Rules of Competition for Vacant Administrative State Position

Rules of Competition for Vacant Administrative State Position

Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 20 наурызда № 8380 тiркелдi


       «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 14-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлген Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Тiзiлiмге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi (бұдан әрi – Агенттiк) Төрағасының кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Агенттiктiң Мемлекеттiк қызметтi өткеру бөлiмi (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте ресми жариялауды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялау күнiнен бастап, бiрақ 2013 жылдың 26 наурызынан ерте емес қолданысқа енгiзiледi.

                             Төраға                                           А. Байменов

Қазақстан Республикасы      
Мемлекеттiк қызмет iстерi   
агенттiгi Төрағасының      
2013 жылғы 19 наурыздағы 06-7/32
бұйрығымен           
бекiтiлген          

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары

      Осы Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға конкурс (бұдан әрi – конкурс) өткiзудiң және мемлекеттiк органдарда конкурс комиссиясын қалыптастырудың шарттары мен тәртiбiн айқындайды және «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 14-бабына сәйкес әзiрлендi.

1. Жалпы ережелер

      1. Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.
      2. Конкурсты «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдары бар (бұдан әрi – бос лауазымдар) мемлекеттiк органмен лауазымдардың тиiстi санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн өткiзiледi.
      3. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асыру үшiн конкурс комиссиясын қалыптастырады.
      4. Конкурс комиссиясының шешiмi бос лауазымға орналасудың немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негiз болып табылады.
      5. Мемлекеттiк орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оның өткiзудiң кез келген кезеңiнде ол туралы мiндеттi түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып тоқтатылуға тиiс.

2. Конкурс өткiзудiң шарттары мен тәртiбi

      6. Конкурсқа:
      1) «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 10-бабы 4-тармағында, 13-бабының  1-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкес;
      2) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органмен белгiленген шектi мәннен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
      7. Конкурс туралы хабарландырулар жарияланғаннан кейiн мемлекеттiк органға осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетiлген құжаттарды тапсырған азаматтар конкурс қатысушылары болып табылады.
      8. Конкурс комиссиясы шешiмiнiң негiзiнде әңгiмелесуге жiберiлген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрi – кандидаттар) болып табылады.
      9. Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды қарайтын, кандидаттармен әңгiмелесу өткiзетiн және бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады.
      10. Конкурс мынадай сатылардан тұрады:
      1) конкурс өткiзу туралы хабарландыруларды жариялау;
      2) конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
      3) конкурсқа қатысушылар құжаттарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн алдын ала қарау;
      4) кандидаттармен конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;
      5) конкурс комиссиясының қорытынды отырысы.
      11. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

3. Конкурс туралы хабарландыру

      12. Орталық мемлекеттiк органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлiмшелерiнде конкурс өткiзу кезiнде хабарландырулар орталық мемлекеттiк органның және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi  уәкiлеттi органның (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) интернет-ресурстарында, сондай-ақ мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады.
      Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда конкурс өткiзу туралы хабарландырулар жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкiлеттi органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады.
      Персоналды басқарудың бiрыңғай қызметi (кадр қызметi) құрылған жағдайда хабарландыру құрылымында тұратын мемлекеттiк органның және уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жарияланады.
      13. Конкурс өткiзу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейiн «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағы, 14-бабының 8-тармағы және 15-1-бабының 1-тармағында көзделген тәртiп бойынша конкурстық рәсiмдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берiлмейдi.
      14. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерден тұрады:
      1) мекен-жайы көрсетiлген конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органның атауы, почта мекен-жайлары, телефондары мен факс нөмiрлерi, электрондық почта мекен-жайлары;
      2) негiзгi функциональдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар атауы;
      3) мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
      4) құжаттарды қабылдау мерзiмi (конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 10 жұмыс күн);
      5) осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттар тiзбесi;
      6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны.
      Конкурс белгiлi жұмыс iстеу мерзiмi бар бос лауазымға орналасуға конкурс өткiзу жағдайында, бұл шарт конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiледi.
      Хабарландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн қосымша ақпаратты, оның iшiнде конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыру мүмкiндiгi туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.

