04 Желтоқсан 2018
4

Батысқазақстандық ұстаздар халықаралық байқаудың жүлдегерлері

Айта кетейік, байқауды ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Математика пәні мұғалімдерінің қауымдастығы» РББҰ ұйымдастырды. Оған облысымыздан әр пән бойынша 2 мұғалімнен 10 мұғалім қатысқан.

Ұстаздар додасында Орал қаласы №21 мектебінің информатика пәні мұғалімі Роберг Наталья жүлделі І орын, Ақсай қаласындағы №7 мектептің физика пәні мұғалімі Сандуғаш Кулекеш ІІ орынға ие болды. Облыстық дарынды балаларға арналған ІТ лицейдің математика пәні мұғалімі Самал Нигметуллина жүлделі ІІІ орыннан көрінсе, 4 ұстаз 4-ші орын иеленіп Алғыс хатпен марапатталды, деп хабарлады БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

zhaikpress.kz

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location