«Еңбек жолы» конкурсын өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар

1. Жалпы ережелер

 

1. Бұл әдістемелік ережелер «Еңбек жолы» республикалық конкурсының ұйымдастырылуы мен өткізілу тәртібін реттейді және жастарды еңбекке деген құрмет рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау мен көбейту мақсатында өндірістегі үздік еңбек әулеттері мен жұмысшыларды анықтауға мүмкіндік береді. Конкурс еңбек Адамының қоғамдағы беделін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» қамқорлығымен еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыруға септігін тигізеді.

2. «Еңбек жолы» конкурсын(ары қарай- конкурс) өткізу мақсаты:

1) Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаһандануы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын тиімді жүзеге асыру, ұрпақтардың мирасқорлығын сақтау;

2) еңбек адамдары туралы позитивті қоғамдық пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау;

3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына елеулі еңбек үлестерін қосқан  отандастарының жетістіктері үшін мақтанышты тәрбиелеу.

Конкурсқа кәсіпорындардың (саласынан тәуелсіз) барлық жұмысшылары қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» - ең көп жұмыс өтілі бар, көбірек марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.

Ескерту: конкурсқа барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады.

Еңбек әулеті- бір отбасының жақын туыстарының бір не одан көп ұрпақтарын(бір немесе екі жұбай балаларымен немесе немерелерімен бірге) таныстыратын, қазіргі уақытта қызмет атқаратын және берілген кәсіпорында 20 жылдан кем емес еңбек өтілі бар бір ұйымның жұмысшы тобы. Әулет басшысы болып бәрінен бұрын еңбек жолын бастаған еңбек әулетінің өкілі есептеледі.

 Еңбек әулеті ауданның, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысып, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесіп, өз кәсібін насихаттауы керек. 

2) «Өндірістің ең жас жұмысшысы» - жұмыс өтілі 5 жылдан көп емес өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады.

3) «Жұмыс жасайтын жастардың ең үздік тәлімгері»- 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар аса тиімді тәлімгер таңдалады.

Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

1 кезең жергілікті деңгейде өткізіледі:

1) қалалық және аудандық деңгейдегі үздік әулеттер мен жұмысшылар анықталады;

2) сәйкес облыс жеңімпаздары қалалық және аудандық деңгейдегі үздік әулет пен жұмысшылар арасынан анықталады.  

2 кезең республикалық деңгейде, сәйкес облыстар жеңімпаздары арасында өткізіледі:

1) сәйкес облыс жеңімпаздарының видеороликтары мен презентациялары ұсынылады;

2) сәйкес облыс жеңімпаздарына ұсынылған материалдар зерттеледі.

Марапаттау рәсімі ағымдағы жылы Астана қаласында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай» республикалық форумы өткізілетін күні өтеді.

 

2. Конкурстық комиссия

 

7. Жергілікті деңгейдегі Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін жергілікті атқарушы органдар жанынан конкурстық комиссия(ары қарай- жергілікті комиссия) және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі жанынан  комиссия(ары қарай- Республикалық комиссия) құрылады. Республикалық комиссия құжаттарды қарау үшін және Республикалық конкурс кезеңдерін өткізу үшін сыртқы сарапшыларды қатыстыруға құқықтары бар.

8.Конкурс жеңімпаздарын таңдау кезіндегі критерийлер осы әдістемелік ұсыныстарға қосымшада көрсетілген.

9. Республикалық комиссия Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қызметкерлерінен, сонымен қатар республикалық кәсіподақтар бірлестігінің (келісілген түрде) және Қазақстан Республикасының  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (келісілген түрде) өкілдерінен құралуы керек.

Жергілікті комиссиялар жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік еңбек инпекциясының қызметкерлерінен, сонымен қатар жергілікті кәсіподақтар бірлесітігінің (келісілген түрде) және жергілікті кәсіпкерлер палатасының (келісілген түрде) өкілдерінен құрылуы керек.

 10. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады және жалпы қадағалауды жүзеге асырады. Комиссияның шешім қабылдауы кезінде даулы мәселе туындаған жағдайда, комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

11. Хатшы Комиссия шешім шығаратын кезде қатысады және комиссия қызметіне техникалық қызмет көрсетеді:

1) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдайды;

2) комиссия отырыстарын ұйымдастырады;

3) комиссия отырысты хаттамасын рәсімдейді және конкурс нәтижесі бойынша конкурс жеңімпаздарына материалдар құрастырады;

4) Конкурс жеңімпаздарының құжаттарын Республикалық комиссияға жолдайды.

12. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданып, хаттамамен рәсімделеді.

13. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап тапсыруға болады.

14. Конкурсқа қатысушыларға Әдістемелік ұсынымдардың 17 тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы хабарлама берілуі мүмкін.

15. Ең көп дауыс берілген конкурсқа қатысушы  конкурс жеңімпазы етіп оны таңдауда басымды құқыққа ие болады. 

16. Республикалық комиссия дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс санын жинаған жеңімпаздарды анықтайды.

 

3. Жергілікті және республикалық конкурстарға ұсынылатын құжаттар.

17. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1) конкурсқа қатысу туралы ерікті нысандағы өтінім, номинацияны көрсете отырып;

2) жеке куәлік көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша видеоролик, 1-3 минуттан көп емес (жұмыс орны мен икемін көрсете отырып, ықыласы болса);

4) конкурс қатысушысы туралы (жұмыс, жанұя, хоббиі) компьютерлік презентация 1-3 минут (MicrosoftPowerPoint форматында);

5) еңбек әулеті өкілінің немесе жұмысшының еңбек кітапшасының және жұмысберушімен куәландырылған, еңбек өтілін растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі/ жұмыс орнынан анықтама;

Жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан мінездеме хат.

Болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмесі)

Мемлекеттік немесе ведомстволық марапаттар, мақтау қағаздары, алғыс хаттарының көшірмесі;

Біліктілігін арттыру туралы сертификат (болған жағдайда)

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік не орыс тілдерінде ұсынылады.

  

 «Еңбек жолы» конкурсын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға қосымша

                                                                                                                

«Еңбек жолы» конкурсы бойынша жеңімпаздарды іріктеу критерийлері

«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:

1. Барлық әулет өкілдерінің алған мемлекеттік немесе ведомстволық марапаттары, сонымен қатар мақтау қағаздары, жергілікті өзін- өзі басқару органдарының, кәсіподақтардың, жұмысберушілердің алғыс хаттары;

2. Әулет өкілдері болып табылатын отбасы мүшелерінің және олардың туыстарының жалпы саны;

3. Әулет өкілдерінің жалпы еңбек өтілі, әулет үлкенінің еңбек жолы басталған уақыттан Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін құжаттар топтамасын тапсыру уақытына дейін.

«Үздік жас өндіріс жұмысшысы», «Жұмыс жасайтын жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша:

1. Өзінің кәсіби біліктілігін дамытуға қосқан үлесі;

2. Өз жұмысына деген адалдық;

3. ұйымдастырушылық және қарым- қатынастық қырларының болуы;

4. еңбегі үшін бірнеше рет көтермеленулердің болуы;

5. Ынталық ұсыныстардың болуы;

6. кәсіби қызметінен тыс шығармашылық қызғушылықтарының болуы;

7. білім деңгейі, оны шыңдауға құлшынысы;

8. жұмыс орнындағы жеке жетістіктері;

9. Өз жұмысын орындаудағы сапасы;

Жоғарыда аталған критерийлердің талаптарын сақтамау орын алса, комиссия қатысуышыларға құжаттарын қайтаруы мүмкін.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»