2,1%-ға өсті (республикалық көрсеткіш – 2,2%-ға). Тоқаш және ұннан дайындалатын кондитерлік өнімдердің бағасы – 1,0%-ға, темекі өнімдерінің – 1,4%-ға, макарон өнімдерінің - 2,2%-ға, ет – 2,5%-ға, алкоголь ішімдіктердің - 3,6%-ға,балық және теңіз өнімдерінің – 6,2%-ға, жемістер және көкөністер – 7,1%-ға, картоп  10,2%-ға қымбаттады. Қара шәй – 8,5%-ға қарақұмық жармасы 9,5%-ға  арзандады. 

Азық-түлік емес тауарлардың баға индексі 101,1% құрады (республикалық көрсеткіш – 101,3%). Жуғыш және тазалағыш құралдар – 1,6%-ға, басқа да, жеке пайдалануға арналған тауарлар бағасы – 1,9%-ға, газет және маусымдық басылымдар – 2,5%-ға, қатты отын – 2,6%-ға, автокөліктер 3,0%-ға қымбаттады. Бензин 1,4%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтердің тарифтері мен бағалары 101,0% құрады (республикалық көрсеткіш – 101,7%). Мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтері - 2,5%-ға, тұрғын үйді жалға алу үшін төлем - 3,4%-ға, бөлінетін желілер бойынша тасымалданатын газ тарифі - 3,6%-ға, шаштараздар мен сұлулық салон қызметтері - 3,8%-ға, пошталық қызметтер - 4,3%-ға, тұрғын үйлерді күтіп ұстауға жұмсалған шығындар - 5,2%-ға, құқықтық және сақтандыру қызметтері – 6,0%-ға, амбулаториялық қызметтер 7,4%-ға қымбаттады. Жолаушылардың темір жол көлігі қызметінің бағасы 1,3%-ға қымбаттады, жолаушылардың әуе көлігі қызметі 6,9%-ға арзандады.

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 38,1 мың бірлікті құрады, бұл 2017 жылғы тиісті кезең деңгейінен 3,8%-ға көп.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 112,9 мың адамды құрады, бұл 2017 жылдың 1 қаңтарына деңгейінен 5,6%-ға көп.

2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен 1404,9 млрд. теңгеге тауар (жұмыс, қызмет) өндірілді, бұл 2016 жылғы тиісті кезең деңгейіне 102,8%.

2018 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға 1618,7 млрд. теңге қарастырылған, соның ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 1477,7 млн. теңге, жартылай кепілдендіруге – 94,0 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 47,0 млн. теңге.

2018 жылғы қаңтар-наурызда БҚО бойынша Өңiрлiк үйлестiру кеңесiмен жалпы сомасы 1,1 млрд. теңгеге 13 жоба мақұлданды.

Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 5,0 млрд. теңге қарастырылды.

Қаржылар. Мемлекеттік бюджетке 65,1 млрд. теңге жиналды (болжамға 115,2%), бұл 2017 жылғы қаңтар-наурыздан 4,1%-ға аз.

Республикалық бюджетке түсімдер 42,1 млрд. теңгені құрады (болжамға 102,2%), бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінен 10,1%-ға аз.

Жергілікті бюджетке 23,0 млрд. теңге түсті (болжамға 150,0%), бұл 9,2%-ға көп.

Өтелмеген салықтар (өткен жылдар есебімен) 2018 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 682,1 млн. теңгеге көбейіп және 4322,5 млн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша – 3379,8 млн. теңге (314,5 млн. теңгеге көп), жергілікті – 942,7 млн. теңге (367,6 млн. теңгеге көп).

Еңбек нарығы. 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметінде 5491 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,6% құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезең деңгейінен 0,7 пайыздық пунктке жоғары.

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1754 жұмыс орны құрылды, оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығында – 394, өнеркәсіпте – 8, құрылыста – 334, көлік және қоймалауда – 102, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоцикл жөндеу – 133, білім беру – 196, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 62, экономикалық кызметтің басқа түрлері салаларында – 194, уақытша және маусымдық жұмыстарда – 331. Жалпы құрылған жұмыс орындарының  1243-і (70,9%) – ауылдық жерде.

3290 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында – 838 адам.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 2069 адам жіберілді.

