«Еңбек жолы» конкурсы бойынша аңдатпа

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлама мақаласында қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыру қажеттілігін атап өтіп, алдағы жылдарда қолға алу қажет болатын жобалардың бірі ретінде «Туған жер» бағдарламасын ұсынғаны баршаға мәлім.

Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы аясында, Еңбек адамының беделін жоғарылату, еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау, жастарды өндіріс саласына тарту, көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Еңбек күні» бекітіліп, еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы» республикалық конкурсы белгіленді.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету мақсатында Министрлікпен өткен жылдан бастап еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы» республикалық конкурсы белгіленді.

«Еңбек күнін мерекелеуге арналған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» Республикалық Форумы аясында аудандық (қалалық) және облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы өткізілетін болады.

«Еңбек жолы» конкурсын (ары қарай- конкурс) өткізу мақсаты:

1) Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаһандануы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын тиімді жүзеге асыру, ұрпақтардың мирасқорлығын сақтау;

2) еңбек адамдары туралы позитивті қоғамдық пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау;

3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына елеулі еңбек үлестерін қосқан  отандастарының жетістіктері үшін мақтанышты тәрбиелеу.

Конкурсқа кәсіпорындардың барлық жұмысшылары қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» - ең көп жұмыс өтілі бар, көбірек марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.

Ескерту: конкурсқа барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады.

Еңбек әулеті- бір отбасының жақын туыстарының бір не одан көп ұрпақтарын(бір немесе екі жұбай балаларымен немесе немерелерімен бірге) таныстыратын, қазіргі уақытта қызмет атқаратын және берілген кәсіпорында 20 жылдан кем емес еңбек өтілі бар бір ұйымның жұмысшы тобы. Әулет басшысы болып бәрінен бұрын еңбек жолын бастаған еңбек әулетінің өкілі есептеледі.

Еңбек әулеті ауданның, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысып, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесіп, өз кәсібін насихаттауы қажет.

2) «Өндірістің ең жас жұмысшысы»- жұмыс өтілі 5 жылдан көп емес өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады.

3) «Жұмыс жасайтын жастардың ең үздік тәлімгері»- 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар аса тиімді тәлімгер таңдалады.

Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

1 кезең жергілікті деңгейде өткізіледі:

1) қалалық және аудандық деңгейдегі үздік әулеттер мен жұмысшылар анықталады;

2) сәйкес облыс жеңімпаздары қалалық және аудандық деңгейдегі үздік әулет пен жұмысшылар арасынан анықталады. 

2 кезең республикалық деңгейде, сәйкес облыстар жеңімпаздары арасында өткізіледі:

1) сәйкес облыс жеңімпаздарының видеороликтары мен презентациялары ұсынылады;

2) сәйкес облыс жеңімпаздарына ұсынылған материалдар зерттеледі.

Марапаттау рәсімі ағымдағы жылы Астана қаласында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай» республикалық форумы өткізілетін күні өтеді.

«Еңбек күніне» арналған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» облыстық форумы қыркүйек айында өткізу жоспарлануда.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»