Салық саясаты

Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті  хабар етеді

25.09.2012 ж.

Құрметті салық төлеушілер!

Орал қаласы бойынша  Салық басқармасы салық органының дерек қорында жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ жеке тұлғалардың тізімдерін жолдайды.

Салық органының дерек қорында ЖСН-рі жоқ салық төлеушілер, міндетті түрде ЖСН талап етілетін қызметтерді, соның ішінде салық міндеттемесіне қатысты - салық нысандарын тапсыруға, салық  және т.б төлемдерді жүзеге асыра алмайды.

Өзекті сұрақтарыңызды мына байланыс телефондары арқылы хабарласып білуіңізге болады 50-53-61, 50-79-87 және 50-55-67. Біздің мекен-жайымыз: Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1.

 

Салық органының дерек қорында жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ жеке тұлғалардың тізімдері

Орал қаласы бойынша

Салық басқармасы

 


 23.11.2011 ж.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті «Активтерді оңалту және басқару компаниясы»  АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.04.2011  жылғы №463 қаулысымен Салық төлеушінің (салық агентінің) кеден төлемдері мен салықтар бойынша берешек есебіне билік етуі шектелген мүлкін  сату саласында уәкілетті заң тұлға болып бекітілгенің хабарлайды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер бойынша берешектің есебіне өткізу ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы  №618 Қаулысымен бекітілді.

БҚО бойынша Салық департаментімен мамандандырылған аукционда өткізу үшін салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкі   «Активтерді оңалту және басқару компаниясы» АҚ-на  берілді және тұрақты түрде  беріледі.

Аукциондар электронды-сауда алаңында электрондық түрде  ағылшын және голландық әдіс бойынша  өткізіледі. Аукционға берілген мүлік тізімінде оргтехника, офистік жиһаз, автотранспортық құралдар және т.б. сатып алуға болады.

Толық мәліметті аукцион бойынша келесі электронды сайттардан табуға болады «Активтерді оңалту және басқару компаниясы» АҚ http://www.krua.kz/, электронды-сауда алаңы http://www.sale.kazbc.kz/
Анықтама телефоны: 8 (7172)- 26-97-20.


14.01.2011 ж.

Құрметті салық төлеушілер!

Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті  2011 жылдың 12 қаңтарындаftp://ftp.salyk.kz/SONO/sertifikate_list/sertifikate_list_01.01.2011-31.03.2011.rar сілтемесі бойынша 2011 жылдың 1 қаңтарынан  2011 жылдың 31 наурызына  дейін  жұмыс істеу мерзімі аяқталатын криптографиялық кілттер тізімін жариялағандығын  Сіздің назарыңызға жеткізеді.

Тізімде сіздің СТН бар жоғын тексеруіңізді сұраймыз.

Егер тізімде бар болсаңыз, криптографиялық кілтті қайта алу үшін  тіркелген салық органына жолығуыңызды сұраймыз.


06.01.2011 ж.

Құрметті  салық төлеушілер!

Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті « Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін ( Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 10.12. 2008 жылғы Заңының 16- бабына сәйкес, алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейінгі кезең ішінде төлеуге жататын корпоративтік табыс  салығы  бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің бірінші тоқсаны үшін есепті салық кезеңінің 20 қаңтарынан кешіктірмей, Салық кодексінің 141- бабының 2 тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, КТС бойынша аванстық төлемдерді есептеп, төлеу міндеті жүктелген салық төлеушілер орналасқан жердегі салық органына табыс етеді.


05.01.2011 ж.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті  хабар етеді:

2011 жылдың 1 қаңтар  айында Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті мемлекеттік бюджетке 222,9 млрд. тенге салық және басқада міндетті төлемдер түсімін қамтамасыз етті, болжам 234,6 млрд. тенге, немесе болжам  95 % орындалды.

Соның ішінде:

- республикалық бюджетке 177,4 млрд, тенге сомасында түсім қамтамасыз етілді, болжам 188,6 млрд. тенге, немесе болжам 95 % орындалды.

- жергілікті бюджетке 45,5  млрд. тенге, болжам 45,9  млрд. тенге, немесе болжам  99,1 % орындалды.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan
Назад