04 Желтоқсан 2018
5

Шыңғырлауда көлемі 8 мың шаршы метр жаңа алаң ашылды

Сапар барысында Б.Қонысбаева аудан орталығындағы жаңа алаңның ашылу рәсіміне қатысты.

Құны 10 4871,5 мың теңге құрайтын алаңға биіктігі 15 метр болатын «Жеті керемет» монументі, бейне бақылау камералары, жарықшамдар, соңғы үлгідегі ЛЭД экран орнатылған. Үш авто тұрақ, арнайы автокөлікке арналған жол бар. Жалпы аумағы 8 592 шаршы метр алаңның мердігері «Ремстройбыт» ЖШС құрылыс жұмыстарын жоспарға сәйкес маусым-қараша айларында жүргізіп аяқтады.

Ашылу рәсімінде сөз алған Бибігүл Тишанқызы аудан тұрғындарын ҚР-ның Тұңғыш Президенді күнімен және жаңа алаңның ашылуымен құттықтады. Ал ауыл тұрғыны А.Исмагилов аудан басшылығына ауданда атқарылып жатқан игі істер үшін ауылдастары атынан алғыс айтты. Жобаның бас мердігері «РемСтройБыт» ЖШС басшысы М.Геюшев та шыңғырлаулықтарды мерекемен құттықтады.

Жаңа алаңға жобаның бас мердігері сыйға тартқан қылқан жапырақты ағаштар отырғызылды

Анар АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ,

Шыңғырлау ауданы 

zhaikpress.kz