Мемлекеттік қолдау шаралары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес облыста кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың «Бизнестің жол картасы-2020» Бірыңғай бағдарламасы жүзеге асырылуда.Бағдарлама  пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, банк несиелерін ішінара кепілдендіру, мемлекеттік гранттар, жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымды тарту және қаржылық емес қолдау шараларын көрсетеді.

Бағдарлама төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, салалық қолдау, валюталық тәуекелділікті төмендету және қаржылық емес қолдау шаралары.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша несиелендіру талаптары:

Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытына салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай қатыса алады.

Несие алушының несие сомасы 750 млн.теңгеден аспайды.Субсидиялау мерзімі 5 жыл. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған несиелердің субсидиялау мерзімі, субсидиялау мерзімін ұзарту құқысыз 3 (үш) жыл.

Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша несиелендіру талаптары:

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша қатысушылар, жобалары Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында, сонымен қатар, ИИДМБ айқындалған қайта өңдеу өнеркәсібі саласында іске асырылып жатқан кәсіпкерлер.

Несие алушының несие сомасы 2,5 млрд.теңгеден аспайды.Субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған несиелердің субсидиялау мерзімі, субсидиялау мерзімін ұзарту құқысыз 3 (үш) жыл.

 Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 40 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.

ИИДМБ-да айқындалған өңдеу өнеркәсібінің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша несиелендіру талаптары:

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша қатысушылар, жобалары Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында, сонымен қатар, ИИДМБ айқындалған қайта өңдеу өнеркәсібі саласының басым секторларында іске асырылып жатқан және жалпы қаржылық түсімнің 10% дан кем емес валюталық түсімі бар кәсіпкерлер.

Несие алушының несие сомасы 2,5 млрд.теңгеден аспайды.Субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін.

 Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 30 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін банк кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Банк несиелері бойынша ішінара кепілдендірудің үш бағыты:

Бастаушы кәсіпкерлердің 20 млн.теңгеге дейінгі жобалары бойынша кепілдендіру мөлшері несие сомасынан 85% құрайды.

Әрекеттегі кәсіпкерлердің 60 млн.теңгеге дейінгі салалық шектеулерсіз,  экономиканың басым бағыттары бойынша 360 млн.теңгеге дейін жобалары бойынша кепілдендіру мөлшері несие сомасынан 50% құрайды.

Мемлекеттік гранттар:

Атаулы бағдарламаның қатысушылары шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар, моноқалалар, шағын қалалар және ауылдық елді мекендер салалық шектеулерсіз, экономиканың басым секторларында және қайта өңдеу өнеркәсібі салаларына беріледі.

   Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражаты), оның ішінде жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікпен, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бизнес-жобаның міндетті шарты болып табылады.

Грант сомасы 3 млн.теңгеге дейін.

Индустриалды инфрақұрылымды дамыту:

         Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту экономиканың басым секторларында, өңдеу өнеркәсібінің салаларында және ИИДМБ-да анықталған көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде қызметтерін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ жобаларды моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алусыз жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады.     

Бөлінген қаражат: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтауға ұңғыма бұрғылау), газдандыру, су таратқыш, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, кірме теміржолдар, телефон желілері, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу және газ құрылғылары инфрақұрылымын салуға (реконструкциялауға) бағытталған.

          Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік объектілері аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкерлік объектісінің ішкі аумағына инфрақұрылымды жеткізуге қаражат бөлу көзделмейді.

Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жүзеге асырылады:

      1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 млн. теңгеден кем болмауы тиіс;

      2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 50 млн. теңгеден кем болмайды, бұл ретте инфрақұрылым салудың (реконструкциялаудың) барынша көп сомасы 1,8 млрд.теңгеден аспауы тиіс.

4-ші бағыт бойынша жүзеге асырылады:

-         «Бизнес-кеңесші» бастаушы кәсіпкерлерді оқыту

-         «Іскерлік байланыстар» жобасын жүзеге асыру

-         «Аға сеньорлар» жобасын жүзеге асыру

-         Сервистік қолдау, әрекеттегі бизнесті жүргізу және т.б.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»