4. Конкурс комиссиясын қалыптастыру

      15. Конкурс комиссиясы осы Қағидалармен айқындалған тәртiппен тиiстi лауазымға тағайындауға құқығы бар тиiстi мемлекеттiк органның басшысымен, ал жауапты хатшы лауазымы енгiзiлген мемлекеттiк органдарда, жауапты хатшымен қалыптастырылады.
      Аудандарда, қалаларда, облыстарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшiн бiрыңғай конкурс комиссиясын құруға жол берiледi. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық атқарушы органдардың бiрыңғай конкурс комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар тұлғаның шешiмiмен құрылады.
      Орталық мемлекеттiк органның аудандық аумақтық бөлiмшелерi үшiн орталық мемлекеттiк органның өңiраралық немесе облыстық аумақтық бөлiмшелерiнде бiрыңғай конкурс комиссиясын құруға жол берiледi. Аудандық аумақтық бөлiмшелердiң бiрыңғай конкурс комиссиясы орталық мемлекеттiк органның өңiраралық немесе облыстық аумақтық бөлiмшесi басшысының шешiмiмен немесе жоғары тұрған органның шешiмiмен құрылады.
      16. Конкурс комиссиясы кемiнде бес мүшеден тұрады. Конкурс комиссиясының төрағасы осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетiлген тұлғамен айқындалады.
      Конкурс комиссиясының құрамына персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметiнiң) қызметкерлерi не персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметiнiң) мiндетiн атқару жүктелген тұлғалар, мемлекеттiк органның басқа бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетiлген тұлғамен айқындалатын өзге тұлғалар енгiзiледi.
      Конкурс комиссиясының құрамына мемлекеттiк органның басшысы және басшы орынбасары болып табылатын мемлекеттiк саяси қызметшi кiре алмайды.
      Конкурс комиссиясының төрағасы осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетiлген тұлғаның шешiмi бойынша персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметiнiң) басшысы не өзге тұлға тағайындалады.
      Бiрыңғай конкурс комиссиясының құрамына орналасуға өткiзiлетiн конкурс бос лауазымдар бар мемлекеттiк органдардың немесе мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары қосылады.
      Конкурс комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.
      Конкурс комиссиясының қатыспаған мүшелерiн алмастыруға жол берiлмейдi.
      17. Конкурс комиссиясының құрамына конкурсқа қатысушы кiре алмайды.
      18. Конкурс комиссиясы әр жарияланған бос лауазым үшiн сол лауазымға үмiткер кандидаттарға мiндеттi тәртiпте және бiрдей көлемде қойылатын сұрақтардың тiзбесiн бекiтедi.
      19. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетiлген тұлғаның келiсiмi бойынша байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi.
      Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және барлық деңгейдегi маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң (үкiметтiк емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкiлдерi, уәкiлеттi органның қызметкерлерi қатыса алады.
      20. Байқаушылар әңгiмелесу өткiзу процесiнде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергi келтiретiн iс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректерiне қатысты мәлiметтердi жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсiмдерiнде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берiлмейдi.
      21. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлғалар әңгiмелесу басталуына 1 жұмыс күнi қалғанға дейiн кешiктiрмей персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн ұсынады.
      22. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгiмелесу басталардан бұрын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы жадынамамен таныстырады.
      23. Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысуға және тиiстi мемлекеттiк органның басшылығына және уәкiлеттi органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерiнiң пiкiрлерiн жазбаша түрде бере алады.
      24. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетiлген тұлғаның келiсiмi бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол берiледi. Сарапшы ретiнде конкурс жариялаған мемлекеттiк органның қызметкерi болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжiрибесi бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды iрiктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
      Сарапшылар әңгiмелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелерiне кандидаттар туралы өз пiкiрлерiн бiлдiредi. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.
      25. Конкурс аяқталғанға дейiн уәкiлеттi органдарға ақпарат берудi және Қазақстан Республикасы заңдарымен бекiтiлген басқа да жағдайларды қоспағанда мемлекеттiк органның қызметкерлерiне конкурс комиссияларының құрамы, конкурсқа қатысушылар туралы және олардың жеке деректерiн жариялауға жол берiлмейдi.
      26. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерiнiң кандидаттармен әңгiмелесуде және конкурс комиссиясының қорытынды отырысына қатысуға жол берiледi.

5. Құжаттарды қабылдау

      27. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;
      2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
      3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
      4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
      7) құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органмен белгiленген шектi мәннен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификат.
      Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайларда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi.
      Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.
      Мемлекеттiк қызметшiлермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды олар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдардың персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) куәландыра алады.
      28. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
      29. Азаматтар 27-тармақта аталған, құжат тiгiлетiн мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртiпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.
      30. Азаматтар осы Қағидалардың 27-тармағында аталған құжаттарды хабарламада көрсетiлген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады.
      Конкурсқа қатысу үшiн осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетiлген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күн бұрын кешiктiрiлмей бередi.
      Осы Қағидалардың 27-тармағында аталған құжаттардың түпнұсқасы берiлмеген жағдайда тұлға әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.
      31. Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың сауалнама, өтiнiш және өзге де құжаттары персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметiнде) сақталады.
      Аталған құжаттарды сақтау мерзiмi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1605 қаулысына сәйкес айқындалады.

6. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау

      32. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.
      33. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына және осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн қарайды.
      34. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталғаннан кейiн үш жұмыс күн iшiнде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгiмелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды. Шешiм хаттама түрiнде ресiмделедi және комиссияның төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қояды.
      Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттардың тiзiмi конкурс жариялаған мемлекеттiк органның интернет-ресурсында және ғимаратында көпшiлiкке көрiнетiн жерлерде орналастырылады.
      Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар конкурс комиссия шешiм қабылдаған күннен бастап екi жұмыс күн iшiнде әңгiмелесу өткiзу күнi туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жiберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешiм қабылдағаннан кейiн екi жұмыс күн iшiнде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

7. Кандидаттармен әңгiмелесу

      35. Әңгiмелесудiң мақсаты кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.
      36. Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап бес жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған мемлекеттiк органдарда өтедi.
      37. Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқауларына сүйенедi.
      38. Әрбiр кандидатпен әңгiмелесу барысы жеке түрдегi хаттамамен ресiмделедi немесе техникалық жазба құралдары көмегiмен белгiленедi.
      Кандидатпен әңгiмелесу хаттамасына конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелерi, кандидат, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асырушы хатшы қолдарын қояды.
      Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгi жасалады.
      Әңгiмелесу кезiнде кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады. Техникалық жазба құралдарын қолдану конкурс комиссиясы отырысының өтуiне кедергi келтiрмеуi тиiс.

8. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы

      39. Әңгiмелесу өткiзiлгеннен кейiн екi жұмыс күннен кеш емес өткiзiлуi тиiс қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.
      40. Конкурс комиссиясының шешiмi кандидат қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
      41. Конкурс комиссиясының шешiмi егер отырысқа оның құрамының 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.
      42. Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда кандидат оң баға алады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      43. Конкурс комиссиясы уәкiлеттi органға әңгiмелесуден өткен кандидаттарды кадр резервiне алуға ұсыным жасауға құқығы бар.
      44. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрiнде ресiмделедi.
      45. Конкурс комиссиясы отырысы хаттамасының көшiрмесi уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне жiберiледi.
      46. Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн бес жұмыс күн iшiнде хабарлайды.
      47. Конкурс комиссиясының шешiмi мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тiзiмi конкурс өткiзiлгеннен кейiн бес жұмыс күн iшiнде мемлекеттiк органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрiнетiн жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

9. Кандидаттың лауазымға орналасуы

      48. Мемлекеттiк органның басшысы, ал жауапты хатшы лауазымы енгiзiлген мемлекеттiк органдарда, жауапты хатшы конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды.
      Жауапты хатшы «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесi мен өкiлеттiктерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 27 шiлдедегi № 372 Жарлығында көзделген жағдайларда кандидатты мемлекеттiк органның басшысының келiсiмi бойынша қабылдайды.

10. Шағым беру тәртiбi

      49. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
      50. Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi конкурс комиссиясының шешiмiне келiп түскен шағымды қарайды және «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, осы Қағидалардың, мемлекеттiк қызмет туралы басқа да заңдардың бұзылғаны анықталған жағдайда, конкурс комиссиясына қабылданған шешiмдi жоюды ұсынады.
      51. Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен өзiнiң отырысында қаралады. Осы отырыста конкурс комиссиясы бұрын қабылданған шешiмiн жояды және жаңасын енгiзедi, не оны өзгерiссiз қалдырады. Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданғаннан күнiнен он жұмыс күн iшiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.
      52. Конкурс комиссиясының бұрынғы қабылдаған шешiмiн жоюы және жаңасын енгiзуi мемлекеттiк орган басшысының, ал жауапты хатшы лауазымы енгiзiлген мемлекеттiк органдарда, жауапты хатшының тиiстi шешiмiн өзгертуi немесе қабылдауы үшiн негiз болып табылады.
      53. Егер конкурс комиссиясы бұрынғы қабылданған шешiмдi өзгерiссiз қалдырған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi, сондай-ақ шағым берген конкурс қатысушысы немесе кандидат осы шешiмдi сот тәртiбiнде шағым бере алады.
      54. Өздерiне қатысты бөлiгiнде конкурс қатысушылары мен кандидаттар, сондай-ақ уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесу нәтижелерiмен таныса алады.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға 
орналасуға конкурс өткiзу      
және конкурс комиссиясын      
қалыптастыру қағидаларына      
1-қосымша              

