04 Желтоқсан 2018
4

БҚО-дағы Құқық қорғау қызметтері орталығы бір жылда 1 500 адамды қабылдады

Осы кезеңде Орталыққа 1 500 адам келіп, оның ішінде 940 тұлғаны прокурорлар қабылдады, деп хабарлады БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

         Адвокаттың тегін қызметін 301 адам пайдаланса, медиатордан – 97, заңгерден – 68, сот орындаушысынан 30 тұлға кеңес алды.

         Орталық жұмысы «бір терезе» қағидасы арқылы халықтың қиын мәселелерін  шешуге бағытталған.

         Мысалы тамыз айында «Ашық есік күндері» ұйымдастырылып, оған 100 адам қатысты. Оларды негізінен жер, тұрғын-үй заңнамаларының бұзылуы және сот актілерінің орындалмауы мәселесімен келді.

         Бұл жерде азаматтар мемлекеттік органға немесе сотқа «E-gov» порталы арқылы арыз бере алады. Өтініш тексерілген соң, облыс прокуратурасының басшылығына қабылдауға жазылып, прокурор немесе басқа да мамандардан заңға байланысты кеңес алуға мүмкіндік бар.

         Азаматтарды қабылдау электронды кезек жүйесімен жүргізіледі.

         «Smart Uralsk» ғимаратында орналасқан орталық сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс жасайды.

zhaikpress.kz

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location