06 Желтоқсан 2018
4

Казталовта саз мектебі ашылды

Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Алтай Көлгінов келіп, аудан тұрғындарын құттықтады. Саз мектебінің лентасын мәдениет саласының ардагерлері Ғалымжан Нығметов пен Қорлан Ахметқалиева кесті.

Жаңа нысанды аралап көрген өңір басшысы Алтай Көлгінов ауыл ақсақалдарымен жүздесіп:

 -Елбасымыздың саясатының арқасында облыс бойынша ауқымды жобалар мен жұмыстар атқарылып жатыр. Солардың қатарында Қазталов ауданында да біршама істер атқарылғанына өздеріңіз куәсіз. Жаңадан мектеп салуды да жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ келесі жылы жоғары сапалы интернет желісін Қазталов ауданына да жеткізетін боламыз, - деді.

Айта кету керек, келесі жылы Казталов ауданының 13 елді-мекеніне газ тартылатын болады.

 

В Казталовке открылась музыкальная школа

 

В Казталовском районном центре открылась музыкальная школа. На строительство школы были выделены средства в размере 87 млн. тенге. В новой музыкальной школе, расчитанной на 24 ученика, имеются классы музыкальных инструментов, хореографический и концертный залы.

Аким области Алтай Кульгинов, присутствовавший в церемонии открытия музыкальной школы, поздравил казталовцев со столь знаменательным событием и пожелал творческих успехов.

Право разрезания ленточки было предоставлено ветеранам сферы культуры Галымжану Ныгметову и Корлан Ахметкалиевой.

  • Благодаря политике Президента в области проводится работа по развитию региона, в т.ч. и по Казталовскому району. Планируем начать строительство новой школы. В следующем году будет проведен интернет с высоким качеством, - отметил аким области.

Стоить отметить, что в следующем году 13 сельских населенных пунктов района будут обеспечены природным газом.

 

ФОТО: Темирболат Токмамбетов