Байқаушыға жадынама

      Байқаушының:
      конкурс қатысушысы туралы ақпаратпен танысуға;
      олармен әңгiмелесуде қатысуға;
      әңгiмелесу өткiзу рәсiмi туралы оның аяқталғанынан кейiн өз пiкiрiн бiлдiруге;
      конкурс өткiзу барысы туралы жалпы баға беруге;
      конкурс комиссиясы отырысының хаттамаларымен танысуға;
      конкурс комиссиясының жұмысы туралы мемлекеттiк органның басшылығына және мемлекеттiк қызметтiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға өздерiнiң пiкiрлерiн жазбаша түрде беруге мүмкiндiгi бар.
      Байқаушы:
      әңгiмелесу барысына фото-, аудио-, видеотүсiрiлiмдер жүргiзуге;
      конкурс қатысушыларының жеке басы деректерiн жариялауға;
      әңгiмелесу өткiзу процесiне араласуға, конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергi жасауға;
      конкурс қатысушыларына қандай да бiр жәрдемдесуге;
      конкурс комиссиясының мүшелерiне олардың шешiм қабылдауында әсер етуге;
      нақты конкурс қатысушысы туралы, оның жеке қасиеттерi туралы жария бағалауға және пiкiрiн бiлдiре алмайды.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға 
орналасуға конкурс өткiзу      
және конкурс комиссиясын      
қалыптастыру қағидаларына      
2-қосымша              

__________________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

      Менi бос тұрған мынадай _______________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________________ қызмет орнына тағайындалуым
үшiн байқауға жiберуiңiздi сұраймын.
      Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

      Қоса берiлген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      _________                ____________________________________
       (қолы)                               (Аты-жөнi)

                                       «____»_______________ 20__ ж.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға 
орналасуға конкурс өткiзу      
және конкурс комиссиясын      
қалыптастыру қағидаларына      
3-қосымша              

Фотосурет орны
(4х6)

САУАЛНАМА
(Өз қолымен толтырылады)

1. Тегi _____________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесiнiң аты ________________________________________________________
2. Азаматтығы _______________________________________________________
Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз _________________________________
3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн ____________________
4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз _____________________
Болған елiңiз _______________________________________________________
Болған уақытыңыз ____________________________________________________
Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз _________________________________
5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе шектелген
деп танылдыңыз ба, қашан және не үшiн _______________________________
6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметтi атқару құқынан
айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн __________________________________
7. Сiз мынадай:
1) Сiз үмiттенген лауазымға тiкелей бағынысты;
2) Сiз үмiттенген лауазым тiкелей бағынысты лауазымдарды атқаратын
мемлекеттiк қызметшiнiң жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, бала
асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы
бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немересi, жұбайы
немесе зайыбы) болып табыласыз ба _______________________________.
8. Тiлдердi бiлуi: __________________________________________________
9. Мекен-жайы және байланыс телефоны ________________________________

                                                       ______________
                                                         (жеке қолы)

                                          «___» _______________ 20 ж.
                                                (толтыру күнi)

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк қызмет iстерi
агенттiгi Төрағасының   
2013 жылғы 19 наурыздағы 
№ 06-7/32 бұйрығымен  
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң күшi жойылды деп танылған бұйрықтардың тiзiмi

      1. «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң қағидасы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 30 қарашада № 986 тiркелдi, «Казахстанская правда» 2001 жылғы 23 маусымдағы № 149-150 жарияланған).
      2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына өзгертулер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасы 2000 жылғы 18 қаңтар № 02-1-7/3 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 7 ақпанда № 1043 тiркелдi).
      3. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi 2000 жылғы 25 ақпандағы № 2-1-7/16 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 29 ақпанда № 1066 тiркелдi).
      4. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2000 жылғы 16 маусымдағы № 02-1-7/60 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 24 маусымда № 1173 тiркелдi).
      5. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының бұйрығы 2000 жылғы 3 қараша № 02-1-7/154 (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 11 қарашада № 1281 тiркелдi, «Казахстанская правда» 2000 жылғы 18 қарашадағы № 294-295 жарияланған).
      6. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 6 маусымдағы № 02-2-4/98 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 14 маусымда № 1544 тiркелдi, «Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында» жарияланған, 2001 жылы, № 25, 430-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 986 нөмiрiмен тiркелген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң ережесiн бекiту туралы» 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 10 сәуiрдегi № 02-01-02/44 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 13 мамырда № 2268 тiркелдi).
      8. «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы № 02-01-02/80 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2005 жылғы 27 маусымда № 3694 тiркелдi).
      9. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасын бекiту туралы» 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуiрдегi № 02-01-02/64 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2006 жылғы 25 мамырда № 4239 тiркелдi, «Казахстанская правда» газетiнде 2006 жылғы 3 маусымдағы № 138-139 (25109-25110) жарияланған).
      10. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының кейбiр бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2007 жылғы 9 ақпандағы № 02-01-02/113 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2007 жылғы 7 қыркүйекте № 4920 тiркелдi, «Заң газетiнде» 2007 жылғы 4 қазандағы № 152 (1355), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында, 2007 жылы, шiлде-қыркүйек, жарияланған).

Survey

Do you do sports during your leisure time?
Address
The Republic of Kazakhstan, West Kazakhstan region, Uralsk, Dostyk Druzhba Avenue, 179.
Website support
IT Group Kazakhstan