Техникалық және кәсіптік білім, орта білімен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 497 адам жолданды, соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында – 242 адам.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 696 адам орналастырылды, соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы аясында – 519 адам.

Кедей отбасылардың саны 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 2189 отбасыны құрады және 2017 жылдың 1 сәуірімен салыстырғанда 1834 отбасыға көбейді.

2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда орташа айлық еңбекақы 138240 теңгені құрады, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңінен 1,4%-ға көп.

Білім беру. Облыстың білім беру мекемелерінің саны 391 мектепті құрады (98764 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік – 387 (98682 оқушы), мемлекеттік емес – 4 (82 оқушы). 380 күндізгі мектеп (97710 оқушы), 4 кешкі ауысымды мектеп (351 оқушы), 3 арнайы мамандандырылған мектеп (621 оқушы) жұмыс істейді.

Облыста 185 балабақша, 59 «мектеп-балабақша» кешені және 246 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санын қамтитын 30,0 мың бала немесе 74,2%-ын 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар, 99,9%-ын 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар құрайды.

57 мектептен тыс мекемелер қосымша білім алу мүмкіндігін жасап отыр, оқушылардың қамтылу саны 58,3 мың, бұл облыс мектептері оқушыларының жалпы санының 59,6%-ын құрайды.

3 ПДПК (психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру), 12 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеттері қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда 126 отбасында 167 бала патронаттық тәрбие алуда.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 19,1 мың адам оқитын 38 бірлік құрайды, соның ішінде 27 мемлекеттік, 11 мемлекеттік емес колледждер.

Білім беру саласының 2018 жылғы бюджеті 54,1 млрд. теңгені құрайды.

Жалпы білім беретін мектептерде мультимедиялық кабинеттердің компьютерлерін қоса есептегенде, 14073 компьютер бар немесе бір компьютерге 7 оқушыдан келеді.

Денсаулық сақтау. 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының жүйесі 44 заңды нысанды құрайды.

Облыста 1723 дәрігер және 6270 орта медицина қызметкері (ДСӘДМ жүйесі) жұмыс істейді.

3530 бюджеттік кереует орын.

2018 жылғы қаңтар-наурызда 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  қатерлі ісік ауыруларынана өлім (100 мың тұрғынға)  3,0%-ға, туберкулез ауруы – 0,9%-ға азайды, қан айналым жүйесінің аурулары (100 мың тұрғынға) – 13,4%  көбейді. Есепті кезеңде ана өлімі уақиғасы тіркелген жоқ.

Денсаулық сақтау саласының 2018 жылғы бюджеті 3,7 млрд. теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер – 0,9 млрд. теңге. Кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемінің қаражаттары  29,5 млрд. теңгені құрайды.

Мәдениет және спорт. Мәдениет ұйымдарының саны 738 нысан құрайды, соның ішінде 388 кітапхана, 275 қалалық, аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, 5 автоклуб, 28 киноқондырғы, 21 музей (соның ішінде 2-і мемлекеттік  емес), 1 көрме залы, 3 мәдениет және демалыс саябағы, 8 кинотеатр (соның ішінде 3-і мемлекеттік  емес), облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау Инспекциясы, тарих және археология Орталығы, облыстық халық шығармашылығы Орталығы, жастар шығырмашылығы Орталығы, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер Орталығы, облыстық Қазақ драма театры, А.Н.Островский атындағы драма театры, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, камералық оркестр сынды кәсіби өнер ұжымдары.

Мәдениет саласының  2018 жылғы бюджеті 6,0 млрд. теңге құрады.

Облыс бойынша спорттық құрылыстардың саны 1567 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 6 жүзу бассейні, 13 спорт кешені, 275 спорт залы, 2 спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 101 ату тирі, 984 жазықтық ғимарат, 151 бейімделген спорт залы, 20 теннис корты, 3 хоккей корты.

Облыста 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, облыстық жоғары шеберлік спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, 11 спорт клубы, соның ішінде 3 кәсіби клубы («Ақжайық» спорт клубы АҚ, «Ақжайық» футбол клубы  АҚ, «Жайық» волейбол клубы МКҚК) жұмыс істейді.

Дене шынықтыру және спорт саласының 2018 жылғы бюджеті 3,7 млрд. теңгені құрады.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan